Басты бет / Сұрақ-жауап / Жүктілік кезінде Нафтизиннің зияны болады ма?

Жүктілік кезінде Нафтизиннің зияны болады ма?

Нафтизин, Нафазолин (Naphazoline) — түрлі себептермен мұрын қуысының шырышты қабатындағы қан тамырлары үлкейіп, тыныс алу қиындаған кезде пайдаланылатын дәрілік зат (мұрынға тамызады, немесе себеді), улы. Нафтизинді көп қолданған адам оған тәуелді болып қалады.

Бұл дәрінің нұсқаулығында аяғы ауыр әйелдерге тигізетін зияны туралы ештеңе жазылмайды. Дегенмен, басқа адамдарға тигізетін кері әсері жетерлік нафтизіннің жүкті әйел мен жатырдағы балаға зиянды болуы ғажап емес.

Сұрақ Жүктілік кезінде Нафтизин дәрісін қолдансам, жатырдағы ұрыққа зияны болады ма?

Нафтизиннің жатырдағы ұрықтың қан тамырларына өтіп, кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бірақ бұл барлық жағдайда солай болады дегенді білдірмейді. Егер нафтизиннің әсерін темекінің бір талының әсерімен салыстыратын болсақ, темекі 20 минут бойына күшті болады, ал нафтизин 2 сағат бойына әсерін жоймайды. Демек, нафтизиннің зияны темекінің бір талына қарағанда көптеу.

Сұрақ Нафтизинді басқа қандай дәрілер аумастыра алады?

Адамдардың бойында нафтизинге деген тәуелділік болғанымен, ол тәуелділіктен басқа дәрі-дәрмектердің көмегімен құтылуға болады. Оны өзіңіз қаралатын дәрігерлерден сұрау керек.

Көп жағдайларда дәрігерлер нафтизинге балама дәрі ретінде балаларға арналған, зияндылығы аздау немесе балаларға арналған дәрілерді жазып береді.

Сұрақ Натизинге тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

Ол — темекіге деген тәуелділіктен құтылуға ұқсас шаруа. Көп әйелдер жүктілік кезінде немесе одан алдын болашақ сәбиінің денсаулығын ойлап, бар күшін жинап, нафтизиннен бас тартады. Алғашқы уақыттарда қиын болып жатады. Әркімде әр қалай. Қалай болғанда да, нафтизинді қолданбау үшін әйелдің бойындағы ерік-жігері мықты болу керек.

Ұқсас мақалалар

Жұқпалы эритема деген қандай ауру?

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Балаларға тән ауруларының жүкті әйелдерге әсері

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Қызықты мақалалар

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз …

бір пікір

  1. Нурзия

    Жүктілік кезінде жанбастың ауыратыны қалыпты жағдай ма? Әлде емделу керек пе?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика