Year archives: 2013

Туберкулез деген не?

Туберкулёз — туберкулездің микобактериялары (туберкулез таяқшасы) арқылы туындайтын инфекциялық ауру, әдетте өкпе қабынып, сонымен бірге сүйек пен буындарға, көз, тері, несеп мүшелеріне зиянын тигізеді. Оның ашық және жабық түрі болады. Ашық түрі қоршаған ортаға қоздырғыштар таяқшаларын бөледі, ал жабық түрінде қоздырғыштар бөлінбейді.

А дәрумені және оның жүкті әйелдерге зияны

А дәрумені — біздің ағзамыз үшін ең қажетті дәрумендердің бірі. Бұл дәрумен жануарлардың бауырында көп болады. А дәрумені алғаш рет сәбізден алынған. Сол себепті ағылшынның «carrot (сәбіз)» сөзінен А дәрумендерінің тобы – каротиноидтар деген атау алды. Каротиноидтар өсімдіктерде, кейбір саңырауқұлақтардың құрамында болады, ағзаға түскенде олар А дәруменіне айналады. Каротиноидтардың бес жүзге жуық түрі белгілі.

Сәкен Майғазиев қызды болды

«Музарт» тобының әншісі, көпшіліктің сүйікті әншісі Сәкен Майғазиев 2013 жылдың 3 тамызы күні таңертең қызды болды. Бұл туралы әнші өзінің Туиттер мен Фейсбуктегі ресми акаунттары арқылы хабарлады. Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динараның 1998 жылы дүниеге келген Әділет есімді ұлдары бар. Майғазиев мырза мен оның жұбайын отбасындағы екінші перзенттерінің дүниеге келуімен «Ана мен бала» сайтының атынан құттықтаймыз. Кішкентайдың бауы …

Біздің сәбиіміздің есімі — Хақназар

Біздің балапанымыздың есімі – Хақназар, әкесі қойды. Бұл есімді таңдауымыздың екі түрлі себебі бар. Біріншісін айтсақ, Хақ – Алла Тағаланың 99 көркем есімдерінің бірі. Сондықтан, перзентімізді, ең алдымен, Жаратушы Иеміздің назарында болсын деген ниетпен осылай атадық. Себебі балаға жақсы ат қою – пайғамбарымыздың сүннеті. Қазақ – ырымшыл халық. Қашан да жақсыға құмар. Соған сай «жолын …

Біздің сәбиіміздің есімі — Шыңғыс

2010 жылдың қаңтар айының қасиетті жұма күнінде алғаш рет ана болдым. Отбасыдағы көптен күткен немере болғасын, атасы мен әжесі 1 айдай атын қоюға дайындалып жүрген. Атамыз ол кезде Алматының бір балабақшасында қызмет атқарып жүрген. Бір күні балабақшадағы барлық балдардың аттарын екі параққа жазып алып келді. Даниель, Ерасыл, Алихан сынды әдемі есімдерден кейін ШЫҢҒЫС есімі тізімді …

Біздің сәбиіміздің есімі — Муфида

Алғашқы перзентімізді отбасылық өміріміздің үшінші жылында көрдік. Нәрестеміз дүниеге келер алдында қандай есім қойғанымыз жөн деп біраз бас қатырғанымыз рас. Ата-ене, басқа да жолы үлкендер тарапынан ат қою турасында талас тумай, Құдайға шүкір, ат таңдау жолдасымыз екеумізге бұйырды. Өйткені, өзіміздің көптен күткен қуанышымызға орай, ата-анасы ретінде ат қою міндеті өзімізде қалды.

Егіздер жайлы: егіздер қалай туылады?

Адам баласының ана құрсағында өзі сияқты екінші бір ұрықпен (баламен) қатар жетіліп, дүниеге бір уақытта келуі, егіз болып туылуы — көзбен құлаққа үйреншікті жағдай. Бірақ егіздер жайлы не білеміз? Қызық дерек: Әлемде 70-80 млн.-ға жуық егіз адамдардың жұптары бар көрінеді. Адам ұрпағы саналатын егіздердің негізгі екі түрі бар. Бірі: бір жынысты, бір-біріне қатты ұқсайтын егіздер; …

Азан шақырып ат қою туралы не білеміз?

Азан шақырып ат қою

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса – ұзату)» Хадис-шариф Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да …

Суда босану жайында

Су әрқашан тірліктің көзі, саулықтың кепілі деп саналған. Ерте замандардағы халықтардың арасында өзен-теңіз суларын емдік мақсаттармен қатар босануға да пайдаланған. Суда босану – баланың жылы суда дүниеге келуі. Қазіргі таңда тіршілік көзі саналатын суда босану әлемде күн санап танымалдыққа ие болып келеді. Бұл әдістің теориясы былай түсіндіріледі: сәби анасының ішінде суда болады, ал оның дүниеге …

Яндекс.Метрика