Басты бет / Жүктілік & босану / Бедеулік / Бедеулік және оның себептері

Бедеулік және оның себептері

Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болады. Бала тууға қәбілетті жастағы әйелдердің сәби сүйе алмауын «бедеулік» деп атайды. Бедеуліктің себептері мен диагностикасы және одан құтылудың жолдары туралы қысқаша осы мақаламызда әңгімелейтін боламыз.

Бедеулік деген не?

Бедеуліктің анықтамасын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы былай деп берген: «Тұрақты түрде жыныстық қатынаста болған әйелдің бір жыл ішінде жүкті бола алмауы».

Әдетте тұрақты түрде жүкті болып қалудан сақтанусыз жыныстық қатынаста болатын жұбайлардыр балалы болу ықтималдылықтары 25-30 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз денсаулығында ақауы жоқ, басқа да себептері жоқ жұбайлардың бір жылдың ішінде жүкті болулары қалыпты жағдай дегенді білдіреді.

Бедеулік неден пайда болады?

Бедеулік жағдайларының 30-40 пайызында әйелдің жатыр түтікшесі болмайды немесе дұрыс жұмыс жасамайды (ұрықты өткізбейді); 30 пайызында фолликулдердің жетілмеуі мен овуляция процесінің дұрыс жүрмеуі; 30 пайызында еркектен бөлінетін сперматозоидтардың аз болуы немесе сапасыз болуна байланысты болса, бедеулік жағдайларының қалған 10 пайызы басқа да түрлі себептерге байланысты болады екен.

Бедеулік мәңгі емес

Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмірбойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмау керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен арылу ұзақтығы әр әйелде әрқалай болады. Оның бекітілген мерзімі мен берілетін 100 пайыздық кепілдігі жоқ.

Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары: үміт және сабыр. Бұл екеуінен кейінгілеріне білікті маманның кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.

Бедеулікті анықтау (диагностика)

Бедеуліктен құтылудың ықтималдылығын арттыратын жағдайлардың бірі — ауруды ерте анықтау. Ерте анықталған бедеулікті емдеу де ерте басталады. Бедеулікті анықтау мен емдеу процесіне әйелдің жолдасының да қатысуы маңызды. Өйткені бедеулік тек жүкті бола алмай жүрген әйелдің мәселесі емес, отбасының, әулеттің мәселесі.

Қазіргі таңда медицинада бедеулікті анықтау барысында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:

  • жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабылетін тексеру;
  • әйел мен еркек қандарындағы гормондарды тексеру;
  • Спермограмма – шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру;
  • ультра-дыбыстық зерттеу арқылы жатыр мен аналық жыныс безінің жағдайын (күйін) тексеру;
  • несеп-жыныс жүйесінде инфекциялардың бар-жоқтығын анықтау;
  • Гистероскопия – жатыр қуысын тексеру;
  • Лапароскопия – құрсақ қуысы мен таз аймағындағы мүшелерді тексеру;

Бедеулікті емдеудің әдіс-тәсілдері

Репродуктивті медицина саласында жасалған тың  зерттеулердің нәтижесінде бедеулікті емдеудің түрліше әдіс-тәсілдері пайда болды. Емдеудің жолдары мен түрлері көп. Олардың әрқайсысы бедеулікке ұшыраған әйелдің не себептен бедеу болғанына (бедеуліктің себебіне) байланысты қолданылады. Емдеу әдісін бедеу әйелдің өзі немесе басқа бір танысының кеңесімен таңдай салуына болмайды. Арнайы дәрігерлердің тексеруінен өтпей ешкім өзінің бедеулігінің себебі мен бедеулік деңгейін біле алмайды.

Әйелдің бедеулікке ұшырау себебі мен денсаулық жағдайын білген дәрігер сай келетін емдеу әдістерін ұсынады немесе өзі ең тиімді дегенін таңдап береді.

Қазіргі таңда бедеуліктен құтылудың мынадай амалдары бар: гормональді терапия; шұғыл терапия, жасанды инсеминация, гистероскопия, лапороскопия, экстракорпоралдық ұрықтандыру.

Жасанды жолмен ұрықтандыру әдістері жайлы толығырақ

Ұқсас мақалалар

Жүктілікті жоспарлау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Қызықты мақалалар

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс …

24 комментария

  1. тамара

    менің жасым 38-де, бала сүю бақыты бұйырмай тұр. Тексерілгенімде антимюллеровский гормон-0,3, жол тек ЭКО-ға деген. Бірақ осыдан 2-ай бұрын көтерген едім, 6 апта 5 күн болғанда дамымай қалған /замерший беременность/. Менің білгім келгені қалай ойлайсыздар тағыда өзім бала көтере аламын ба, үміттенуіме болама, әлде уақыт кетірмей эко-ға барғаным дұрыспа? Менікіне ұқсас жағдайдағы адамдардың әңгімесін естігім келеді.

  2. Көрпеш

    Саламатсыздарма ! Менің жасым 33-те . Тұрмысқа шыққаныма 8 жылға жақындады. Бірақ әлі балалы бола алмай жүрмін. овуляция жөнінде сұрайын деп едім. Маған дәрігерлер етеккір келген күннен бастап овуляция 10, 13, 17 күнде басталуы керек деген. Мен соны анықтау мақсатында овулацияға арналған тест алып тексеріп қарадым сонда менде 10, 17 күн дегенде ешқандай положительный шықпайды тек 13 күн дегенде положительный болады. Сонда тек сол күні ғана бала көтеруге мүмкіндігім бар ма ? Сосын осы овуляция тек сол күні ғана болама ? Әлде 2-3 күнге созылама .Осы туралы сіздерден көмек сұрайын деп едім

    • Жаңылсын

      Саламатсыз ба. Менің жасым 29-да, ұлым 7-ге толады. Жолдасым вахталық әдіспен 16күн дегенде жұмыстан үйге оралады, үйде болған 10- 14 күннің тек 7-8 күнін, кейде тек 5 күнінде ғана қатынаста боламыз. алғашқы күндері белсенділігі жоғары болғанмен 2-3 күннен соң құштарлығы басылады. Оны жұмысының ауырлығы деп ойлаймын. Менің тұрақты төсек қатынасында болмауым бала көтеруге кері әсерін тигізе ме, мүлде сақтанбаймын, әлі көтерген жоқпын. Алдан ала рахмет.

      • "Ана мен бала" сайты

        Сәлем! «Жүкті болу үшін күнде жақындасу керек» деген түсініктен арылыңыз. Керсінше, күн сайын жақындасу еркектің төсектегі белсенділін төмендетеді. Мамандар тиімді жиілік ретінде үш күндік уақытты ұсынады.
        Жүкті болуы үшін тұрақты түрде жыныстық қатынаста болудың пайда болуы да, болмауы да мүмкін. Жүкті болуға көмегін тигізетін амалдар туралы мына мақаладан оқысаңыз болады http://anamenbala.kz/?p=2932

  3. Жаңылсын

    Сіздермен тұрақты байланыс орнатуға бола ма? Өзім де жолдасым да көп балалы отбасынанбыз, әлі күнге дейін тек 1 балалы болуым жаныма қатты батады. Көңілімде жүрген сұрақтарға жауап алайын деп едім.

  4. Салеметсіздерме! Мен, тұрмысқа шыгып көтере алмай жүрмін, дәрігерлер гармондарын дурыс истемейді дейді, горманоналный дәрилер ишем толып бара жатырмын, оны ишпей емдесе болама, ол дарилер денсаулыққа қандай зияны бар? шөптерден жасалған дәрилермен емдесе болама?

  5. айка барі бір алланның қолында;менде гормональный дарі ішем
    толмаймын сен қандай ішесін?

  6. айсулу

    Салеметсіздерме. Мен тұрмысқа шықтым бала котердім бирак дамымай калып тусік тастадым . енді бала котеруге мумкіндігім болама кейбир адамдар айтады бир рет бала туссе кутінбесе келесі котергенде де тусік тастауын мумкін дейді . мен катты коркам казакы ем дом жокпа менін емделгім келеді алдын ала рахмет комектесініздерші.

  7. зульфия

    Биздин уйленгенимизге 9жыл болды баламыз жок бармаган даригеримиз, бармаган емшимиз калмады, комектесе аласызба, кандай жол мен емделип бала котериуге болады

  8. зульфия

    Салеметсизбе! Жасым 32де турмыска 23жасымда шыктым даригерге каралсам емделесен котересин дейди бирак емделем бала болмай жатыр,енди мен кайда барсам, кимге коринсем болады, отинем маган комектесиниздерши алматы каласынан хабарласып отырмын, алдын ала рахмет сиздерге.

  9. Салем достар.менде де сондай жагдай турмыска шыкканыма 2 жыл болды.али котермедим.ар кун откен сайын баласыз екеним жаныма катты батады.даригерге де бардым олар жаксы дейди.емшиге барганымда тил коз бар дейди.енди не истеу кажет.кимге сенетинимдиде билмей калдым.жаксы даригерлериниз болса номерин осы сайтка жазыныздар.

  10. молдир

    Assalyamu aleikum. Men kazir tekserdim. Bir syzyk wykty. birak kokiregimde bez wygyp, konlim ainyp jur.. men senimdi edim. Magan kop bolgan jok kuyeuge wykkanyma 3 ay boldy. Test otirik bolama ili duryspa…

  11. Молдир

    Саламатсыздарма? Менин жасым 29да уйленгениме 8 жыл болды бирак али бала котере алмадым бойдак кезимде етек кирим еки айда бир келетин уйленгенсон 1 жылдан кин даригердин рухсатымен укол битаминдер алдым бирак натиже болмады содан кин 5 жыл дай кутип журдим болмагасын тагы даригерге бардым бул жолы маган гармонални дари берди олардын барин иштим казир енди еттек кирим торт бес айга дин жок болып кетти жакында тагы бардым даригерге бул жолы маган ременс деген дари усынды бирак али етек кирим келмеди осымен 2 айга кетип баратыр менин нестеуим керек бала котеруим ушин етеккирдин дурыс келуи шартпа

  12. Сәлеметсіздер ме бедеуліктің алдын алу ушин тексеруден оту кереккой я бирак турмыс курмагам кызбын.Гинекологка тексерилсем бола ма ягни кыздык пердеге асерин тигізбей ме?Жакында турмыс құрамын не болсада алдын алган жаксы гой

  13. айгерим

    Етеккир келип журип,мулдем келмей калса бала котере алады ма?

  14. Бедеуликти ешкимнин басына бермесн

  15. Етеккир келип журип,сосн мулдем келмей калса,бала котере ала ма

  16. сәлеметіздер ме Түркістан қаласынанмын. менің басымдағы жағдай өзгелерде де бар шығар .жасым 40 та . Бір ұлым бар жасы 14 те 2 рет түсік тастағанмын ал енді бала көтере алмай жүрмін бармаған жерім жоқ Жатыр трубкаларын тексерту керек дейді біреулер оны қайда тексертуге болады мекен жайын жазыңыздаршы алдын ала рахмет Жатыр трубкасын тексерткендер болса хабарлассыншы

  17. жатыр трубкасын тексерткендер бар ма хабарлассыншы өтініш

  18. Сарқыт МАТАЙ Құрманғалиқызы

    Мен бала сүие алмағаныма 14 жыл болғалы тұр.
    Жолдасы жұмыссыз. Дәрігерлер көп ақша қажет етеді.Өтінем көмектесіңіздерші. Мен жаным 36,жолдасым 40 енді расында перзентсіз кетембе?

  19. зарина

    Сиздерге калай хабарлассам болады мен бала котере алмай журмин комектесиниздерши отинем кулдарыныз болайын омирден шаршадым баласыз

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба!
      Біз бар болғаны сайт қанамыз. Ешқандай медициналық орталық емеспіз.

  20. Жулдыз

    Зарина,жане де баска пыкыр жазушы келыншектер, Сыздерге айтарым неге ЭКО-га сразу бармайсыздар, уакытты откызбей.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика