Басты бет / Балалар әлемі / Бала денсаулығы / Дәріні дұрыс пайдалануды білесіз бе?

Дәріні дұрыс пайдалануды білесіз бе?

Дәрі-дәрмекті пайдалану, Дәрі-дәрмек, таблеткаларДәрі-дәрмектер, дәрілер, таблеткалар, капсулалар

фото: josyannabisaab.com, searo.who.int

Қазіргі кезде көптеген ауру түрлерін емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің алуан түрлері кездеседі. Сол дәрілерді орынсыз сатып ала бермей, тек қажет уақытында ғана керегін алған дұрыс. Оның үстіне, қала тұрғындарына артық дәрі сатып алудың қажеті де жоқ. Біріншіден, ол дәрі үйде көп тұрған соң күшін жоғалта бастайды, екіншіден, кейде үйдегі дәрі балалардың қолына түсіп, улануы сияқты өкінішті жағдайларға да соқтыруы ықтимал.
Кейбір ата-аналар балаларына тұмау тисе де, іші өтсе де, дәрігерге қаралып жатпай-ақ, өз бетінше жөн-жосықсыз ем жасап, дәрі ішкізетіндері де кездеседі. «Менің балама мына дәрі өте жақсы көмектесіп еді, сенің балаңа да көмектеседі» деп, дәрі әкеліп беретін таныстар мен көршілер де табылып жатады. Мұндай емделу тек зиян екенін естен шығармағаныңыз жөн!

Әрбір дәрінің пайдасымен қатар зияны да көп. Сондықтан дәріні ретінмен пайдаланған дұрыс. Жылдам әсер ететін дәрілерді тамақтанар алдында ішкен жақсы. Кейбір дәрілер асқазанның кілегей бетін жаралайды. Сондықтан ондай дәрілерді ашқарынға ішуге болмайды. Ол дәрілер: аспирин мен темір қоспалары.

Әрине, астан кейін ішілген дәрінің әсері азаяды. Ол ішек-қарынның кілегей қабықтарын жарақаттамайды.
Кейбір дәрілердің сыртында қабықшасы бар болады. Ол қабықша ішкеннен кейін ащы ішекте ериді де, асқазан қабығын жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан ондай дәріні ұнтақтап, шайнап ішуге болмайды! Мәселен, никотин қышқылын ашқарынға ішкенде адамды қызартып, қан қысымы кернегендей әсер береді. Ал бұл дәріні астан кейін ішкенде ондай құбылыс байқалмайды. Пенициллин, инсулин сияқты дәрілер асқазан сөлінен бұзылады да, өзінің дәрілік қасиетін жояды. Сондықтан мұндай дәрілер ішуге берілмейді.
Дәрігерлер кейбір дәріні ұнтақтап, сумен қабылдауға кеңес береді. Өйткені бұл оның ағзаға жақсы сіңуіне көмектеседі. Кейде дәріні сүтпен не повидламен қосып ішуді ұсынады. Мұның да дәрінің асқазан кілегейін жараламауына септігі бар.

Қорыта келгенде, дәріні ішкен кезде дәрігер жазып берген кеңесті бұлжытпай орындаңыз. Себебі кейбір дәрінің өзіндік ерекшелігі бар. Ал ол ерекшелікті тек дәрігер ғана біледі.

Қызықты мақалалар

Ангина, тонзиллит

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. …

2 комментария

  1. Баглан

    Кайырлы күн кымбатты мақала авторлары! Сіздердің макалаларыңызды акыл, кеңес ретіінде жеке басыма, жанұямнын қамқорлығы үшин пайдалансам бола ма? Алдын ала үлкен рахмет!!!

    • Қайырлы күн! Әрине, болады. Тек коммерициялық және баспа өнімдерін шығаруға рұқсатсыз пайдалануға болмайды. Қалған жағдайларда қалауыңызша пайдалана бересіз.

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика