Басты бет / Салт-дәстүр / Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару.

Жас келіннің аяғы ауырлағаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары мен енелері (ағайын-туыстар арасындағы үлкен әжелер) жиналып «Құрсақ шашу» думанын жасайды. Оған келіннің анасы да шақырылады. Думанда дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге аман-есен босанып алуын тілеп, ақыл-кеңестерін береді, шашу шашылады. Құрсақ көтеру мен дастарқандағы шашудың себебінен бұл дәстүр «Құрсақ шашу» деп аталып кеткен. Кей жерлерде «Құрсақ той» деп те аталады.

Қазақ халқы құрсағына бала біткен келіншекті ырымдап «күмәнді», «аяғы ауыр» немесе «ішінде көжесі бар» деп айтқан. Оның сыры келінге ыңғайсыздық тудырмау, көз тиюден сақтау мақсатында жатыр.

Егер жас келіннің аяғы ауырлағанын абысындары бірінші болып білсе, келіннің енесінен сүйінші сұрайтын болған. Сүйіншісін берген енесі қуанышты хабардың соңын құрсақ тойына айналдырған. Бұл той адам баласының құрметіне арналатын ең алғашқы той болып саналады. Құрсақ шашудан соң нәрестенің дүниеге келгенін «Шілдехана» думанымен жалғастырған.

«Құрсақ шашудың» тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқының танымал эпостарының бірі «Алпамыс батырда» осы дәстүрдің сол кездегі қоғамда пайда болғандығы туралы айтылған. Мысалыға, академик Ақселеу Сейдімбектің эпостық жырды қара сөзге айналдырған «Алпамыс батыр» еңбегінде мынадай қатарлар бар:

«… Жақсы нышанды көздері көріп, көңілі орныққан ел-жұрты сол жерде құтты болсын айтысып, Байбөрінің төбедей ақ ордасының төріне жеткізе құрсақ шашу шашты. Бұл бұрын-соңды болмаған дәстүр еді… Сол кезден бастап байтақ жатқан Жиделібайсын жерінде жүкті болған әйелге ақ тілеу айтып, құрсақ шашу шашатын дәстүр қалыптасты»

Ұқсас мақалалар

Сәбиге ат қою

Бесік той (Бесікке салу)

Шілдехана (Шілдехана тойы)

Ашамайға мінгізу

Бауырына салу дәстүрі

Қызықты мақалалар

Бала асырап алу

Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика