Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

25 Июль, 2011 Жүктілік 3 пікір » moymir.png 14 334 рет қаралды

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Мүшеқап (презерватив)
Тиімділігі: жүктіліктен сақтануда 100 пайыз кепілдік бере алады. Еркектің ұрығын жатырға жібермей, ұстап қалатындықтан, жүктілік те болмайды. Оған қоса, әлемде кең тараған СПИД, ВИЧ ауруларынан тиімді қорғаныс.

1vopros.ru, Мүшеқап, Жүктіліктен сақтану

фото: 1vopros.ru

Кемшілігі: Қолданар алдында оның сапалылығына мән беріңіз. Жыртылған немесе бұрын пайдаланылған мүшеқаптарды мүлде қолданбаңыз. Сапалы дегендерінің өзі температураның ауысуына шыдас бермейді. Сондықтан, оны қалыпты температурада тұрған бөлмеде сақтау қажет.
Қолданылу тәсілі: Ер адам төсек қатынасы барысында тек қозғаннан кейін ғана қолданады. Оны жыныс мүшесіне кигізердің алдында ұшында ауасы сығылған бос кеңістік қалу керек.

Спермицидті құралдар. Бұған түрлі таблеткалар, крем, мазь, свеча түрінде шығарылатын құралдарды жатқызады.
Тиімділігі: Жатырға енген еркектің шәукетінің белсенділігін жояды. Сондықтан, ұрықтану процесі жүрмейді. Оған қоса, жыныс мүшелері арқылы берілетін түрлі аурулардың да алдын алатын қасиеті бар. Өйткені, жатырға енген түрлі вирустарды жойып жібере алады. Тұрақсыз жыныстық қатынаста өмір сүретін әйел баласына қолайлы.
Кемшілігі: Әрбір жақындасудан кейін біреуін салып отыру керек. Кей жағдайда аллергиялық белгілер байқалуы мүмкін.
Қолданылуы: Жыныстық жақындасудан бұрын салынады. 1 сағаттан 24 сағатқа дейін (құрамына байланысты) күшін сақтай алады. Спермицид жатырға енген соң төсектен тұруға болмайды.

Спираль. Кең тараған тиімді тәсіл. Оның қарапайым пластиктен, күмістен және мыстан құйылған түрлері кездеседі. Формасы да алуан түрлі.
aclinicmed.ru, Спираль фото, Спираль, Жүктіліктен сақтану, Контрацкация
фото: aclinicmed.ru, do100verno.com

Тиімділігі: Жүктіліктен ұзақ мерзімге сақтануға болады. Шығарылу тәсіліне қарай 1 жылдан 5 жылға дейін жатыр ішінде тұра береді. Дәрігерлер 98 пайыз сақтайтындығына кепіл береді. Ағзаның зат алмасу процесіне әсер етпейтіндіктен сырқат (қант диабеті, жүрек ауруларына ұшыраған) әйелдерге де қолдана беруге болады.
Кемшілігі: Алғашқы айларда етеккір аса көп көлемде келуі мүмкін. Құрамы әр түрлі болатындықтан кері әсерін тигізетін кездері болады. Сондықтан, гинеколог – дәрігер спиральді жатырға енгізер алдында нұсқауымен мұқият танысып шығу керек. Жатыр іші құралдарын қолданғаннан кейін түрлі жыныстық аурулар қозуы мүмкін. Жатырдан тыс жүктіліктің қауіптілігі 20 пайызға дейін артады.
Қолданылуы: Жатыр іші құралдарын тек дәрігер медициналық мекемелерде салады. Сондай-ақ, әйелге қолдану-қолданбауын дәрігер шешеді. Өйткені, әйел кем дегенде бір бала туған (бала тумаған әйелдердің жатыры тым кішкентай болғандықтан, спиральді салуға болмайды), жыныстық аурулары байқалмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Гормоналды құралдар
Тиімділігі: Жүктіліктен сақтану мақсатында ғана емес, ағзадағы түрлі гормоналды ауытқушылықтарды ретке келтіру үшін қолдануға болады. Етеккірдің жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мамандар бұл дәрілердің жатыр мен сүт бездерін рак ауруынан сақтайтындығын айтып жүр.
Кемшілігі: Семіруден, жүрек, қан-тамыр ауруларынан зардап шегетіндер, темекі тартатындар, сондай-ақ қант диабетімен ауырғандарға пайдалануға болмайды. Өйткені, оның құрамында қанды қоюландыратын заттар бар. Үздіксіз пайдаланғандықтан бауырға салмақ салады. Бауырында кінәраты барларға да қолдануға болмайды. Сондай-ақ, ең қиыны – гормоналды құралдар белгілі бір уақытта, тұрақты түрде қолданылатындықтан, уақытын өткізіп алуға болмайды. Әйелдер арасында бұл құралдарды қолдану барысында салмақ қосатындығы туралы айтылады. Бұл дәрілер адамның тәбетін ашатындықтан, асты әдеттегіден көбірек тұтына бастауыңыз мүмкін. Бұл өз кезегінде артық салмаққа алып баратыны жасырын емес.
Қолдану тәсілі: Таблеткалар күнделікті ішуге арналған. Ал, инъекциялы құралдар егу арқылы жүзеге асырылады.

Контрацепцияның түрін таңдау сізге ғана байланысты екендігін жадыңыздан шығармаңыз. Дәрігердің кеңесі міндетті түрде қажет. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Жасанды түсікке жеткізбей, сақтанудың түрлі амалдары бар екендігіне көз жеткіздіңіз деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

Ұқсас материалдар

3 пікір

  1. Асем 02/02/2015 at 10:05 - Reply

    Спералды салдырганда аурама

  2. Айгерим 09/06/2015 at 14:28 - Reply

    Salemetsizbe!Menin jasim 23te 2 balam bar jakinda spiral saldirdim ariktap kettim onin sebebi nede kaita aldiruim kerekpa spiraldi

  3. Жадра 18/06/2015 at 18:38 - Reply

    Салеметсизбе? Меним сурагым озим 26дамын жжолдасым 35те уйленгенимизге 1жарым жыл болды. Турмис Курип-бир аидансон жукти болдым 7-айлык етип егиз ул босандым. Алты аидан сон тагы котерип коидым бирак таблеткамен тусик жасадым, сурагым Жакында спираль салдырдым Бул жагдаида мен толип кетпеиминбе? Жаккан жакпаганын калаи билемин казир тек Белим ауырады

Пікір жазу

Сіздің электронды поштаңыз басқаларға көрінбейді. *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
© 2011-2015 anamenbala.kz - «Ана мен бала KZ - amb.kz» сайты. Сайттағы материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз БАҚ-та және басқа сайттарда пайдалануға (көшіріп жариялауға) болмайды. Авторлық құқықтары қорғалған.