Басты бет / Сұрақ-жауап / Іші шыққан әйел қалай ұйықтау керек?

Іші шыққан әйел қалай ұйықтау керек?

Жүктіліктің бесінші айынан бастап аяғы ауыр әйелдің іші шығады. Жүктіліктің соңына қарай қарны (іші) үлкейіп кетеді. Алғашқыда қалыптасып кеткен ұйқыдағы күйіңізде ұйықтай алмайсыз. Себебі шыққан ішіңізбен «санасуға» тура келеді. Бір-екі түндік жайлы ұйқыңызды қисаңыз, жаңа қалыпқа (күйге) үйреніп аласыз.

Жүктіліктің алғашқы кезеңінде, іш шықпай тұрып та ұйқы мәселелері болып тұрады. Ол кездегі мәселелер көбіне психологиялық жағдайлармен байланысты. Ал іш шыққан кейінгі ұйқы мәселелері физикалық және физиологиялық жағдайларға байланысты туындайды.

Неге аяғы ауыр әйелдерге босанардан бірнеше апта алдын шалқасынан жатып ұйықтауға болмайды?

Жүктіліктің соңғы апталарында жатыр ауырлап, шалқалай жатқан кезде жатырдағы қанды жүрекке тасымалдайтын тамырларға қысым түседі, қан қысымы түсіп кетеді, тыныс алу қиындайды, геморрой болса, қиындатып жібереді, белге салмақ түсіп, беліңіз ауырады.

Бұлай жатқанда төменгі жамбас аймағындағы қан қамырлары қысылып қалады. Соның салдарынан дененің төменгі бөлігіндегі қанның жүрекке жетуі қиындап кетеді.

Мен етбетіммен жатып үйреніп қалып едім. Ішім шыққанда қалай ұйықтасам болады?

Ішіңіз шыққанда сүйікті ұйқы қалыбыңыздан бас тартуыңызға тура келеді. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да солай ету керексіз. Өзіңіз елестетіп көріңізші, үлкен қарбызды ішіңізбен басып жату ыңғайлы ма? Әрине, ыңғайлы болмайды. Ең қауіптісі, жатырдағы ұрыққа үлкен қысым түседі. Ұрықтың сыртында амниотикалық сұйықтықтан тұратын қорғаныш қабатының болғанына қарамастан, айтарлықтай қысымның салдарынан ұрықтың зақымдалуы мүмкін.

Ең тиімді ұйқы қалыбы қандай?

Іші шыққан жүкті әйелдер үшін ең тиімді ұйқы күйі — сол жағымен жатып, аяқтарын созып, аз қималдайтын болып ұйықтау. Ұйқы кезіндегі қималдарды азайту үшін ұйықтардан екі сағат алдын су ішуді доғару керек. Сол кезде ұйқыңызды бөліп, әжетханаға көп тұрмайсыз.

Сол жағымен жату әйел үшін де, болашақ сәби үшін де пайдалы. Аяқтарын соқып, арасына жастық қоюына да болады. Аяқтардың созылып жатуы бүйректің жұмысын жақсартады. Бүйрек жақсы жұмыс істесе аяқта ісіктер пайда болмайды.

Егер сол жақ қырыңызбен жатып, түнде шалқалай жатқан күйде оянсаңыз, қайтадан сол жақ бүйріңізге ауысыңыз.

Ұқсас мақалалар

Жыныстық қатынас (сұрақ-жауап)

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас

Жүкті әйелдер көлік тізгінін ұстағанда

Қызықты мақалалар

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз …

3 комментария

  1. Нұрғаным

    Саламатсыздар ма, Ана мен бала» сайты. Сіздердің сайттарыңыздан көптеген кеңестер алуға болады. Болашақ аналар үшін көптеген пайдалы кеңестер толығымен жазылған. Сіздерден сұрайын дегенім, мен осыдан 3 жыл бұрын 2009 жылы кесір тілігімен қыз бола босанған болатынмын. Биыл тағыда жүктімен. Алла бұйыртса уақытым жетіп босанар уақытта мен кесір тілігінсіз өзім табиғи жолмен босана аламын ба? Осы жөнінде толығырақ білгім келеді. Алдын ала рахмет.

  2. салеметсіздер меана мен бла сайты сіздерде оте жаксы кенестер жазылады менин сурайын дегеним маган удз баланын миы дурыс дамымаган диди бул неден болуы мумкин осыган кенес бересизба жане алдын алуга бола ма?алдын ала рахмет

  3. Егіздер болған жағдайда жыныстық қатынасқа түсуге болама?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика