Басты бет / Жүктілік & босану / Бедеулік / Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз.

Бірінші әдіс – жеке «овуляция күнтізбесін» құрастыру. Бірақ ең алдымен, етеккірдің келу аралығының ұзақтығы әрдайым тұрақты екендігіне (яғни әр етеккірдің келу аралығы кейбірінде 28, кейбірінде 30-34 күн) көз жеткізіп алу керек. Бұны анықтау үшін алты-жеті айдай уақыт кетеді, бұл кезеңде сіз жай күнтізбеңізде етеккіріңіздің басталған күні мен тоқтаған күнін белгілеп отырасыз. Бұл сізге болашақта жүкті болудың қолайлы күндерін дұрыс анықтауға көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге, денсаулығыңыз туралы да хабардар етеді. Гинеколог мамандардың пікірінше, егер ең қысқа және ең ұзақ цикл ұзақтығының айырмашылығы (әр айда келетін етеккірдің аралығы) жарты жылда төрт күннен артық болмаса, етеккір циклын тұрақты, жүйелі деп есептеуге болады. Ал егер төрт күннен артық болса, онда бұл етеккір қызметінің бұзылғандығы, дұрыс еместігі деген сөз. Бұл жағдайда сіз медициналық тексеруден тез арада өткеніңіз дұрыс.

Етеккір циклының тұрақтылығына көзіңіз жеткен соң, ешбір қиындықсыз «овуляция күнтізбесін» құрастыруға болады. Бұл күнтізбе шамамен төмендегі кестеде көрсетілгендей болуы мүмкін. Әрбір жолы – (теориялық жағынан алғанда) жүкті болып қалу мүмкіндігін сыйлайтын күндер көрсетілген кесте, етеккір циклының ұзақтығы әр әйелде әртүрлі болуы мүмкін – 34 күннен 23 күнге дейін. Қызыл торкөзде овуляцияның (аналық клетканың аналық жыныс безінен құрсақ аймағына шығуы) болжамды күндері белгіленген.

Овуляция күнтізбесі
Овуляция күнтізбесі

Назар аударыңыз!!! Әр жолда күнтізбе күндері емес, етеккір циклының күндері көрсетілген (яғни әр әйелдің етеккірдің келу аралығының ұзақтығы 23 күннен 34 күнге дейін созылады). Мысалы, егер әйелдің тұрақты циклының ұзақтығы 28 күнге созылса, ал етеккірі 21 қыркүйекте басталса, онда овуляция күні 4 қазан болмақ (аралығы шамамен етеккір келген күннен бастап есептегенде 14 күнді құрайды), яғни ол 29 қыркүйек пен 9 қазан аралығында жүкті болып қалуы мүмкін (теориялық түрде). Бірақ овуляция үшін ең қолайлы күні – 2-сінен 6 қазанға дейінгі аралық.

Екінші әдіс – базальды температураны өлшеу арқылы овуляция күнін анықтау. Базальды температура шырышты қабықта өлшенеді – не ауыздың ішінен, не тік ішек арқылы, не болмаса қынап арқылы. (Алайда, етеккір келген кезде де температураны өлшеуге тура келгендіктен, градусникті қынапқа енгізу жағымсыз сезім тудыруы мүмкін.) Бақылауды жүйелі түрде әрдайым жүргізген дұрыс: күнделікті үш-төрт ай аралығында және тек бір уақытта – таңғы сағат 8-ге дейін, ұйқыдан оянған бетте төсектен тұрмай жатып. Температураны өлшер алдында үш сағаттай ұйықтап алу қажет. Градусниктің көрсеткіштері күнтізбеге жазылады. Бұл әдіс бойынша жүкті болуға қолайлы күндер төмендегідей анықталады: дені сау әйелдің овуляцияға дейін базальды температурасының көрсеткіші – 36,6-36,8°С, овуляция күні ол 36,2-36,4°С дейін төмендейді, ал келесі күні 37°С-тан жоғары көтеріледі. Термометрдің көрсеткіштері басқаша да болуы мүмкін, бұл ағзаңыздың жеке ерекшелігіне байланысты. Алайда, температураның «төмен-жоғары» ауытқу бағыты сақталып қалады. Термометрдің көрсеткішіне мазасыз не ұзақ уақыттық ұйқы, ауру, алкогольды ішімдіктерді қолдану да әсер ететінін есте ұстаңыз. Бұл жағдайда температураңыз жоғары болады.

Негізінен, екі әдісті де бір уақытта пайдаланған дұрыс.

Овуляцияның болғандығын көрсететін бұдан басқа тағы да бірнеше әдістер бар. Кейбір әйелдер аналық клетканың пісіп жетілген күндерінде іштің төменгі жағынан білінер-білінбес созылыңқы ауырсынуды және жеңіл түрдегі лоқсуды сезінеді. Алайда, мұндай сырқаттану әр циклда болмайды, тек кейде ғана сезіледі. Сонымен қоса, овуляция күндерін мөлдір, жабысқақ, созылмалы қынап бөліндісінің (бұл бөліндінің пайда болуы жыныстық қозуға немесе ісіп-қызару процесіне байланысты емес) көптілігіне байланысты да анықтауға болады.

Ұқсас мақалалар

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Жүктілікті жоспарлау

Бедеулік және оның себептері

Жасанды жолмен ұрықтандыру

Қызықты мақалалар

Ұрық қабы, Амниотикалық қапшық, Ұрық қабының ертерек жарылуы

Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Жүктілік соңына жетіп, босану процесінде ұрықты тоғыз ай бойына қорғап, қағанақ суын сырттай қоршап, сыртқа …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика