Басты бет / Аналар әлемі / Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

Ана сүті емшек өлшеміне тәуелді емес, емшектің суреті, емшек, бала емізу

«Егер әйелдің (бала емізетін ананың) емшегі кішкентай болса, баласын тойдырып емізе алмайды. Өйткені емшегі кішкентай анадан аз сүт бөлінеді» деген түсініктің бар екендігі белгілі. Оны аңыз десек те болады. Себебі әйел омырауынан бөлінетін сүт пен сүттің сапасы емшектің үлкен немесе кіші болуына байланысты емес.

Әйелдің емшегінің басым бөлігі май ұлпаларынан тұрады. Ұлпалардың көлемі емшектің көлемін береді. Ал сүттің жасалуына жауапты мүшелер — сүт бездері. Емшекте орналасқан бұл бездер бала туылғаннан бастап емізу кезеңінде сүт бөліп отырады. Сүттің мөлшері осы бездердің қызметіне және емшек еметін сәбидің сұранысына тікелей байланысты.

Емшектегі сәби анасының бойындағы (емшегіндегі) сүтті көп емсе, сүт бездері де көп сүт бөледі. Сол сияқты, егер аз емсе, сүт аз мөлшерде бөлінеді.  Бірақ анасының денсаулық жағдайы мен көңіл-күйіне қарай сүттің бөлінуі өзгеріп кететін жағдайлар да жоқ емес. Мысалы, стресте жүрген ананың сүт бездері аз сүт бөлуі ықтимал.

Ұқсас мақалалар

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Мастит және оның алдын алу

Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Баланы емшектен шығару

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

Қызықты мақалалар

Шылым шегудің зияны, темекі шегудің зияны, жатырдан тыс жүктілік

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер …

3 комментария

  1. Серік А

    ана сүті неліктен азаяды және оны көбейтудің қандай әдістері бар?

  2. Салтанат

    Егер бала емизип журип котерип койса, ары карай емизуге болмайды ма?

  3. Айгерим

    Салеметсизбе! Баламды 1,5 ай емиздим. Емшегиме суык тиіп емизуди токтаттык. Сүтим жиналмай калды. Казир балама 4 ші ай. Балама емиренсем сүт болинеди. Емизуди кайта жалгастырсам болама?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика