Басты бетке Балалар әлемі Бала тәрбиесі Бала неге өтірік айтады?

Бала неге өтірік айтады?

36
0
Бөлісу

Неге бала бізге өтірік айтады? Көбіне өзін бізден қорғап қалу үшін. Бірақ бала өтірік айту арқылы белгілі бір адамнан ғана қорғанып қалмайды (ата-анасынан, достарынан, т.б.), ол өмірдің өзінен де қорғанады. Өйткені «өтірік айту» деген тек алдау ғана емес, сонымен бірге, ойлап шығару, қиялдау деген сөз.

Балалық шақ — алтын кезең, уайым-қайғысыз, бақытты шақ… Алайда, сәбидің ішкі әлемі біз ойлағаннан да анағұрлым күрделі. Алғашында олар әлемді «түсініксіз, қамқорсыз, панасыз, қауіпті әлем» деп қабылдайды. Отбасы мүшелерінің арасында да өзін жалғыз қалғандай сезінеді. Бойындағы азапты мұң, реніш, қайғыны сөзбен жеткізе алмай, білдіре алмай, бала айналасынан қорғаныш  іздей бастайды. Сондықтан олар қиялдап, өтірік айтуды үйрене бастайды.

Бала неге өтірік айтады?

Қиял әлеміне ене отырып, бала ақиқаттан алыстайды, яғни оны өзінше «дуалайды». Айшықсыз күйінде әлем оған дұшпан, суық, дөрекі, жайсыз болып елестейді.

Барлық бала да арманында әдеттегісінен өте алыс өзіне ғана көрінетін сұлу әлемді жасап қиялдайды.

Ең алдымен сізге балаңыздың неліктен шындықтың орнына өтірікті таңдайтынын талдауыңыз қажет, содан соң өтірік айтуға не себеп болғанын түсінуге тырысыңыз. Төменде баланың неліктен өтірік айта бастайтындығы туралы бірнеше уәждер келтірілген:

  1. Өтірік бала өмірін жеңілдететін амал болып табылады. Әсіресе, ата-анасы оған үнемі «болмайды» деп шек қойып отырса;
  2. Өтірік баланың жан дүниесі туралы хабар береді: оны не мазасыздандырады, не қинайды, не нәрсе қатты үрейлендіреді, мүмкін, шешімін қажет ететін мәселелер бар шығар;
  3. Стресстік жағдайлардан қашады;
  4. Егер сіз балаңыз бүлдірген «түймедей нәрсені түйедей» етіп көрсетуге тырыссаңыз, балаңыз сізге келесіде тағы да өтірік айтуға мәжбүр болады;
  5. Өтірік айту арқылы бала жазаланудан қашады. Ойланып көріңіз, балаға қоятын талаптарыңыз өте қатты емес пе, қойған талаптарыңыз оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес келе ме? Сіз үнемі оған ақыл-өсиет, уағыз айтып, намысына тимейсіз бе? Жазалау алдында баланың қорқынышы бар ма?
  6. Егер ата-анасы баласына жеткілікті түрде көңіл бөлмесе, бала өтірік айта бастайды. Ата-анасының назарын қалай болса да өзіне аудару үшін ол түрлі әрекеттерге барады.
  7. Балалар біреуге күлкі болудан қашып, өтірік айтады (абайсызда жүгіріп келе жатып, шалшық суға құласа, т.б.);
  8. Өте жақсы болып көрінуге тырысады (мақтаншақтық);
  9. Жасөспірім шақта бала өтірікті жеке өмірін қорғау, өзінің дербес екендігін көрсету, қиындықтан, жазаланудан құтқаратын және шындықты айтқанда қол жеткізе алмайтын нәрсесіне өтірік айтып жету әдісі ретінде қарастыруы мүмкін.
  10. Тағы да бір өте жиі кездесетін себебі, ата-анасының көңілін қалдырамын деген үрей. Бала ата-анасының үмітін ақтауға тырысады. Көптеген балалар өзінің болашағы жақсы бағаға байланысты деп есептейді. Егер сол бағалар үмітін ақтамаса, сабақ үлгерімі нашарласа, онда бала өтірік айтудан басқа амалы жоқтығын сезінеді.

Егер балаңызды адалдыққа, өтірік айтпауға тәрбиелегіңіз келсе, онда оның ащы, жағымсыз шындығын тыңдауға дайын болуыңыз қажет. Өзінің сезімдері туралы (жақсы-жаман болсын, күлкілі болсын) өтірік айтуына жол бермеңіз. Сезімдері туралы айтып берген әңгімесін сіздің қалай қабылдағаныңызға байланысты балаңыз іштей «шынымен де шындықты айту  жақсы нәрсе ме?» деген ой түйеді.

Егер баланы шындықты айтқаны үшін жазаласа, онда олар өзін қорғап қалу үшін өтірік айта береді. Кейде олар қиялдайды, күнделікті өмірінде жетіспейтін таңғажайып нәрселерді ойдан шығарады. Баланың айтқан өтірігі оның жан дүниесі туралы шындықтың бетін ашады: оның қорқынышы мен үміті, болашақта кім болатыны туралы арманы, не істегісі келетіндігі жайлы.

Балаңызға шынайылық пен үмітінің арасындағы шекараны түсіндіргіңіз келсе, өтіріктегі мәліметті пайдалану қажет. Егер сіз қызыңыздың математика сабағынан бақылау жұмысын нашар жазғанын білсеңіз, оған бетінен алып: «Бақылау жұмысы қалай өтті? Бұл жолы сен мені алдай алмайсың! Мен мұғаліміңмен сөйлестім және жұмысты нашар орындағаныңды білемін» деп айтудың қажеті жоқ. Оның орнына балаңызға: «Мұғалімің математикадан бақылау жұмысын нашар жазғаныңды айтты маған. Мен саған қалай көмектессем екен деп ойланып, уайымдап отырмын» деп жанашырлық көңілмен тура айтыңыз.

Егер балаңыз сонда да өтірік айтуын қоймаса, айқай-шу шығарудың, ақыл-өсиет айтудың қажеті жоқ. Тек сөзбен және іспен жауап беру керек. Бала ата-анаға өтірік айтудың қажеті жоқ екендігін түсінуі тиіс.

Өтірік шындығында да көптеген мағынаға ие. Өзін құтқару үшін айтылған өтірік.

Өтірік — қулықтың бір әдісі. Есейген сайын бала өтірікті нәзік түрде айтуды үйреніп, әдетке айналдырып алады, алдымен байқаусызда, ал кейін саналы түрде. Сондықтан мұндай жолға түспесін десеңіз, ертеден балаңызды өз сөзі үшін жауап беретіндей етіп тәрбиелеңіз.

Жалғасы бар (Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?)

фото: parentsexpert.com

Ұқсас мақалалар

Балаңызбен ақылдасыңыз

Бала тәрбиесі жатырда басталады

Баланы неге ұруға болмайды?

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз