Басты бет / Балалар әлемі / Сәбиге қажетті заттар / Жаңа туылған сәбиге керек жиһаздар

Жаңа туылған сәбиге керек жиһаздар

Отбасындағы сәбиіңіздің күтімі
Перзентханадан ана сәбиімен келер алдында ең алдымен, бөлмелерді мұқият тазарту қажет: жұмсақ жиһаздарды, матрас-көрпелерді қағып, кілемдерді шаңсорғышпен тазалап, терезе, перделерді жуу керек.
Балаға ең жарық жеке бір бөлме бөліп беріңіз. Бөлмені үнемі желдетіп тұрыңыз.

Жаңа туылған сәбиге қандай жиһаздар керек? Майлы бояумен сырланған темір немесе ағаш төсек гигиеналық-санитарлық талаптарға сай. Төсекті пешке, терезеге, батареяға жақын қоюға болмайды. Бесік-арба (коляска) төсекті алмастыра алмайды. Өйткені оның қабырғасы ауаны нашар өткізеді. Сонымен бірге, серуендеп қайтқанда ол міндетті түрде үйге шаң ала келеді. Үнемі бесік-арбада жатқан бала қайта-қайта тербеткенге әдеттеніп алады.
Жаңа туылған сәбиге керек жиһаздарЖаңа туылған сәбиге керек жиһаздар
Сәбиіңіздің матрасы оңай жуылатын маталармен қапталу керек. Мақта немесе мамыққа толтырылған матрастарды қолданудың қажеті жоқ, себебі оларды тазалау қиын, сәбидің денесін қатты ыстықтатады. Балаға 3 көрпе қажет: біреуі жеңіл, біреуі жылы, ал қыста серуендеуге шыққанда мақта көрпе. Жаңа туылған балаға жастықтың қажеті жоқ. Ол теп-тегіс төсекте жатуы тиіс.

Ішкиімдерде көп мөлшерде қажет. Ит-жейделер (распашонкалар; түймесіз, арты ашық көйлек) әдетте жұқа-жеңіл матадан тігіледі. Бұлар 8-12 дана болуға тиіс. Жеңі ұзын, жылы 4-6 кеудеше керек. Сәби бетін тырнап тастамас үшін жеңін тігіп қояды немесе қолына кишкентай жұқа қолғапшалар кигізеді.

Баланың жаялықтары мен басқа да киім-кешектерін таза ұстау керек. Лас жөргектерді еденге тастамаңыз, оларды арнаулы легенге жинаған дұрыс. Су жаялықтарды жумай кептіруге болмайды, міндетті түрде сабындап жуу қажет. Баланың күні бойы жиналып қалған кір киімдері мен жаялықтарын ыстық сумен жуады, бұл – микробтарды жою үшін.
Үтіктегенде бала киіміне арнайы бөлінген төсеніш пайдаланған жөн. Егер киімдері қатты кеуіп кетсе, оны арнайы су бүріккіш үтікпен дымқылдап үтіктеңіз.

Сәбиіңіздің жуылған және үтіктелген киімдері мен жаялықтары бөлек жерде (шкафтың жәшігінде, арнаулы сөмкелерде, себеттерде) сақталуы тиіс.
Жататын төсек орнын да күн сайын қағып, тазалап отырыңыз.

Бала күтіміне керекті заттар: шомылдыратын леген, бетін жуатын ыдыс, сабын салғыш, қайнаған суды құятын құмыра, 3 термометр (жуынатын суын, бөлме және дене қызуын өлшейтін), мақта салатын банка, клизма, дәрі тамызатын түтік, қыздырғыш (грелка), кішкене қайшы, бинт, т.б. Аналарға босанғанда сәбиі тіркелген емханада арнайы медициналық қорапшалар беріледі, бұл жабдықтардың кейбірі сол қорапшада бар.
Баланы шомылдыратын ыдыс бөлек болуы керек.

Бесік-арба таңдағанда да сән қуудың қажеті жоқ. Аласа болмағаны, қабырғасы мен үстіңгі жағы оңай жуылатын пластмасса немесе кленкалы болғаны жөн.

Баланың күнделікті туалетін таңертең алдымен өзіңіз жуынып, киініп, тамағыңызды ішіп, сәбиіңізді емізгеннен кейін жасағаныңыз жөн. Ол үшін баланы шешіндіріп, аударып, терісін, қолтығын, шаттары және т.б. қызарған жерлері бар-жоғын мұқият қараңыз. Бұл жерлердің бәріне зарарсыздандырылған өсімдік майын жаққан жөн. Әдетте мойын қыртыстарына да май жағып қояды. Беті-қолын қайнаған сумен жуады. Көзін қайнаған суға салып алған дымқыл мақтамен мұрнының үстіне дейін түгел сүрту керек. Екі көздің әрқайсысына жеке мақта қолданыңыз.
Мұрынның ішін вазелин майына не қайнаған суға малынған ширатылған мақтамен (тек сіріңке, қатты затпен емес) тазалайды. Құлағын да ширатылған мақтамен тазартады.

Баланың аузын ысқылап жууға болмайды. Егер сіз сәбиіңіздің ұртындағы, ерніндегі сілекейлі қабықтан не тілінен ағарған өңез (уылу) байқасаңыз, дереу дәрігерге көрсетіңіз.

Бөлменің тазалығын сақтаңыз. Міндетті түрде күнде дымқыл шүберекпен сүртіп отырыңыз. Бөлмеге күн сәулесі түсіп тұрсын, күндіз терезе перделерін жаппаңыз.

Жас нәресте жатқан бөлмеде темекі тартуға, кір жууға, тамақ әзірлеуге болмайды.

Сіз жұмыста жүрсеңіз, сәбиіңізді туыстарыңызға қалдырып кеткен жағдайда олардың денсаулықтары қандай екенін, бала күтуден хабарларының бар-жоқтығын біліп алыңыз. Ал емшек сүтіңізді бір не екі рет тамақтандыратындай етіп сауып, қалдырып кетіңіз. Емшек сүтін қайнатылған ыдысқа сауып, тоңазытқышқа қояды. Сүтті ішкізер алдында ыдысымен жылы суға қойып, сәл жылытып алады.

фото: matrasnazakaz.kiev.ua
Омарова Нұрбану

Қызықты мақалалар

Балаға аяқкиім таңдау, аяқ киімнің суреті, Аяқкиімнің суреті, Балалар аяқкиімі

Балаға аяқкиім таңдау

Баланың аяғы ана құрсағында жатқанда алтыншы айда-ақ жетіле бастайды. Ал, 20 жасқа жеткенде қалыптасу процесі …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика