Басты бет / Балалар әлемі / Бала тәрбиесі / 6 айдан 9 айға дейінгі балаларды тәрбиелеу

6 айдан 9 айға дейінгі балаларды тәрбиелеу

Бұл уақыттық кезең ата-аналар алдына жаңа міндеттер қояды. Оларға күндіз 3 рет ұйықтататын күн тәртібін ұйымдастыру, сөзді ұғынуын жетілдіру, бірте-бірте сәбимен арадағы қарым-қатынасты қалыптастыру, заттармен ойнауын одан әрі жетілдіру және еңбектеуге дайындығы өздігінен жүрудің алғашқы баспалдағы жатады.

Нәресте 7 айлығынан ересек адамдардың сөзін түсіне бастайды; «қайда?» деп өзіне таныс белгілі бір жерде тұрған заттың атын атаса, оны көзімен іздеп немесе қолымен көрсете алады. 9 айлык бала «қайда?» десеңіз болды, өзіне таныс бірнеше затты қай жерде тұрса да көзімен іздеп, тауып береді.

Бұл кезден бастап бала басқа да: «отыр», «жат», «қолыңды шапалақта» деген өтініштерді де орындай бастайды. Енді бұдан былай алғашқы ойындар ұйымдастыруға («қол шапалақтау», «қуып жетем-қуып жетем», «жасырынбақ»), жекелеген дыбыстардан буындарды айтуды үйретіп, бірте-бірте баланың тілін дамытуға болады. Алғашында бала айта бастаған буындарды қайталатуға болады. 9 айға аяқ басқанда жаңа дыбыстарды үйретеді. Бала былдырлаған «тілімен» өзіне назар аудартуға тырысады – бұл сәбидің сөз арқылы ересектермен алғаш қарым-қатынас жасауға тырысуының бастамасы.

Бұл кезеңде баланың ойыншықтармен ойнау әрекеттерін әртүрлі ойындар арқылы жетілдіру (доппен, шармен, домалатып, лақтырып, алып-салып ойнау, т.б.) керек. Ойын балаға қуаныш әкеледі. Олардың қозғалысын дамытуға көмектеседі. 5-7 айлығында бала барлық ойыншықтармен ойнай береді: бір қолынан екінші қолына ауыстырып салады, ұстап алып лақтырады, т.б. 8 айлығына таман бала әдетте ойыншықтарды тек тарсылдатып ұрып ойнайды. Ал 9 айлығында олардың ойыншықтармен ойнау әрекеті алуан түрлі бола бастайды. Белгілі бір нәтижеге жетуге талпынады. Бұл жастағы бала жылағанда қолына ойыншық ұстатса, оңай жұбанады.

Сәби бар ынтасымен еңбектейді. Мұның өзі сәбидің бүкіл бұлшықеттерін шынықтырып, қозғалысын үйлестіруді жетілдіреді. Еңбектеп жүрген бала өз бетімен отыруға тез үйренеді. 9 айлық кезінде сәби өз бетімен тұруға әрекеттенсе, барған сайын сенімді түрде қаз тұруға, бір қолымен сүйеніп тұруға үйренеді. Келесі кезеңде бала манежді, төсекті айналып ұстап жүре бастайды, сөйтіп, бірте-бірте алға қарай басу өнерін игереді.

3–5 айлық балаларды тәрбиелеу

9 айдан 1 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу

Қызықты мақалалар

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

«Бала — балым, баламның баласы — жаным» деп есептейтін еді біздің бабаларымыз. Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика