Басты бет / Жүктілік & босану / Босану / Түсік және уақытынан бұрын босану

Түсік және уақытынан бұрын босану

Сыртқы әсерден болмаған түсік

(спонтанды аборт – ішкі құбылыстардың салдарынан болатын түсік)

Белгілері: іштің төменгі жағының созылмалы түрде ауыруы, түйілуі де мүмкін, қынаптан қанды іріңнің бөлінуі.

Есте сақтаңыз! Егер осы белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге барыңыз, түсіктің алдын алуға болады!

Дәрігерлік қабылдаудан және УДЗ, сараптамалардың нәтижелерінен кейін жүктілікті үзу қаупі расталса, онда жүктілікті сақтап қалуға бағытталған шаралар жүргізіледі.

Егер әйелдің елеусіз ауырсынулары байқалса, қанды іріңнің бөлінуі болмаса, бұрын іш тастамаса, акушер-гинеколог емделушінің үй жағдайында ем қабылдауына рұқсат бере алады. Бұл жағдайда оған емдік шаралардан тыс, тыныштық сатқтау, төсекте жату керек және міндетті түрде жыныстық қатынастан аулақ болғаны дұрыс.

Ал егер қанды ірің бөлінсе, іштің төменгі жағы ауырса немесе бұрын түсік тастаса, оны ауруханаға жатқызады.

Емдеу шаралары дәрігермен бекітіледі, әдетте тыныштандыратын дәрі-дәрмектер, дәрумендер, спазмолитиктер және қажет болса гормондар қабылдауды жазып береді.

Егер сонда да түсік болса, онда оның себептерін анықтау үшін жалпы тексерілуден өту тағайындалады, асқынулардың дамуының алдын алу үшін профилактикалық шаралар өткізіледі. Оған қоса, спонтанды түсік болған әйелдер психотерапевттің көмегіне мұқтаж.

Ерте босану

Ерте босану қауіпті және басталған болып келеді.

Ерте босану, Ерте босану: мерзімінен бұрын туылған сәби, шала туылған сәби

Іштің төменгі жағынан сезілетін толғақ тәріздес немесе бел маңайының ауырсынуынан және жыныстық жолдан қанды іріңнің бөлінуінен туындайтын жатыр белсенділігінің артуынан ерте босану қаупі төнеді. Уақытында көрсетілген медициналық көмек ерте босанудың алдын алады.

Басталған ерте босануды тоқтатуға болмайды, оны тек бірнеше сағатқа кешіктіруге болады.

Ерте босанудың белгілері:

  • жатырдың үнемі қысқаруы – жиілігі сағатына 5 рет не одан да көп;
  • жыныстық жолдан алқызыл түстес қанды іріңнің бөлінуі;
  • қолдың немесе беттің ісінуі;
  • зәр шығару кезінде ауырсыну белгілері;
  • іштің қатты және ұзақ ауыруы;
  • құсу;
  • жыныстық жолдан күтпеген жерден мөлдір сұйықтықтың ағуы;
  • арқаның (белдің) сыздап ауыруы;
  • жамбастың төменгі жағына қатты қысым түсу.

Босандыру жүктіліктің мерзіміне, ана денсаулығына, ұрыққа байланысты жүргізіледі. Жүктіліктің екінші жартысында токсикоз, инфекциялық аурулар, басқа да аурулар болса, асқынуларға жол бермеу үшін босандыруды тездету қажет. Көбіне мұндайда кесар тілігімен босандырады.

Ерте босануда балалар өмірге жетілмей келгендіктен, оларды жетілмей туылған балаларды күтуге арналған арнайы бөлімшелерге орналастырады.

Жүктіліктің соңғы мерзімге дейін жетпеуі

Бұл – ұрықтанған соң 37 аптаға дейін жүктілікті өздігінен тоқтату. Жүктіліктің 22 аптасынан соңғы мерзімге дейін жетпеген жағдайларды өздігінен түсік тастауға (аборт) жатқызады. Өмірге қабілеті бар, дене салмағы 500-2500 г., бойы 25-45 см. болып 22 аптадан 37 аптаға дейінгі мерзімде баланың туылуын ерте босану деп атайды. Өкінішке орай, қазіргі уақытта 10-25% жүктілік белгіленген уақытынан бұрын аяқталады.

Жүктіліктің үзілуінің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Көбіне бұл әйел ағзасының патологиялық жағдайына байланысты. Оған жыныстық мүшелердің анатомиялық және функционалды өзгерістері жатады.

Жыныстық мүшелердің анатомиялық өзгерістерін тудыратын себептер:

  • жатырдың жетілмеуі (инфантилизм);
  • жатырдың дамуындағы ақаулар;
  • истмико-цервикальды жетіспеушілік –жүктілік кезіндегі салмақтың артуынан жатыр мойны мен қылтасының шамасы жетпей, жатырдың уақытынан бұрын ашылуы;
  • бұдан бұрынғы түсік пен босану кезінде жатырдың жарақаттануы;
  • түрлі ісіктер, көбінесе, жатыр миомасы.

Жыныстық мүшелердің функционалды өзгерістерін тудыратын себептер:

  • инфекциялық аурулар (әсіресе бала кезінде және жасөспірім кезінде);
  • жасанды түсіктер;
  • жыныстық мүшелердің асқынған аурулары (эрозия, цервицит, кольпит, түрлі инфекциялар);
  • патологиялық босанудан кейін, стресстік жағдайлардан соң, жалпы аурулардан кейін ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы (әсіресе, гипофиз, қалқанша безі).

Жүктіліктің үзілуінің 64-74%-ның себебі – аналық клетка мен жолдастың (плацента) гормональдық жетіспеушілігінен. Көбіне прогестерон мөлшері жетіспейді. Мұндай жағдайда оның жетіспеушілігінің орнын жасанды түрде инъекция жолымен толтырады.

Вирусты инфекциялар (қызылша, ұшық (герпес), тұмау, паротит, цитомегаловирус) ерекше назар аударуды қажет етеді. Оның қоздырғыш талшықтары жолдас арқылы еніп, ұрықтың жатыр ішінде ауру жұқтыруын тудырады.

Кейде жүктіліктің үзілуіне ауыр стрестік жағдайлар да себеп болады.

фото: familieninsel.de

Қызықты мақалалар

Перзентханаға алып баратын заттар

Перзентханаға не алып бару керек?

Жүктіліктің соңғы апталары жақындаған сайын әрбір ананың бойында қорқыныш пен үрей билейтіні жасырын емес. Мейлі, …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика