Басты бет / Балалар әлемі / Бала денсаулығы / Баланың бұлшықетіне укол сала аласыз ба?

Баланың бұлшықетіне укол сала аласыз ба?

Балаға укол салу, Балаға укол салу суреті, Балаға укол салу фотосы, Укол қазақшаКішкентай балаға укол салу, Сібиге әкол салу, Нәрестеге укол салу
Кішкентай балаңыз сырқаттанып қалды делік. Дәрігер антибиотиктер тағайындады. Таблеткалармен қатар жамбасқа инемен дәрі жіберу (укол салу) керек болды. Күніне бір рет емес 3 рет. Таң атпастан немесе қас қарая емханалар жұмыс істемейтіндіктен өздігінен дәрі еге алмайтын аналар үшін қиындық тудыратыны бар. Тіпті, кейбірі  таныс маман іздеп, әуре-сарсаңға түседі. Ал, қиындықтан шығудың амалын қарастырып, өздігінен қолына ине мен мақтаны ұстайтын аналар да кездеседі. Мұндай жағдайда ауру үстіне ауру жамап алмас үшін Тараз қалалық  №2 емхананың жоғары санатты балалар дәрігері Сәуле Қуатбекованың кеңесіне назар аударайық.

Балаға анасының өздігінен укол салуына дәрігер ретінде қалай қарайсыз?

— Дәрігер ретінде құптамас едім. Алайда, тығырықтан шығудың басқа амалы қалмаған жағдайда өздігінен ине салуға болады. Бірақ, учаскелік емханадағы медбикелерден әдіс-тәсілдерін көрсетіп беруді өтінуге болады. Сауатты маман кеңесінен кейін жамбасқа ине шаншу аса көп қиындық тудырмаса керек. Барлық ережелер мен сақтық шараларын сақтаса, болғаны.

Укол салар алдында не істеу қажет?

— Укол салатын адам қолдарын иіс сабынмен жуу керек. Саусақтарының арасын ысқылап, сумен шайып, соңынан құрғата сүртеді. Бар болса, медициналық қолғап киіп, болмаса, қолды спиртпен сүртеді. Одан кейін дәрі мен шприцті, мақтаны, спиртті дайындап, стол үстіне қойыңыз. Қазіргі кезде бұрынғыдай қайнатуды қажет етпейтін бір реттік шприцтер қолданған ыңғайлы. Ең алдымен, ампуланың бас бөлігін тырнағыңызбен ақырын ғана ұрып, жиналған сұйықтықты төмен түсіресіз. Одан кейін арнайы егеумен егеп, ұшын спиртке малынған мақтамен сындырып аласыз. Инесін кигізіп ампула ішіндегі дәріні шприцпен сорып аласыз. Егер негізгі дәрі ұнтақ түрінде болса, ерітіндіні құйып алып, ұнтағы бар құтыға инемен жібересіз. Дәрі еріп, қолдануға болатын жағдайға жеткенше құтыны шайқаңыз. Одан кейін ерітіндіні қайта құйып алғаннан кейін, шприцті жоғары қаратып, тырнақпен ақырын ғана тықылдатасыз. Осылайша, ішіндегі барлық ауаны жоғарғы бөлігіне жинайсыз. Иненің ұшында бірер тамшы сұйықтық көрінгенге дейін сыртқа шығарып тастайсыз. Ал, қолданар алдында инені жаңасына ауыстырыңыз.

Дәріні қалай және қай жеріне салған жөн?

— Балаларға әдетте бұлшықетке салуға арналған дәрілер беріледі. Ең, дұрысы – жамбас. Баланы жарық жақсы түсетін жерге, төсекке ішімен жатқызып, жамбасын дайындайсыз. Мәселен, оң жамбас бөлігін көзбен төртке бөліңіз. Жоғарғы жағындағы сыртқы бөлігін спиртке малынған мақтамен бірнеше рет сүртесіз. Бірақ, сақ болу керек. Өйткені, өзге аймақтарға шаншып қойсаңыз, тамыр я сүйекті зақымдап алуыңыз ғажап емес. Ал, инені қалай шаншу керектігіне тоқталсақ, баланың терісін сол қолдың екі саусағымен жиырып ұстап тұрсаңыз, ауру белгісі аздау болады. Бірақ, олай істеу шарт емес. Инені тез әрі жылдам енгізесіз. Осы жерде ескерте кететін нәрсе – ине тым кішкентай, не ұзын, не өте жуан болмауына назар аударыңыз. Кішкентай инемен жіберілген дәрі бұлшықетке жетпей тері астында қалып қояды, ал өте үлкені – сүйегін зақымдайды. Ине бұлшықетке толықтай енгізіледі. Ақырын ғана шприцтің ішіндегі ерітіндіні жібересіз. Болғаннан кейін инені ақырын суырып алып, орнын спиртті мақтамен басасыз. Түйін қалмас үшін уқалап жіберіңіз.

Көптеген адам инеден қорқады. Ал, кішкентай баланың қолды-аяққа тұрмай, ине шаншытқысы келмей жылайтыны бар. Ондай жағдайда не істеу қажет?

— Уколдан қорықпайтын бала болмайды. Сондықтан, оның жылап, салдырмауға тырысып бағуы – заңдылық. Өйткені, ине тәнді ауыртады. Тіпті, кейде сырқаттың түріне байланысты өте ащы дәріні егуге тура келеді. Одан, әрине, бала бойында қорқыныш қалады. Сондықтан, «қабағы қатулы» ақ халаттылардан гөрі қашанда мейірімді ананың ине егетіні бала жүрегін кішкене болса да, тыныштандырады деп ойлаймын. Тек мына кеңесті жадыңыздан шығармаңыз:

  1. Ешқашан дәріні шприцке жинап жатқаныңызды балаға көрсетпеңіз. Ине баланың үрейін ұшырады. Сондықтан, дайындықты басқа бөлмеде жасаған жөн.
  2. Қабағыңызды түйіп, «Қане, жат, ине салайын» деп, онсыз да қорқып тұрған баланың зәре-құтын қашырмаңыз. Бөлмеге жылы сөйлеп, күліп кіріп, «Қанекей, балам, тез жазылудың амалын қарастырайық. Осыдан кейін аттай шапқылап кетесің. Тез жазылсаң, екеуміз саябаққа барып, серуендейміз» дегендей алдаусыратыңыз. Көмегі көп болмаса да, бойдағы қорқынышты аздап басуға сеп.
  3. Кейде айтқан тілді алмаған баланы «қазір укол саламын» деп қорқытатындар кездеседі. Олай жасамаңыз. Ертеңгі күні балаңыздың бұлшықетіне, тамырына дәрі егу керек болса, санасында қалып қойған қорқыныш бұл процесті қиындата түседі.

фотолар: 2мира.рф, deto4ka.com

Қызықты мақалалар

Ангина, тонзиллит

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. …

5 комментариев

  1. Гулнара

    Менин кызым 2 жарм жасар кызм грипп болп ауырып укол салдык ампетцилин енди бир аягын басалмай калды ол неден?

  2. Динара

    Байкаусызда ауа кетип калса не болады? Арине кудай сактасын, бирак…

  3. Егер булшыкетке ине егу кезинде ине суйекке тисе не болады?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика