Басты бетке Балалар әлемі Бала тәрбиесі Бала тәрбиесі жатырда басталады

Бала тәрбиесі жатырда басталады

250
4
Бөлісу

Бала тәрбиесі жатырда жатқанынан басталады. Бұл — ақиқат. Баланы тек ес білгенінде тәрбиелеу дегеніміз бала тәрбиелеуді көп уақытқа кешеуілдеп алу деуге болады.
Жатырда жатқан сәби әлемді қалай қабылдайды?

Ең алдымен, сәбидің анасының жатырда жатып әлемді қалай қабылдайтынын біліп алу қажет.

Дүниеге келмей-ақ сәбидің есту қабілеті дамиды. 16-шы аптасында-ақ ол анасының тамырлар жүйесіндегі қан айналысының дыбысын естіп жатады, алайда толығымен оның кішкентай құлақтары 24-ші аптаға қарай қалыптасып бітеді. Ол анасының жүрек соғысына үйрене бастайды, анасының даусына, анасы тыңдап жатқан әуенге елеңдей бастайды. Туыла салысымен-ақ сәби тек туған анасының даусын ғана емес, сонымен қоса, айналасындағы адамдардың сөйлеп жатқан тілін біле бастайды. Зерттеулер көрсеткендей, сәби өз туған тілінде сөйлеген адамға көп қызығушылық танытады.

Жатырдағы сәби, Жатырдағы сәбидің суреті

Сәбиді әкесінің даусымен таныстырған маңызды. Әкесі сәбиімен анасының жатырында жатқанда-ақ, ішіне тақалып сөйлесіп, тығыз байланыс орната бастасын. Сәби міндетті түрде оны естиді, себебі ұрық маңайындағы сұйықтық дыбыстарды жақсы жеткізеді. Мұндай байланыс әке мен бала арасындағы жақсы қатынасты қалыптастырады.

Сәби тек естіп қана қоймай, анасының сөйлеу мәнеріне қарай қимылдайды. Сондықтан өзіңіздің жаныңызды тыныштандыратын дауыс ырғағы мен жай шыққан дыбыс сәбиіңізді де тыныштандырады. Ал қызулы әңгімелер немесе даусы қатты әуендер ойнап тұрған кезде ол айналып, аяқтарымен тебе бастайды, яғни мазасызданады.

Сонымен бірге, анасының жатырында жатып сәбидің сезу қабілеті де дамиды, иіс пен әртүрлі дәмдерді қабылдай алады.

Ең бірінші сезу қабілеті дамиды, сондықтан жүктіліктің ең алғашқы кезеңінде-ақ сәбимен қарым-қатынас жасауға болады (ішіңізді сипап). Егер жүктілік кезінде осындай қатынас орнатсаңыз, келешекте оны аяғынан не қолынан сипалап отырып ұйықтатуға жеңіл болады.

16-шы аптаға қарай ұрықтың дәм сезу рецепторлары қалыптасады. Анасы жеген азықтың бәрі сәби ағзасына жолдасы арқылы беріліп, ұрық маңайындағы суға сіңеді. Осылайша, сәби тамақтың дәмін біледі. (Ұрық маңайындағы суға ащы және тәтті заттарды енгізу арқылы зерттеушілер сәбидің тәтті сұйықтықты құмарлана жұтатынын, ал егер ащысы түссе – түнеріп қалатынын анықтады.) Оған қоса, сәбидің туылғаннан соң жейтін тамақтары анасының жүкті кезінде жегендеріне байланысты. Сондықтан егер өсіп келе жатқан сәбиіңіздің болашақта тамақтың барлығын дерлік, талғамай жегенін қаласаңыз, жүктілік кезінде әртүрлі тамақтанғаныңыз жөн.

Жатырда жатқан сәбиді қалай тәрбиелеуге болады немесе болашақ анаға арналған «тапсырмалар»

Сәбидің жағдайына мұқият қараңыз. Әртүрлі әрекеттерге қалай жауап беретінін есіңізде сақтаңыз және оның қимылының мағынасын түсінуге тырысыңыз. Сәбиіңіздің «қалауын» анықтаған соң оған ұнайтын нәрселермен көбірек айналысыңыз.

Сәби (тек жатырда ғана емес, туылған соң да) сыртқы әлемді анасының эмоциясы арқылы қабылдайды. Шамамен 20-шы аптадан бастап сәбиіңізге өзі аяқ басатын әлемі туралы әңгімелеп беріңіз. Мұнымен табиғат аясында отырып (оның сұлулығын сипаттап) айналысқан жақсы. Бұлай сіз тек сәбиіңіздің өмірге деген жағымды қатынасы мен көзқарасын қалыптастырып қана қоймайсыз, сонымен бірге, болашақта онымен тіл табысуға үйренесіз. Стресстік жағдайларда міндетті түрде сәбиіңізбен сөйлесу керек.

Сәби ырғақты әуендерді есінде тез сақтап қалады. Сондықтан күнделікті қайталанатын әрекеттерді (таңертеңгілік ұйқыдан тұру, кешке ұйқыға жату, жуыну, тамақтану) есте қаларлық қысқа әуендермен бастаған жөн. Осылайша қарапайым, қысқа ырғақты әуендер арқылы сіз сәбиіңізді туылмай жатып-ақ күн тәртібіне үйрете бастайсыз.

Жаңа туылған нәрестемен қарым-қатынас (пренатальды тәрбие)

Әр адамның дүниеге келгенге дейін соқыр сезімінде (подсознание) өмір туралы естеліктер сақталып қалады. Жаңа ғылыми бағыт – трансперсоналды психология – босану сәтін адамның санасы мен психикасының қалыптасуының негізі деп қарастырады. Егер жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең ауыр жағдайларда өтсе немесе сәби анасының эмоционалды қатынасын сезінбесе, оның барлық өмірі үреймен өтеді, өз-өзіне сенімсіз болады, айналасымен қарым-қатынас жасағанда қиналады, әлемге деген агрессивті көзқарас пайда болады, өмірдегі қиындықтармен бетпе-бет келгенде психикалық ауытқушылықтар және жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады. Мұндай проблемалардың алдын алу үшін пренатальды тәрбие әдістері қолданылады.

Пренатальды тәрбиенің негізі міндеті – болашақ анаға туылмай тұрып сәбиімен толыққанды байланыс орнатуға көмектесу. Балалық шағында аналық мейірімді сезініп өскен әйелге бұл қиындық тудырмайды. Ал кейбіріне бұған үйрену қажет.

фото: Медлаб.рф

Ұқсас мақалалар

Балаңыз өтірік айта бастаса…

Тсс! Жаман сөз айтпа…

«Папа» мен «мама» сөздері жайлы

Балаңыздың алдында айтылмайтын әңгімелер

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

4 Пікірлер

  1. Салеметсиздерме?меним сурагым,етеккир аркылы иштеги бала тусип калуы мумкинба?жанеде етеккир уакытынан 6кун неге кешигип келеди

  2. Бала тәрбиесі біріншіден ананың сүтімен беріледі, сосын барып ата-ананың тәрбиесімен қоректенеді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың деп бекер айтпайды. Не құрлым бала мейірімді көп көрсе, сол құрлым адамгершілікті бойына көп сіңіреді. Қазіргі кезде уақыттың тапшы, мейірімнің аз, керексіз ақпарат легінің өте көп заманында — бала өз әлемінің ішінде жоғалып бара жатыр. Осыдан барып меірімсздік, қатыгездік, жалғыздық орын алады. Баламен көбірек сөйлесіп, оның ішкі әлемін түсіне білу керек деп ойлаймын.

  3. Men sabin jegendi jaksi korem. Ayagim auir kezde de azdap jegem.sodan ba bilmedim kizimnin bir kozinin karawigi kiwkentai bop tuildi.kizim 2 jaska toldi. Endi ekinwime juktimin sabin jegim kelse de aren widap jurmin.arine balamnin densauligina aser ete ma dep.otiniw kalai sabin jeuden kutiluga boladi.munin kandai ziani bar.tel 87756021990

  4. Салеметсызбе!
    Менын сурагым аягы ауыр кезде ананас жеуге болады ма?Балага ешкандай зияны жок па?

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз