Басты бет / Жүктілік & босану / Бедеулік / Жасанды жолмен ұрықтандыру

Жасанды жолмен ұрықтандыру

Өкінішке орай, табиғи жолмен ұрықтану мүмкіндігі адам ағзасының физиологиялық жағдайына немесе денсаулығына байланысты барлығында бола бермейді. Жетілген ағзаның табиғи жолмен ұрықтануға қабілетсіздігі бедеулік деп аталады. Бедеуліктің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Ал олардың алдын алу үшін (жою үшін) дәрі-дәрмектер мен хирургиялық әдістер қолданылады.
Алайда, мұндай әдістер де кейде оң нәтиже бере бермейді. Ағзаның табиғи жолмен ұрықтану қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда жасанды жолмен ұрықтандыруға жүгінуге болады. Оның бірнеше әдістері мен жолдары бар. Төменде соларға сипаттама беріледі.

Жасанды жолмен ұрықтандыру

Жасанды ұрықтандыру әдістері

Шәуеттің (еркектің жыныстық жасушалары бар ұрығы) жасанды инсеминациясы

Бұл – қарапайым әдістердің бірі. Лабораторияда күйеуінің (егер бедеулік физиологиялық ауытқулар салдарынан болса, әйел ағзасынан алынады) не донордың (егер жолдасы бедеу болса немесе жалғызбасты, күйеуге шықпаған әйел болса) шәуеті алынады. Ұрықтың өміршеңдігін ұзақ уақытқа сақтап қалу үшін оны ерекше өңдеуден өткізеді. Овуляцияның қолайлы күндерінде (цикл бойынша үш рет: овуляцияның алдында, овуляция кезінде және овуляциядан кейін) шәуетті тікелей жатыр қуысына енгізеді. (Кері жағдайда емделу шарасы жатырдың ішкі инсеминациясы деп аталады.) Емделу шараларының тиімділігін арттыру үшін алдын ала аналық жыныс безін ынталандырып алады, яғни бір цикл ішінде біреу емес, бірнеше аналық клетка өсіп жетілу үшін әйел ағзасына гормондық дәрі-дәрмектер енгізіледі (бұл әдіс суперовуляция деп аталады).

Жасанды инсеминация төмендегідей себептер болса ғана жасалады:

  • Аталық ұрықты қынаптан жатырға өткізбейтін әйелдің жыныстық жолынан шығарылатын цервикальды шырыштың ерекше қасиеті;
  • Жұптың біреуінің бедеулігі;
  • Жыныстық қатынасқа түсетін жұбының болмауы (жалғызбастылар).

Емделу шараларын өткізер алдында әйел адам кешенді (жалпы) тексерілуден өтуі тиіс. Оның ішінде – гинекологқа қаралу, ішкі жыныс мүшелерінің УДТ (УЗИ), жасырын инфекцияларға анализдер тапсыру, инфекция (гепатит (сары ауру, бауырдың қабынуы), сифилис (мерез), АИТВ (ВИЧ)) және қанның тобы мен резус-факторын анықтау үшін анализдер тапсыру, қан гормондарын тексеру. Сонымен қоса, жүктілікке рұқсат берілген терапевтің қорытындысы (кейбір әйелдерге денсаулығына байланысты бала көтеруге тыйым салынған) да қажет.

Жасанды инсеминацияны өткізу үшін қолайлы жағдайлардың бірі тым болмаса жатыр түтігінің біреуінің өткізу қабілетінің болуы болып табылады.

Жолдасының шәуетімен инсеминация жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін арнайы сараптама жасалады, яғни спермограмма.

Жасанды инсеминация әдісі қаншалықты нәтижелі? Әйелдің жасы неғұрлым кіші болса, оның инсеминация нәтижесінде жүкті болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары (30 жасқа дейін – 50%, ал 35 жасқа таман нәтижелілігі 20%-ға дейін төмендейді). Сондықтан емделу шаралары жас әйелдерге тағайындалады.

Экстракорпоральды ұрықтандыру

Бұл әдістің мәні ананың ағзасынан тыс аналық клетканы ұрықтандыру және өсіп-жетілген ұрықты (эмбрион) жатырға енгізу болып табылады. Әдетте жатыр түтігінде өсетін ұрық пен аналық клетканың даму кезеңдері экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ – ЭКО) кезінде осылайша жасанды түрде жүргізіледі.

ЭКҰ төмендегідей себептер болса ғана жасалады:

  • жатыр түтігінің өткізу қабілетінің жоқтығы немесе жатыр түтігінің мүлдем болмауы (оның ішінде жатырдан тыс жүктілік немесе зарарсыздандыру (стерилизация) себебінен операциялық әрекет жасалған болса);
  • эндокринді ауытқушылықтың салдарынан болған бедеулік;
  • аналық жыныс безінің әлсіздігі;
  • жыныс мүшелерінің дамуындағы туа біткен ауытқушылықтар;
  • цервикальды шырыштың болмауынан жатырға аталық ұрықтың (сперматозоид) түспеуі;
  • әйел ағзасының аталық ұрықты жойып тастайтын антиденелерді бөліп шығаруы;
  • несеп-жыныстық жолдардың созылмалы қабынулары;
  • жыныстық қатынасқа түсетін жұптың біреуінің бедеулігі.

ЭКҰ шараларын жүргізер алдында да әйел және оның жолдасы (немесе донор) жасанды инсеминация кезіндегідей дәрігерлік тексерілуден толық өтуі тиіс.

Экстракорпоральды ұрықтандыру қалай жүргізіледі? ЭКҰ әдісі инсеминация әдісіне қарағанда, өте күрделі. Ол бірнеше кезеңдер бойынша жүргізіледі.

Бірінші кезең – аналық жыныс безін ынталандыру және фолликулдардың (аналық клетка өсіп-жетілетін «көпіршіктер») өсуін бақылау (УДТ (УЗИ) көмегі арқылы). Ұрықтануға дайын бірнеше аналық клеткалардың болуы ұрықтану мүмкіндігінің бар екендігін білдіреді.

Екінші кезең – ана ағзасынан аналық клеткаларды «шығару». Фолликулдар қынап арқылы өткізіледі (анестизия көмегімен және УДТ бақылауы арқылы).

Үшінші кезең – алынған аналық клеткаларды алдын ала қозғалғыштығын арттыру үшін арнайы өңдеуден өткен аталық ұрықпен ұрықтандыру.

Төртінші кезең – алынған эмбриондарды ерекше құнарлы ортада өсіру.

Бесінші кезең – эмбриондарды жатыр қуысына ауыстыру. Арнайы катетердің (дененің қуыстарына енгізілетін арнайы түтік) көмегі арқылы ұрықтанғаннан кейін 2-5-ші күндері жасалады. Емделу шараларының тиімділігін арттыру үшін әйел ағзасына бір уақытта 2-3 эмбрион енгізіледі.

Пайдаланбаған артық эмбриондарды мұздатып қатырады. Емделу шарасы сәтсіз болған жағдайда оларды қайта экстракорпоральды ұрықтандыру үшін екінші рет қолдануға болады.

Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің нәтижелілігі 25-40%-ды құрайды.

Аталық ұрықтың интрацитоплазмалық инъекциясы (жоғарыдағы суретте)

Бұл әдістің негізі – ЭКҰ, ал айырмашылығы – ананың ағзасынан алынған әрбір аналық клетка микроскоп арқылы арнайы инъекциялық тамызғыштың көмегімен ана ағзасына енгізілетін бір ғана аталық ұрықпен ұрықтандырылады.

Аталық ұрықтың интрацитоплазмалық инъекциясы төмендегідей себептер болса ғана жасалады:

  • шәуетте дұрыс дамыған аталық ұрық мөлшерінің жеткіліксіздігі;
  • аталық ұрықтың аз қозғалғыштығы немесе өмір сүруге қабілетсіздігі;
  • ЭКҰ әрекеті кезінде алынған теріс нәтиже, қорытынды.

фото: Science Photo Library

Ұқсас мақалалар

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті жоспарлау

Бедеулік және оның себептері

Қызықты мақалалар

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс …

29 комментариев

  1. Сәлеметсіздерме менің жасым 21де Менің сіздерден сұрағым келіп отырғаным Мен өзге ерлі зайыптыларға жасанды жолмен бала туып берүіме болама алдын көтерген баламды алдырып тастағанмын мен жасанды жолмен ұрықтануыма болама

  2. Фариза

    Салеметсізбе?Мен кеш тұрмыс құрдым Жасым 48 де маған 2 трубанда бітіп калған деп диагноз қойған енді маған бала котеруге кандай кенес алуға болады мүмкіндік барма ?

  3. Жазигул

    салеметсыздерме, менің білгім келетіні әйелдің жыныс мұшесініен ары екі өзекше болады соның бірін соқыр ышек болып ауырғанымда қабыну салдарынан алып тастаған. қазір ұйлендім 3 жылдай болды алы бала көтере алмадым не ыстесем екен дұрыс жолды көрсетіп жазып жыберыңызшы өтінемін сіздерден.

  4. Жасанды жатырлар бола ма?

  5. жасанды жолмен бала котерген дурыспа.

    • Саламатсызба, Айнаш!
      Жасанды жолмен перзент сүюдің жолдары көп. Дұрыс және бұрыс жолдары бар. Сондықтан сіздің қандай әдісті таңдайтыныңызға байланысты болмақ.

  6. Сәлеметсіздер ме? Менің тұрмыс құрғаныма 20 жыл болды.Бірақ өкінішке орай бала көтере алмадым. Емделдім де,емшіге де бардым…Қазір жасым 40-та.Жасанды жолмен бала көтеруге бола ма?
    Ол үшін неден бастау керек?Қандай құжаттар керек?

  7. Толкын

    Курметти окырмандар? мынандай нарсемен кездескендериниз бар ма? куйеуимнен ажырасканыма жарты жылдан асып кетти, бир кызым бар жасы екиден асты, жана катынас курайын десем, биреумен кездессем болды, тура сол куни сап сау балам кызуы котерилип ауыра бастайды, басында жай сайкестик шыгар деп ойладым, бирак осымен тортинши рет катарынан осылай болды.Алгашкы кездескен адамымнын аурасы балага асер ететин шыгар деп онымен кездеспейтин болдым, екинши адаммен кездесип ем тагы сол окига кайталанды. Осындай кездесуден кейн балам ауырган сайын озимди кинали сезинем, типти биреумен кездесуге коркатын болдым. Осы жайында не ой, пикир айтасыздар? мумкин кенестер бересиздер?

  8. Гульмира Серикбаевна

    сәлеметсіздер ме?жолдасымның спегроммасы аз оны қалй көбейтуге болады?

  9. гулять

    Салеметсизбе меним кызым 3 те сол кыздан кеиен бала котереалмай калдым жасанды турде жасаткым келеди

  10. Акмарал

    Салеметсізбе менде 3 қызым бар, жасанды жолмен ұл туғым келеді.

  11. Раушан

    мен де де уш кыз.екеуин кесер тилигин жасату аркылы босандым.енди мен жасанды жолмен ул котере алам ба.

  12. гульмира

    Салеметсиздерма.Мен турмыста болганыма 11 жыл болды ,бирак али бала котере алмай журмин .Жасанды урыктандыру жолын корсем ба деп турмын.Калай билсем болады осы жайлы?

  13. Салеметсиз бе? Мен ЭКО жасатуым үшін нақты қанша қаржы қажет екенін білгім келеді. Сонымен қатар квотаны қалай дайындаса болады?

  14. гулмира

    Салеметсиздерме менин еки болам бар екеуинде кесир тилигимен босандым. Денсаулыгымда кишкене котермейт Балаларым коп болганын калаймын, бирак тагыда ота жасатуга коркамын. Жасанды жолмен егиз,ушем урыктандыруга болама?

  15. Балнур

    Сәлеметсіздерме! Менин биринши кызымын босанган сон кан кеткен сосын токтата алмай операция жасаған болатын.Бирак окинишке орай токтата алмаған сон жатыр мен шейканы алып тастаган екен.Озим жақында билдим.Енди жасанды жол арқылы бала сүйүме болама қандай жолдары бар.Отиниш жол корсетиниздерши.

  16. Жанерке

    Свлеметсизбе? Менин жасым 22де. Турмыс курмаганмын. Толык тексерилуден оту ушин канша каражат кажет?

  17. Салеметсиздерма АНА мен БАЛА коптен бери осындаи саиттарды таба алмаи жур едым Маган мыкты медициналык орталык керек еды жАСЫМ 20 ДА Жасанды жолмен жукты болу Ягни осындаи процесс тын Канша туратынн билгим келип еды бул бизге оте катты кажет болып тур Мумкындыктериниз болса комектесе аласыздарма ??? карапаиым адамдар ушин Коп каражат кететин сиакты коринеды Арбыр айел затынын Ана болуга кукылы гой 9 аи курсакта бала котерип Оны дуниеге акелып иыскеп маукынды басу кандаи бакыт Комектесиниздерши

  18. Айсара

    Жасым 40та маган болама эко жасатуга болса калай сиздерге хаб.сам

    • Рамазан

      жасанды жолмен бала тасқын келіп жатыр ма или еркектің ұрығы керек па

  19. Сәлеметсіздер ме, менің сарайын дегенім жасанды жолмен туылган балада кейін бала болады ма ?

  20. Жұлдыз

    Құрметті ана мен бала емханасының ақ халатты абзал жандары. Менің егіз балалы болғым келеді. Жасанды ұрық салудың бағасы ии егіз балалы болу тұқымға карайма? Жүкті болса егіз екенніі алғашкы белгісі болама? Рахмет

  21. Мен бойдакпын маган саби сыйлайтын айел барма озим обеспечю балага жане айелге бала керек маган 87714739343уатсап

  22. Сымбат

    Салематсыздар ма? Менің екі балам бар. Кішкентайым қыз бала 18 жаста.Жасым 40 та.Қызымнан киін бала көтере алмай қалдым .Менде спираль болған емес.Емделдим болмады.Жолдасым 47-ге келеді. Жасанды егіз ұрық жасатуға болады ма? Қанша қаражат керек екен?

  23. Салеметсизбе менин жасым 32де бир улым бар 26жасымда босандым содан сон бала котере алмаи журмин улым 6га келди жасанды урыктаныу посеси калаи каражаты калаи соны толык аитастарма отинш рахмет

  24. Салеметсибе менин жасым 32де бир улым бар 26жасымда босандым содан сон бала котермедим улым 6 келди маган жасанды жолмен урктанып балаалы болсам болама онын жолдары каражаты туралы малмет аитаспа отиниш рахмет

  25. Арайлым

    Саламатсызба?Менің жасым 25 те.Бір қызым бар.Аллаға шүкір денсаулығым жақсы.Күйеуімнің де денсаулығы жақсы.Сұрайын дегенім Жасаныды жолмен бірден екі ұрық салдырып егіз көтеруге болады дейді.Ол мүмкін ба?Қанша қаржы керек.

  26. Менын жасым 48 день. Экомен бала котеруге мумкыншылыгым бар ма

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика