Басты бет / Жүктілік & босану / Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

Бойға бала біткен кездегі қауіпті ықпалдар:

  • Алкогольді ішімдіктердің және еліткіш заттардың (наркотикалық) ағзада (еркек пен әйелдің) болуы. Әсіресе бұларды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда;
  • Радиация әсерінен, мысалы, ауру жұқтырылған жерлерде болса немесе ерлі-зайыптылардың біреуі сәулелі терапиядан емделуден өтіп жүрсе;
  • Болашақ ата-аналардың уландырғыш заттармен байланыста болуы (химиялық реактивтер, зауыттарда жұмыс істейтіндер).
  • Ағзадағы жас ерекшелігіне байланысты болатын өзгерістер;
  • 35 жастан асқан әйелдің жас мөлшері (әсіресе бұл бірінші жүктілікке қатысты) және 50 жастан асқан ер адамдар;
  • Дәрі-дәрмектерді қабылдау.
  • Тұқымқуалаушылық аурулар;
  • Ерлі-зайыптылар арасындағы қандас туыстық.

Егер жоғарыда аталған қауіпті ықпалдардың біреуі болған жағдайда, бойға бала бітпей тұрып, алдымен медициналық тексерілуден өтіп алыңыз. Ал бойыңызға бала бітіп қалған жағдайда дереу медициналық мекемеге барып (әйелдер консультациясы), міндетті түрде дәрігеріңізден ақыл-кеңес алыңыз.

Егер болашақ ата-аналардың біреуі (немесе олардың қандас туысы – екінші, үшінші атадан жақындығы болса да) тұқымқуалаушылық аурумен ауыратын болса, сонымен бірге, қандас туыстық немесе егде жаста болса, бұлтармай, міндетті түрде бойыңызға бала бітпей тұрып, генетик маманнан кеңес алуыңыз керек. Мұндай маманның кеңесі отбасында генетикалық және хромосомалық аурулармен (мысалы, Даун синдромы) ауыратын балалары болған жағдайда да қажет.

Ұрықтың дамып-жетілуіндегі ауытқушылықтар кейде жүктілік кезінде де байқалады. Бұл да жоғарыда аталған себептерге байланысты болуы мүмкін.

Жүктіліктің қалыпты жағдайда дамуына не кері әсер етеді?

Әрине, жоғарыда аталған себептермен қоса, төмендегі себептер болуы мүмкін:

  • Ата-аналардың біреуінің бойындағы созылмалы және асқынған инфекциялық аурулар мен жасырын түрдегі инфекциялар. Мүмкіндігінше, жүктілікке дейін тонзиллит (бадамша безінің қабынуы), гайморит (кеңсірік ауруы), синусит, бронхит (тыныс жолдарының қабынып қызарып ауыруы), цистит (қуықтың қабынып ауыруы) – басқа да созылмалы инфекциялық ауруларға тексеріліңіз. Осылардың біреуі анықталған жағдайда міндетті түрде тез арада емделу шараларын бастаңыз. Тіс дәрігеріне барудан қашпаңыз: инфекцияның ең көп шоғырланатын жері ауыз қуысы болып табылады. Міндетті түрде өз кезегінде АИТВ (ВИЧ), В және С гепатитіне, хламидиоз, хламидиоз, токсоплазмоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, папиллома вирусына, герпес (ұшық), цитомегаловирус, сифилиске (мерез) анализ тапсырып, тексерілуден өтіңіз. Кейбір жұқпалы ауруларды тудырушылар мысық пен кеміргіштер екендігін де білгеніңіз жөн. Сондықтан жүктілік пен оған дайындыққа үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
  • Жалпы аурулар да (жүрек-қан тамырлары ауруы, эндокринді, т.б.) ана ағзасының маңызды мүшелерінің қызметін әлсіретеді. Сол себепті ұрық өзіне жеткілікті мөлшерде оттегі немесе құнарлы заттарды қабылдай алмай қалады. Бұл оның дұрыс жетілмеуіне әсер етеді. Онымен қоса, жүктілік кезінде кейбір аурулар асқынып жатады. Сондықтан кез келген қауіпті аурумен ауыратын әйелге уақытынан бұрын (жүкті болмай тұрып) дәрігерден кеңес алу керек және ауру мүшесіне жүктіліктің қалай әсер ететіндігін анықтау үшін қосымша тексерілуден өткені жөн. Егер ауруыңызға байланысты үнемі бір дәрілерді қабылдау қажет болса, онда сол дәрілердің ұрықтың дамуына қалай әсер ететіндігі туралы, қабылдау мөлшерін азайту туралы немесе жүктілік патологиясына соқтырмайтын басқа дәрі-дәрмектермен ауыстыру туралы кеңестерді емделіп жүрген дәрігеріңізден анықтап біліңіз.
  • Әйелдің жыныс мүшелерінің патологиясы (эндометриоз, жатыр миомасы, операциядан кейінгі тыртықтар, т.б.) бедеуліктің ғана емес, жүктіліктің даму кезіндегі түрлі ауытқушылықтардың тууына себеп болуы мүмкін: жатырдан тыс жүктілік, түсік тастау, уақытына жетпей босану, бала жолдасының (плацента) орналасуы, т.б.
  • Темекі тарту, тіпті айналасындағылардың тартқан темекісінің түтінін жұту;
  • Әйелдің дұрыс тамақтанбауы;
  • Болашақ ананың жас ерекшелігі (17-20 жастан төмен және 30-35 жастан жоғары);
  • Ауыр физикалық жүктемелер;
  • Стрестер.

Қауіптің ерекше топтары:

  • Уақытынан бұрын босанған немесе түсік тастаған әйелдер;
  • Өлі бала туған әйелдер;
  • Етеккір циклының бұзылуынан болған гормональдық ауытқушылықтары бар әйелдер;
  • Бедеулік жөнінен емделуден кейін жүкті болған әйелдер.

Қандай жағдайда бала көтеруге тыйым салынады?

Ауыр дерттен кейінгі жүктілік денсаулыққа ғана емес, сонымен бірге, әйелдің өміріне де қауіпті. Мұндай ауруларға:

  • қанайналымы бұзылған жүрек ақауының ауыр түрі,
  • қанайналымның бұзылуы салдарынан болған гипертониялық аурулар,
  • тыныс алудың жеткіліксіздігі салдарынан туындаған өкпе аурулары,
  • созылмалы бүйрек аурулары,
  • ревматизмнің салдары,
  • біріктіруші тканьдердің (бұлшықет тарамдары) аурулары – тері туберкулезы, склеродермия, т.б.
  • эндокринді аурулардың ауыр түрде өтуі – қант диабеті, қалқанша безінің аурулары, бүйрек үсті бездерінің аурулары,
  • әртүрлі онкологиялық аурулар жатады.

Алайда, бұл жағдайларда да дәрігер емделушіге тек жүктіліктен сақтану туралы немесе жүктілікті тоқтату туралы (бұл тек болашақ ананың келісімі бойынша ғана жасалады) кеңес қана бере алады. Жүктілікті жасанды түрде тоқтату (аборт) медициналық көрсеткіштер бойынша жүктіліктің кез келген мерзімінде тек қана әйелдің келісімі алынған жағдайда ғана жасалады.

Ұқсас мақалалар

Жатырдан тыс жүктілік

Жетілмей қалған жүктілік

Темекі жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Қызықты мақалалар

Ұрық қабы, Амниотикалық қапшық, Ұрық қабының ертерек жарылуы

Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Жүктілік соңына жетіп, босану процесінде ұрықты тоғыз ай бойына қорғап, қағанақ суын сырттай қоршап, сыртқа …

56 комментариев

  1. жуктилик неше аптада белгили болады,

  2. Сәлеметсіз бе! Мен тұрмыстамын бир улым бар 2.5жаста. Мен ауыр босануымнын себебинен кейин бирнеше жыл бойы котермеуим туралы даригер кеңес берген еди. сол себептен спираль салдырганмын. Ол жакында түсіп қалды. Енди коркып журмин көтеріп койсам не истеймин? Не истесем болады жауап беруинизди сураймын. Жүктілікти токтататын дәрілер ишсем болама

  3. гулмок

    Салеметсиз бе менин 2 ши балама аягым ауыр еди кан корингесин даригерлер угроза деп больницага салып жаткызды. 3 кун гана укол салды 8 сагат сайын дюфастон дитн дарини ише бериниз баланын журеги согып тур 9 апталык кутинсениз кан коринун кояды деген. Бирак менин жатканыма 6 кун болды кан али коринип тур мен даригерлге тусинбеймин айтынызшы угроза болса онын устине кан коринип журсе тек 1 дари берумен гана шектелу керек пе баска амалдары жокпа

    • Молдир

      Салеметсизбе?! Сиздин казир жагдайыныз калай? Сурагынызды корип сурап отырмын. Себеби менде де сиздикиндей жагдай болып тур еди..

  4. Сәлеметсізбе! Мен Етеккірдің келетін мерзімі таяғанда жыныстық қатынасқа түсіп 3-күні баладан сақтанатын дәрі іштім, сосын 4-5 күннен соң етеккірім келді, бірақ мөлшері бұрынғыдан аз…бала болу мүмкіндігі қаншалық? Бала бітседе етеккір келеме?

  5. Жуктилик кезинде цистит ауруы болса кандай ем колдануга болады, кейде басылып калады кейде кайтадан басталады. Коркып журмин аскынып кетпес бекен деп 1ай болган шыгар цистит болып жургениме. Жауап кутем

  6. Бибігүл

    Сәлеметсіздер ме! Менде қазір жүктіліктің 17-ші аптасы. Баланың денсаулыгын анықтайтын бірінші қан талдамасының (тамырдан қан алды анализге) нәтижесі ойдагыдай болмай шыкты. Дарігерлер баланын қанында бір зат(не екенін түсінбедім) жоғары деді. Бірақ бұл нәтиже дұрыс болмауы да мүмкін деп облыстық әйелдер ауруханасына анализ тапсыруга және сондағы дәрігерге қаралып анығын білесің дейді.
    Енді менің сіздерге айтарым- ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ БАЛАҒА ҚАНДАЙ ҚАУІП БОЛУЫ МҮМКІН, ҚАН ТАЛДАУЫ НәТИЖЕСІНДЕ БЕЛГІЛІ БОЛАТЫН ҚАНДАЙ АУРУЛАР БАР. ЖҮКТІЛІКТІ ТОҚТАТПАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА? ТУЫЛҒАНДА ҚАУІПТІЛЕРІ ДЕ БАР МА. осы сұрақтардың жауабын білетін мақала жазыңызшы.

  7. Маржан

    Салеметсиз бе менин жуктилигим 8 апта.екинши жуктилигим биринши жуктилик 4-5Аптасында тусик болды.Казир екинши жуктиликпен емханада жатырмын жатканыма 1аптадан асты узига тускенимде баланын жолдасы матканы жауып тур жане томен орналаскан диди кан келди 2кун бурын бурын болган кан деп тазалап тастады. Жидкость бар диди. Сол кан болуы мумкин бе?баланын журек согысы бар содан дюфастон ишип жатырмын 8саг сайын и магне в6 ишем фолиевая кислота ишем 3 кун попаварин и этамзилат алдым.неге акырын кан келеди кауипти емес пе.кандай кенес бересиздер.

  8. Санимай

    Сəлеметсиздерме Менин 5айлык кызым кайтыс болды Дəригерлер жуктилик кезиндеги инфекциядан деп диагноз койды (цитомегаловирус). Енди кайта котеруим ушин кандай инфекцияларга тапсырып тексерилуден отуим кажет??

  9. Багила

    Салеметсиздерме сурайын дегеним 3-4 апталык жуктимин инфекцияга кан тапсиргам CMV IgG ( цитомегаловирус) положительно <0,5U/ml молшери онин зияны канша кауыптима жауап бериндершы рахмет!

  10. Шугылп

    Менин аягым ауыр.бес айдан асты.брак менин кугым устамайды киши дарет шыга береди

  11. Жанибек

    Cаламатсиздарма менин аиелим аягы ауыр казир кезде бала томен биткен диди соган не истесе болады казир кезде журиуде киындап жатыр акырып журседе екеуын ын жагдайы жаксы болыу ушын не истесем болады?????? отиниш аитыныздарши рахмет

    • Айдана

      Ол ушин аягын котерип жату керек. Коп журмеуге жане де коп кимылдауга болмайды.

  12. Кунимай

    Менин кайын синилиме баланын жолдасы 1 ши келип тур депти даригерлер.ози босана алама.кандай кауип бар

  13. Jumabaeva Elvira

    salemet sizbe menin juktiligim 8 apata men ventelatirdin astinda jatip basimnin sol jagina salqin tiygizip algan siyaqti min tursam da jatsam da solqildap miyim awradi bugin 2 kun boldi ne istesem boladi jawap kutemin aldinan raxmet

  14. Жамила

    Саламатсыздарма! Менин жуктилигим 16 апта. 7 жыл дегенде бириншы жуктилигим. Узи.ге тустим. Узи.де баламдын жолдасы томенде екенин айтты, ягни жатыр аузынын жанында. Врач ауыр котермеуге , тек жатып кутинуимди айтты. Жолдас томен болган жагдайда баламды ай кунине жеткизе аламынба??? Балага еш кандай кери асери жокпа??? Жане кандай кенестер бере аласыздар!? Отиниш жауап жазыныздар! (7771878785)

  15. Бакира

    Саламатсыздарма. Баланың жүрек қағасы неше аптада болады

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба!
      Жүктіліктің 5-6 аптасында (ұрықтың 3-4 апталығында) УЗИ арқылы білуге болады.

  16. Женискул

    Салеметсизбе менин Бала котергениме 2 апта болды енди УЗИ га туссем бала томен отналаскан дедм угроза деп жазып берди 2 аптанын ишинде угроза болама тусинбедим жауап кайтарасызба нестесем болады отиниш…рахмет

  17. Саламатсыз ба. Мен озимнин екикабат екенимди билмей ем алып қойдым. антибиотиктер. метрогил. ксон. антроксон. ыстық укол. одан кейін тексеріледім бала маткада тур. генекологка барам қазір еш нәрсе айта алмай міз дейди. осындай дан кейін дени сау бала туа алам ба

    • Арайка

      Сəлеметсізбе Айко! Менде де сіздегідей жағдай болды жүкті екенімді білмей антибиотик кабылдап койдым. Казир сізге не деп жатыр врачтар баланыздын денсаулығы калай?

  18. 36 апта болды жуктилигиме.ишим ауыра берет.не истесем болат.шиникологка бардым бугин .бала басы оте томен кеп тур мол ушин ауырат дит.бандаж так деп коя берди.алдында аздап кабыну болган метромикон деген свеча жазды.содан бастп ауыра берет

  19. Гүлназ

    Сəлеметсізбе? Менің баланың жəне бала жолдасының төмен орналасу қауіптілігі жайлы білгім келеді. Қазір жүктіліктің 26 аптасындамын. Узи ға 20 аптасында түстім бала да бала жолдасы да төмен орналасқан деді. 25 аптасында түстім еш өзгеріссіз. Төмен тартып аурады жие жие. Екінші сұрағым осындай жағдайда декретке уақыттан бұрын шығуға болама? Өйткені қатты төмен тартып ауырған кезде жұмыс жасауға мүмкіндік жоқ. Үшінші сұрағым бірінші баланы 34 35 аптасында босандым екінші жүктілікте қайталану мүмкін бе?

  20. Мен жүктілігіме 5апта…енді менде цистит болып жатыр…енді ол балаға қауіпті ме?

  21. Раушан

    Саламатыздарма менын жукылыгыме 15апта болды менын белым мен ышым ауратта турат бел не себебтен аурат Даргер ештенге аитбайт

  22. Акниет

    Сәлеметсіздерме менин 2 ши балама аяғым ауыр соңғы кездері маған көп выделение келіп астым қышып жүр және белім ауырып кетеді жиі. ..бул неден не истесем болады отелем айтып жибересиздерме….

  23. Гульхан

    Сәлеметсіз бе. Менин жуктилигим 18 апта. Биринши рет генетикке анализ тапсыргам содан низкий риск деп берді. Генетик маманға кеңеске жиберди. Олар киндиктен қан алдырт дейді. Ол қаншалықты дұрыс. Және бүйрек ауырганда не ишуге болады.

  24. Ақерке

    Сəлəметсіздерме? Менің аяғым ауыр еді. 13-14 апталық. Менде таксикоз əлі күнге бітер емес. Мен қазір больницада жатырмын. Брачтар маган биохимиялық анализдер дурыс шықпай жатыр. Баланы алдыруын керек дейді. Не істесем болад?
    Жауап берініздерші

  25. Шынара

    Салеметсызбе мен жуктымын казыр , 16 апта сурайн дегеным ышым муздай болып бала коп тырысады бул жагдай жиы кайталанады ол не ушын олай болады каувпты емеспе

  26. Саламатсыздарма!Кеше котергенимди билдим.Жугып кан келди.Калыпты жагдайма???

  27. Salemetsizderma. Menin surain degenim 5-6ailik balani aldiruga bolama??? Jauap kutem

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Алдыруға болмайды. Түрлі себептері бар. Егер қиын жағдайда болсаңыз, Ана үй деген үйлерді тауып алыңыз.

  28. Гульжан

    Салеметсиздерме, менде жуктилик 37 апта.жатканда ишим томен тусип тырысып калад катты боп, тура салганда журе алмай каламкишкене дейн кейн бирак журем.неге олай?

  29. Айсулу

    5 апталық Жуктілік кезінде қынаптан қоңыр суйыктық аздап аққан болса ол нені білдіреді?Жəне бала төмен біткен дейді оны қалай түсінсе болады?сұраққа жауап күтем өте маңызды!

  30. Сәлеметсіздерме? Сұрағым келгені. .февраль айында және осы куни етеккирим келмеди бұл менин жүкті екенимди билдиреме?брак тест теристи көрсетіп тур. …қуық жағым биртурли ауырады. ..бұның не екенін айтып берсенздер. ….рахмет

  31. Саламатсыздар ма жуктилик кезенине 5апта… 2аптадай болды белим катты ауырпды.. бурын белим булай аурсайтын.. шыдатпайды.. биринши жуктилигим еди не истесем болады..

  32. Сәлеметсіздер ме! Сурайын дегенім жуктімін 3 апта дейді кан келіп жатыр. Угроза деді . катты коркамын. Тусіп калмайдыма зияны жокпа? Дюфастон жане магни в6 берді іш деп.

  33. Маржан

    Салеметсизбе?21 аптасында узиге тустим буйректе су бар диди (лохонка 0,6см еки буйректеде)тугасын кетема коркынышты емеспа жауап кутем

  34. Гулжан

    Салеметсиздерме. Сурайын дегеним етекирим келип биткен сон жигитиммен косылдым. Одан киін менин выделениям келми кетти. Бурын жиі келетин. Бул жуктуликтин белгисима? Жане жуктиликти келеси етеккир келгенше аныктауга болама оган дейн 20 кун отеди сол аралыкта билуге болама?

  35. Жазерина

    Салеметсыздерма.Бырыншы жуктылыгымде 6аптасында журегы сокпайды деп тусык жасаттым.Содан узак уакыт котере алмай 1жылдан аса уакыт.Казыр жуктылыгыме 11-12апта.Куык жагым ауырып.Дарыгерлер ештене айтпайды дюфастон ышуды усынды.Кандай жагдайда куык ауруы мумкын?

  36. Динара

    Мен жүкті екенымді білмей ыстық укол алыдым 2 күн бұрын тест корсетпеген кеше ішім ауырған соң тест корсем оң нəтиже енды алған ыстық укол балаға зиян тигызбейме

  37. Жүктіліктің 1-2 апталыгынды білмей антибиотик алдым 5 күн (ротацеф) казир 4 апта, балага зияны болама?

  38. Баланын жолдасы томен битсе коп журуге коп кыймылдауга ауыр котеруге даже 2кг болмайды.куйеумен коп косылуга болмайды.тек демалып жату керек.постельный режим болуы керек.баланын жолдасы жылжуы мумкин онда оздериниз босанасыздар.менде жолдасы жылжып 38 аптада озим босандым.барлыгы жаксы болады.тек жаксы нарсе ойлап Алладан дуга тилениздер.

  39. Гүлназ

    Мен 42демін,екінші балаға аяғым ауыр 6апта 6күн
    Қоңыр выделение келді соңы түнде қызылға өзгерді,енді
    Дюфастан ішіп үйде жатырмын бірақ қан жұғындап келіп тұр іштегі балам аман қалуы мүмкін бе?

  40. Айтолқын

    Ертең Риа тапсыратын едім. Кешке қандай тағам жеген дұрыс?

  41. Аноним

    Сəлеметсіз бе? Менің аяғым ауыр үшіншіме???? мендегі мəселе əйелдер кеңесшісіне есепке тұрмадым. Ай күнімде жақындап қалды. Тұрғылықты жерім басқа жақ пропискамда баса жақ РПН дегенімде басқа жақта үш жақта енді нестеуім керек???? екі кішкентайымды тастап кететін адам болмағасын осындай жағдайға кезігіп отырм. Енді қайда барамын кеңес беріңіздерші.

    • Сәлеметсіз бе! Сізге жақын поликлинткага барып әліде жазылуынызга болады деп есыткем. Тіркелген жерыныз алыс немесе дәрігерлердің жұмысына қанағаттанбасаныз өзгертуге болады. Жеке бас куәлігін алып жақын жердегі поликлиника ға барыңыз. Олар орын бар болса сізді өздеріне тіркейді ал алыс жақта тыркелген жерден автоматты түрде шығарып жібереді.

  42. меруерт

    салеметсиздерме.менде жуктилик 4-5апта . коныр выделение жугып тур. бул бала тусип калды деген нарсе ма.немесе каншалыкты кауипти… отинем жауап бериниздерши. узи ге али туспедим.

  43. АсСаляму алейкум! Жуктилигиме 3 апта болды. Ишим катты аурады? Ауырсынамын. Не себепти?

  44. Бағила

    Сәлеметсіздер ме! қазан айының 25 не менструациям келді, енді осы қараша айында келу керек еді, бірақ келмеді. Тестпен әлі көрмедім. Бірақ бүгін 30 қараша күні тісімді жұлдырып келген едім. Егерде мен бала көтерген болсам ол балаға қаупті емеспе? соны ойлап қорқып отырмын.

  45. Акмарал

    Сәлеметсіз бе? Менің аяғым ауыр. Мен қазир цистит болып қалдым не істеуге болады. Тезірек жауап беріңізші.

  46. Кымбат

    Мен ушиншиме жуктимин 4 апта маган кан келип жатыр. Не себепти екенин тусинби отырм. Маган комек билгир маман болса жазсаныздар екен. Даригерге коринеййн десем кызыммен болницада жатырмын. Басынан откен адам болса жазыныздаршы..

  47. Жулдыз

    Салем кыздар менын сорайын дегеным турмыска шыкканыма 3 жыл болады 2015 де июнда турмыска шыгып 5 кунден сон киста лазырны аператция болдым содан сон киеуымменен коп жасамадык баста 2 ай жасадым содан сон 2 ай жасамадык содан сон 3 ай жасап тагын жасамадык 2016 да июнда туркияга кеттым аркамдан 3 айдан кейын келды туркияда 1 жарым жыл болды ажраспай жасаватырмыс бырак котермедым жукты болуды коп ойлап шаршадым тест алыпта шаршадым алладан сораймын куны туны 3 Айдан беры мецишниым озгерды алдын 28 кун еды арасы казыр 25 кун алдынгы айда 26 кун болды арасы неге олай болып жатыр жардем берсендер кунар едым отыныш мендеде киеуымдеде проблем жок бырак бала бомай жатыр

  48. Айгерим

    Салеметсиздерма курметти болашак аналар сиздерди куанышты саттеринизбен куттыктаймын
    Мен сиздерден озим билми жаткан бир нарсе сурайын деп едим менин жуктилигиме 22 апта болды менде инфекция бар уш турли онын балама ешкандай зияны жокпа айтыныздаршы. Рахмет

  49. Сымбат

    сәлеметсіздерме, менің жасым 21 де жүктімін, төсек қатынасынан кейін, етеккір келді, ашық қызыл түсте, бұл жағдай балаға қауіп төндірмейді ма?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика