Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Дені сау баланы өмірге әкелемін десеңіз…

Дені сау баланы өмірге әкелемін десеңіз…

Әйел-баласы жүктілік кезеңінің жақсы өтіп, дені сау сәбидің өмірге келуі, ең алдымен отбасы берекесіне байланысты көрінеді. Шаңырақтағы келеңсіздіктер, ұрыс-керіс салдары іштегі нәрестенің психологиясына әсер етпей қоймайды екен. Ол үшін әйел баласының аяғы ауыр кезеңде отбасы мүшелері оған түсіністік танытуы қажет. Көңіліне келетін сөздерді айтпауға, орынсыз ренжітпеуге, тәбеті тартқан тағамының жеуіне жағдай жасауы тиіс. Сондай-ақ, болашақ ана да барынша сабырлы болуға, жиі күйзеліске ұшырамаудың алдын алып отыруы шартты нәрсе. Мәселен, жолдасына бейберекет ұрыспай, кез келген мәселені ақылдаса отырып шешуге дағдылану деген сияқты. Енесімен анасындай, дос құрбысындай сырласып, өзінің басындағы барлық жағдайды түсіндіріп отырса, келеңсіздіктердің орын алмайтынына сенімдімін. Дәрумені көп тағамдарды көп қолдану арқылы да балаңызға көп күш-қуат сіңіре аласыз. Мысалы сіздің жерігіңіз, яғни жүктілік кезеңде ит жеріктік ауыруымен ауыратын болсаңыз, құсып, ешқандай асқа тәбетіңіз болмаса, өзіңіз үшін емес, балам үшін деген қағиданы қатаң ұстанып, өзіңізді тамақтануға мәжбүрлеңіз. Аракідік күнделікті күйбең тірліктің арасында бір-екі сағат демалып, ұйықтауға да уақыт табыңыз. Себебі, жүйке жүйеңіздің қалыптылығы сіздің болашақ балаңыздың да жүйке жүйесіне әсері мол болады. Күні ертең балаңыз жарық дүниеге келгенде, күн санап өсе келе оның ашуланшақ, қызғаншақ, мазасыз болуы тікелей осыған байланысты. Осы жайттың алдын алу мақсатында осы кеңестерге құлақ асқандарыңызды қалаймын!

Дені сау, ақылды да зерек сәбидің анасы болғыңыз келетіні айдан анық. Сол себепті, аяғыңыздың ауыр кезінде әдеби кітаптарды көп оқып, газет-журналдардан тағылымы мол дүниелерді оқуға әуестеніңіз. Дін тақырыбындағы кітаптарды оқысаңыз да балаңыздың иманды, ибалы болып өсуіне кепілдік бар. Парқы да, бес тиындық құны да жоқ телесериалдар көруден гөрі, тарих жөнінде, табиғат жөніндегі деректі фильмдер қараңыз. Тәтті, дәмді ас әзірлеуді әдетке айналдырыңыз. Өз қолыңызбен дайындалған ас мәзірін сүйсіне отырып жесеңіз, одан асқан бал татыған астың жоқ екекніне көзіңіз жетеді. Бұл дегеніңіз сіздің балаңыздың бойында еңбекқорлық қасиетін оятуы мүмкін, Болашақ өмірінде адал астан ауыз тиіп, адал іске жақын болатыны сондықтан. Ал егер сіз дайын асқа тік қасық болып, базар мен дүкен сөрелеріндегі астарға құмартсаңыз, оның үстіне, құнарсыз астарға құмартсаңыз, балаңыз жалқау, енжар, селқос болып өсуі әбден мүмкін. Сондықтан да өзіңіздің аяғыңыздың ауырлағанын сезінген күннен бастап, өзіңізді тәрбиелеуге барынша тырысыңыз! Сондай-ақ, әйел баласының ішімдік, темекі деген жаман қасиеттерден аулақ болғаны да жөн. Біздің мамандығымызға тек ақ халаттылар ғана емес, өз өмірімізге өзіміз жауапты болғанымыз абзал. Ана болуға дайындық баспалдағы осындай жағымсыз әдеттен аулақ болудан басталу қажет.

Барлығыңызға да дені сау, сұлу да сымбатты, ақылды да зерек бала бұйырсын!

Қымбат Нұрманалиева

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика