Бесік жыры туралы

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, ақ бөпем…

Бесік жыры баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бұдан бөлек, бесік жырының баланы тәрбиелеудегі тәрбиелік маңызы өте зор.

Бесік жыры қазақ халқынан басқа әлемнің басқа да халықтарының фольклорында кездеседі.

Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан әдет-ғұрып салтының бәрі де оның ауыз әдебиетінен орын алған. Мұны ол ескі кездің елесі есебінде кейінгі жас ұрпаққа өлең арқылы жеткізген. Қазақтың ескі әдет-ғұрып, салтында елеулі орын алған нәрселердің ішінен аңыз-әңгіме, өлеңжырға қосылмағаны жоқ деуге болады. Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмірі, тұрмысында кездескен, басынан өткен жайларының бәрі де ауыз әдебиетінде суреттелген. Жаңа туған жас балаға арнап «Шілдехана», алғаш рет жолға шықса, «Тоқым қағар» деген дәстүрлі той кәдесі жасалған. Осылардың барлығы ойын-сауық, өлең-жыр түрінде өтетін думанға және қазақ халқының жалпыға бірдей салтына айналған.

Бесік, Бесік жыры, Бесік жыры туралы

Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген.  Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың ені сау, ер-азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.

Бесік жырында ананың баласына деген мейрімі мен махаббаты беріледі. Мысалы:

Көзімнің, ағы, қарасы,

Жүрегімнің парасы,

Уайым, қайғы ойлатпас,

Көңілімнің санасы.

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

Әлди, балам, ақ балам,

Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай.

Әлдилеп сені сүйгенде,

Анаңның көңілі болар жай.

Бесік жыры ауыз әдебиетте ертеден бар. Оны әуеліде ақындар шығарған, соңынан жұрт тыңдап, жаттап алған. Бесік жырында айтылатын тілектер мен ақыл-өсиеттерден халықтың нені аңсағаны, нені көксегені байқалады. «Әлди, әлди,ақ бөпем» деп басталатын бесік жырында анасы баласын болашақта қандай адам ретінде көргісі келетіндігін айтады. Сонда:

Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?!

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?!

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің?!

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?! – дейді.

Осы бір үзіндіде халықтың бала тәрбиелеудегі ой-арманы анық көрінеді. Жасбалалардың кім болатынына, қандай адам болып өсетіндігіне баса назар аударып, бесік жырына қосқан. Мысалы, мал бағуды, кәсіп етуді, елін жаудан қорғауды жырдағы тілек, ой-арман арқылы жеткізген. Халық аузындағы бесік жырларында «бөтен елді шап», «барымта жаса», «жалқау бол» деген сөздер мүлдем кездеспейді. Өйткені ондай сөздер халықтың ойында болмаған, ондайды қаламаған және жас балаларды жауыз, қатыгез және жауапкершілікті ұғынбайтындай етіп тәрбиелеуге себеп болады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының фольклорындағы бесік жырының тәрбиелік маңызы мен шаршаған сәбиді жұбатып ұйықтатудағы маңызы зор.
фото: anatili.kz

Ұқсас мақалалар

Бесік той (Бесікке салу)

Бесіктің жабдықтары

Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қызықты мақалалар

Бөбек бөлеу (Ана жыры)

Бөбек бөлеу (Ана жыры) Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек, Бөлейін бері кел, бөбек. Бедерлі бесік, төрт …

4 комментария

  1. Жангул

    МЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ЖАҚСЫ КӨРЕМІН.ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН КЕЗДЕ ЕҢ АЛДЫМЕН БЕСІК ЖЫРЫ СОДАН КЕЙІН ШІЛДЕХАНА ТОЙЛАЛЫЛАДЫЮ

  2. гулзира

    Әлемді устап тұрған ана мен баланың бір-біріне деген шексіз, кіршіксіз, пәк махаббаты болар?! Барлык ана мен бала бакытты болуга тиісті. Әрбір ананың АЛЛА тілеуін берсін!!!

  3. Салима

    Қазақ салт-дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу сіздердің әрі біздердің борышымыз.
    осындай қазақ салт-дәстүрін дәріптейтін осындай сайттардың көбейе беруін тілектеспін!

  4. Бекврыс

    Өте көңілді!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика