Тісі саудың жаны сау

Балалардағы тіс жегісі

Тіске қандай тамақ зиянды? Бұл жөнінде мамандардың пікірі де әрқалай. Біреулер көмірсулы тағам (крахмал, қант, кәмпит, кондитерлік және ұннан жасалған тағамдар) тісті жиі бұзады деп есептейді. Екінші біреулер қандай тамақ болса да өздігінен тіске зиян келтірмейді, тек тіс арасына тұрып қалып шіритін тамақ қалдықтары ғана зиянды деп санайды. Сондықтан біреулер балаға тәтті тағам беруге болмайды десе, екіншілері тәтті тағамға рұқсат етеді, бірақ тәтті ас ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде мұқият шайып, тісті тазарту керек деген талап қояды. Бұл жағынан алғанда, шамасы, екінші ұсынысты неғұрлым тиімді деп санауға болады. Шындығында, балаға тәтті тамақ жегізбеу қиын іс қой.

Сүт тістеріне салақ қарау тұрақты тістердің бұзылуына әкеп соқтырады. Сондықтан сүт тістері жарып шығысымен-ақ баланы емізгеннен кейін бір жұтым қайнаған су ішкізіп отыру керек. Тамақ ішіп болысымен, оны аузын шайып отыруға үйрету қажет. Үш жасынан бастап балаға тіс щеткасын сыйлап, таңертең немесе кешке ұйықтар алдында тістерін тазалауға үйретіңіз.

Тісті дұрыс тазалау
startsmile.ru

Тістерді былай тазарту керек: Алдымен жылылығы бөлме температурасымен бірдей сумен ауызды мұқият шаяды. Бұдан кейін щеткаға дымқылдап алып, балалардың тіс тазартатын ұнтағын немесе пастасын жағады, тістердің астын да, үстін де бірдей тазарту қажет. Тістерді щеткамен жоғары-төмен ысқылап тазалайды. Сонан соң ауызды ашып тұрып олардың тамақ шайнайтын үстерін тазартады. Тазалап болған соң ұнтақтың немесе пастаның қалдығы қалмас үшін сумен (бірнеше рет) мұқият шаю керек.

Тісті тазалаған кезде қызыл иектің қанағанынан баланың қорықпағаны жөн.

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларды да, мектеп оқушыларын да тістерін тазартқаннан кейін қызыл иектеріне массаж жасауға үйрету керек. Сабындап жуған саусағымен үстіңгі иегін жоғарыдан төмен қарай, ал астыңғы иегін төменнен жоғары қарай бір-екі минут ысқылайды. Саусақпен массаж жасаған кезде жақ сүйекке аздап күш түсірген жөн.

Иектерге массаж жасау тіске өте пайдалы. Сондықтан да: «Тістің еті сау болса, тістің өзі де сау болады» деп бекер айтылмаған.

Алайда, тістерді тазарту мен олардың қызыл иек еттеріне массаж жасау тістердің дұрыс орналаспауы мен иектің формасын өзгертуін жоя алмайды. Ол кемістіктерді тек арнаулы аппараттардың көмегімен ғана түзетуге болады. Бұларды дәрігер стоматолог-ортодонт әрбір баланың бет-әлпетін және жақ сүйектері мен тістерінің формасы өзгеруін ескере отырып, іріктеп алады. Бұларға қоса, жақ еттері үшін арнайы гимнастика белгілейді.

Ата-аналардың міндеті — дәрігерге баланы дер кезінде көрсетіп, оның кеңестерін мұқият орындаған жағдайда жақ сүйектің формасының күшті өзгеруін де және қисық орналасқан тістерді де түзетуге мүмкіндік болады.

Мұрынмен дем алуды қиындататын ауруларды емдеп жоюдың және жаман әдеттерге жол бермеудің де маңызы өте зор.

Тістерге мектептерде үнемі санация жасалып тұратынын есте ұстаңыздар, сондықтан сіздердің мектеп дәрігерімен және мектеп стоматологымен байланыстарыңыз тұрақты болуы тиіс.

Сонымен, ата-аналар балаларының тістері сау да көрікті болуына және олар өздерінің көңілді эмоцияларын жарқын да күміс күлкімен білдіруіне қолдан келгеннің бәрін істей алады.

Ұқсас мақалалар

Балаңыздың тісі ауырса…

Балам жиі ауырады. Неге?

Жүкті әйелдің тіс күтімі

Қызықты мақалалар

Ангина, тонзиллит

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. …

бір пікір

  1. гулнур

    салеметсизбе.егер бала тисин емдетерде не болмаса жулдыруда аузын ашпаса калай жумыс жасайды?

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика