Басты бет / Сұрақ-жауап / Сұрақ-жауап: Балалар арасындағы геморрой

Сұрақ-жауап: Балалар арасындағы геморрой

Жас балаларда геморрой бола ма?

Иә, болады. Балалар арасындағы геморрой, ересектермен салыстырғанда, мың есе аз кездеседі.

Балаларда болатын геморройды кәдімгі геморрой дегенше, тік ішек аймағына жарық (сызат) түсу деп түсіну керек. Ол сызат клизма жасау кезінде немесе қатты нәжіс бөлінгенде пайда болады. Тік ішекке жарық түссе сәби ішінің қатуына жол бермеу керек. Емдеу үшін бүрген майы бар шырақша (свеча) пайдалануға болады.

Тік ішек аймағының жарылуы іс жүзінде геморрой болып шықса, жағдай қиындау болмақ. Сәби жас болған сайын, аурудың қиындығы арта түседі. Уақыз жоғалтпастан дәрігерге көрініп, геморройдың пайда болу себебін анықтау қажет. Соңынан барып тиісті ем-дом шаралары бекітіледі.

Жас баладағы геморрой қалай пайда болады?

Көп жағдайларда орын алатын геморройлардың себебі сәби ішінің қатуында болады. Бұл екеуін де емдету керек. Егер іштің қатуы тоқтап, геморрой қайтпаса, жағдайдың қиын екендігін білдіреді. Ондай жағдайла балалар хирургы мен проктолог дәрігерлерге қаралуға тура келеді. Сондай-ақ, туа бітті дене ақауларынан, күретамырдың (вена) ақауынан және ұстамалы аурулардан да балалар геморройы пайда болады.

Геморройды қалай емдеуге болады?

Балалардың геморройы ересектердікіне қарағанда, көп жағдайларда, емделу жағынан оңай болып келеді. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Бұл аурудың әр балада әр түрлі болуына байланысты, дәрігерге қаралу өте маңызды.

Геморройы балаларды диетаға және дәрет сындыру кезінде не істеу керектігін үйрету қажет. Егер ауру күрделі болса, дәрігерлер шырақша, май (мазь) және гель секілді дәрілік заттарды пайдалануға кеңес береді. Ісінуге қарсы майларды (дәрігер кеңесімен), мазьдарды, Вишневский майын және дәрірік қасиетке ие тұнбаларды пайдалануға болады.

Халық емдеріне жүгінбес бұрын дәрігердің кеңесін алыңыз.

Іш қатқан жағдайларда ішті өткізетін дәрмек ретінде түймедақ (ромашка) тұнбасын ішкізу керек. Көтендегі ауруды басу үшін геморройы бар баланы марганец ерітіндісінен (марганцовка) немесе итошаған дәрілік өсімдігінен дайындалған суға (ваннаға) шомылдырудың пайдасы зор.

Қызықты мақалалар

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика