Басты бет / Балалар әлемі / Сәбиге қажетті заттар / Сәбидің бөлмесіне қажетті жиһаздар

Сәбидің бөлмесіне қажетті жиһаздар

Әр баланың жеке кеңістігі болу керек. Бұл жерде ол өмір сүреді, өсіп-дамиды, әлеммен танысады, дербестікке үйренеді, ойнайды, қуанады-мұңаяды, достарымен әңгімелеседі. Сәбиіңіздің алғашқы күнінен оның бөлмесі есейген кезінде сағына еске алатын балалық шақтағы ертегіге ұқсас болуы керек.

Балаңыздың бөлмесінде не болу қажет?

Бала төсегі. Бұнда сәбиіңіздің көп уақыты өтеді, сондықтан ол оған жайлы, ал ата-анасына ыңғайлы (себебі ата-анасы бірнеше рет баласын алып, ұйқыға жатқызып жатады), қауіпсіз және әдемі болуы тиіс. Өйткені баланың өскен, қоршаған ортасына байланысты оның болашаққа көзқарасы, сұлулыққа талғамы, даму қарқыны және келешекті жоспарлау қиялы дамып қалыптасады. Психолог мамандардың зерттеуінше, жайлы, жарық, ашық және үйлесімді ортада өскен бала жақсы дамиды.

Бесік. Ертеде жаңа туған нәрестені бесікке бөлеп тәрбиелеген. Бұлай өскен бала таза болады, әртүрлі жын-шайтандардан аулақ болады деп сенген. Анасы бесікті тербете отырып, «Бесік жырын» әндетіп, алғашқы күннен-ақ сәбиінің бойына отансүйгіштік, адамгершілік қасиетті дарытқан. Әр қазақтың үйінде сәбиге арналған бесік болуы тиіс.
Балаларға арналған комод, Балалар киімін салуға арналған шкафБесік, Бесіктің суреті, Бесіктің фотосы, Бесик фото, Бесіктің бейнесі
фотолар: albinos.com.ua, alashainasy.kz

Комод (киім-кешек салуға арналған тартпалы аласа шкаф). Кішкентай қошақаныңыздың киімдері өте көп болады. Сондықтан оларды шаң-тозаңнан аулақ ұстау үшін жинастыратын орын қажет. Бөлменің бір бұрышына шағын ғана комодты ыңғайлы етіп орналастырып қойған жақсы.
Еркін ойнай алатын кеңістігі. Сәбиіңіз күндеп емес, сағат сайын өсіп дамиды. Сол себепті ол бір орында отыра алмайды, айналасымен түгел танысып шыққанша бірдеңені ұстап, бұзып, сындырып, оны қайтадан құрастырып, еркін ойнай алатын қауіпсіз аймақ керек.

Анасының да өзін ыңғайлы сезіну үшін сәбиін емізуге арналған жайлы кресло керек. Ол бала бөлмесінде орналасқаны дұрыс.

Сәбиіңіздің барлық жиһаздары бала денсаулығына қауіпсіз, талапқа сай болуы тиіс. Ең жақсысы – экологиялық таза ағаштан жасалғаны. Бояудың құрамында қорғасын болмауы тиіс, ол түрлі қауіпті аурулардың тууына себеп болады. Бұрыштары үшкір болмасын, себебі балаңыз алғашқы қадамын жасай бастағанда бір жерін жарақаттап алуы мүмкін.

Балаңыздың бөлмесіне жарық молынан түсуі керек. Сонымен қоса, қабырғаларының түсі ашық, ақ түсті болғаны жақсы.

Қызықты мақалалар

Балаға аяқкиім таңдау, аяқ киімнің суреті, Аяқкиімнің суреті, Балалар аяқкиімі

Балаға аяқкиім таңдау

Баланың аяғы ана құрсағында жатқанда алтыншы айда-ақ жетіле бастайды. Ал, 20 жасқа жеткенде қалыптасу процесі …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика