Басты бет / Салт-дәстүр / Тұсау кесу (Баланың тұсауын кесу)

Тұсау кесу (Баланың тұсауын кесу)

Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі.

Қазіргі кезде көпшіліктің қатты қателесетін бір жері бар. Ол — қайшымен кесу. Қазақ халқында қайшылану жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан «баланың өмірі қайшыланып қалмасын» деген ниетпен тұсауды қайшымен емес, пышақпен кескен.

Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Тойға келген тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастарқан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесер әйел дайындап алып келеді. ал тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді, жасы үлкен, балалы-шағалы әйелге жүктейді. Ол әйел шамасына қарай бағалы сыйлық береді. Кей жерлерде баланың басынан аяғына дейін жаңа киімдер кигізіп, әкелген сыйлығын ел көрсін деп тұсауын кесіп ортаға жібермей тұрып кигізіп қояды. Бұрынырақта тұсауы кесілетін балаға ат пен ер тоқым сыйлаған. Қазір олардың қажеті шамалы болғандықтан баланың қажетіне жарар ойыншық, киім-кешек сыйлап жатады.

Тұсау кесуші көпшіліктің алдында даярлаған сыйлықтарын беріп, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектер айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң сәбиді екі адам екі қолынан ұстап, ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры айтылады.

Жіпті ақ, қара жіптермен өріп, еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды. Ақ пен қарадан есіп жасалған ала жіп «біреудің ала жібін аттамасын» деген жақсы ниетті білдіреді.

«Бай болсын» деген ниетпен жасыл шөптен жасалған арқанмен ырымдап тұсау кеседі. Ал малдың тоқішегімен тұсау кесудің сыры «тоқ болсын» деген ниетте жатыр.

Тұсау кесер тойында өлеңдер айтылып, қонақтар тілектерін тілейді. Тұсау кесер тойына арналған көпке мәлім әннің бірі мынау:

Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Тоқымыңды жаз балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой,
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса ғой.
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе.
Ілгері бас шегінбе.

Тұсауын кескен әйелге әке-шешесі ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын, киітін береді. Кейбір жерлерде тұсауын кесетін балаға тұсау кесетін әйел аяқ киім немесе бастан аяқ киімнен бір тоғыз етіп жасап алып келеді. Шамасы келіп жатқандар сол жастағы балаларға арналған үлкен ойыншық сыйлайды.

Ұқсас мақалалар

Тәй-тәй, балапаным, келе ғой!

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Сәбиге ат қою

Шілдехана (Шілдехана тойы)

Қызықты мақалалар

Бесік той фото, Бесікке салу фотосы

Бесік той (Бесікке салу)

Бесік той — дәстүр, отбасындағы тұңғыш нәресте дүние келгеннен кейін, қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. Бесік …

37 комментариев

  1. Рамхат

    тусау кесерде баланын алдына койылатын заттар?кандай магнада кояды?

    • Тусау кескенде койылатын заттар кыз балага айна тарак сырга т.б ербалдарга доп камшы акша т.б койылады бала сол заттардын калаганын алады сол бойынша баланын ким болатынын айтып ырымдайды мысалы китап алса акылды билимды , акша алса бай ,микрафон алса аншы,айна тарак алса адемы сулу болады деп болжап айткан

  2. Рамхат

    жауап жазбайма ешким

  3. мына бет неге көшірілмейді көшіріп алмасақ онда қандай пайда

  4. Жасы үлкен адам ба әлде жас адам ба тұсау кесетін? Менінше Зейнеп апамыздың айтқаны дұрыс сияқты. adyrna.kz/?=822

  5. Мейрамгуль

    наурыз мерекесіне керек

  6. Салтанат

    Cәлеметсіздер ме? Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз мерекесіне орай тәй-тәй басқан ұлымның тұсауын кестірмекшімін. Сіздерлің сайттарыңызға үлкен рахмет! табыс тілеймін.

  7. Тусау кесерде алдына бирнеше зат койылады, биз китап-акылды, окымысты, акша-бай, нан — жемисти, килт т б койдык. Олай жасау себеби болашагынан жаксы умит куту леп ойлаим. Китапты тандады.

  8. Салеметсиздер ме, менде сурак осы такырып бойынша, тусауы кесилип болган сон, баланы алып кашады, осы жайында толыгырак билсем, ким алып кашады.

  9. Нурсултан

    неге көшірілмейді? көшіре алмасақ одан қандай пайда?

    • Ана мен бала сайты

      Біздің сайтымыздағы мақалаларды ұрлап, рұқсатсыз өт аттарынан жариялайтындар көп. Сондықтан көшіруге рұқсат жоқ.

  10. Әкесі өз баласының тұсауын кесуіне болады ма?

  11. Айданай

    Киши кызым суриншек. Тусауын ырымдап кайта кесуге бола ма?

  12. Бала суриншек болса тусауын кайта кесуге болады.

  13. Гулнар

    Балам 9 жаста өте сүріншек қайта кесуге болама. Баланың тұсауын қайта кесу үшін қандай салт-ырымдар бар екенін айтуларыңызды сұраймын.

  14. жазира

    Тұсау кесілгеннен кейін. Тұсау кесилген жипти не истеу керек.

  15. Бахытгул

    Менин де сурайын дегеним тусауы кесилген сон жипти не истейди.

  16. Бахытгул

    Тусау кескен жипти не истеуге болады

  17. Тұсау кескеннен кейін жіпті көпшілік жүретін жерге тастау керек деп жазылған басқа сайттарда

  18. Тұсау кескен жіпті ырымдап бала көтере алмай жүрген жұпқа немесе баласы тай-тай басқалы жатқан жұпқа беру керек.

  19. Балауса

    Ұл балаға алдына не қояды айтыңыздаршы срочно

  20. Айгуль

    Саламатсыздарма. Алла каласа улымнын тусауын кестиргели журк.осы салт дастур жайында коп нарсе билгим келеди.менин 2енем бар екеуиде еки турли айтад ал мен накты салт дастурге сай жасагым келед.сосын ер адамга кестируге болама жане ол кисиге не беру керек.

  21. Мереке

    Ер адамга кестируге болады. Калтанызга карай бересиз. Менде жакында улымнын тусауын кестирдим. Машина килтин тандады. Бирак айел кисиге кестирдим! Алтын сакина, куйеуине кишигирим сыйлык бердим. Олар балама киим акелди.

  22. Назгуль

    Сәлеметсіздерме. тұсау кесекнде айел адам гана кесу керек па. ер адамга кескизуге болама.

  23. Сəлеметсіздерме!кім біледі,жүкті əйелге баланың тұсауын кесуге болама?

  24. Баланын тусауын артына турып кесе мен алде алдынан кесе ме

  25. Айнура

    Кешириниздер сиздерден сурайын дегеним менин инимнин жакында тусау кесери болады соган кандай ырымдарды билесиздер ????????

  26. Перизат

    Сəлеметсізбе.. кызымның тұсауын бойдак кыз кесуге бола ма

  27. Саламатсиз ба, кызымнын тусауын синилиме кескизейн деп ойлаганмын, бирак ол жас, турмыс курмаган (жаксы окып, ширак, мейримди болган сон синилиме кескизейн деп ойлаганмын). Осындай жагдайда болады ма кескизуге, алде миндетти турде улкен киси болу керек п?

  28. Гулнур

    Баланың тұсауын қайшымен емес, пышақпен кескен дұрыс дегенді оқып едім, пышақ күнделікті қолданыстағы пышақ болу керек пе ? әлде жаңасын сатып алған дұрыс па? кім біледі? білетіндеріңіз болса, жауап беріңіздерші өтінемін, бір-екі күнде тұсауын кестірейік дегенбіз?

  29. Толкын

    Салеметсиз бе! Ер баланын тысауын ким (ер Адам, алде айел) кескенин дурыс?

  30. Салтанат

    Ассалаумагалейкум! Ер баланин тусауын екі рет кесуге болама !

  31. Салематсызба! жауап берсениз жаксы болар еди.. Менин анам айтуы бойынша кишкентай кезимде тусауым кесилмеген..Сондыктан болар коп суриншектигин..жолында коп кедергилер туындап жатканы деп айтады..анам ози ырымдап тусау кессем дейди! онын каншалыкты комектесетинин билмеймин.

  32. Эльмира

    саласаламатсыздар ма? Ер баланың тұсауын əйел адам кесуге болады ма? Бір кескенде екі бірдей затпен яғни жіппен жəне тоқ ішекпен кесуге болады ма? Тұсау кесер əнін анасы айтса боладыма? Тұсауын кескен соң əкесімен анасы жетектеп жүрсе боладыма? Өтінем жауап беріңізші.

  33. Тусауды 2 рет келеси ? 2 турли адам? Болама
    ? Алде калай болад?

  34. Алдына зат кою. Ол коррецтердин дәстүрі. Казакка жат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика