Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Болашақ ананың жеуіне болмайтын азық-түліктер

Болашақ ананың жеуіне болмайтын азық-түліктер

Мақаланың басы: Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі

Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын азық-түліктер

Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын азық-түліктер туралы мәселе әр әйелдің жүктілікке дейінгі жалпы денсаулығына байланысты қарастырылуы қажет.

Диетолог мамандар жүктілік кезінде рационнан бүгінгі күні азық-түлік өнеркәсібінде кең қолданылатын құрамында консерванттар, хош иістендіргіш, бояғыш, т.б. жасанды қосымша заттар бар азық-түліктерді алып тастауға кеңес береді. Яғни мұндай азық-түліктерге жататындар: шұжықтар, сосискалар, сарделькалар, қақталған, сүрленген, ысталған ет және балық консервілері (балық өте пайдалы, ол үшін химиялық қоспасы болмау керек), тез даярланатын кеспелер мен сорпалар.

Кейбір мамандар жүктілік кезінде саңырауқұлақтан мүлдем бас тартуға және бес жасқа дейінгі балаларға, тіпті тоғызға дейінгілерге де бермеуге кеңес береді. Себебі бұл азықтың құрамында адам ағзасы ауыр қорытатын ақуыздар бар. Бірақ барлық мамандардың бұл жөнінде пікірі бірдей емес.

Тәттіге құмар жандардың да тәттіні біраз доғаруына тура келеді. Олардың құрамында ағзаға қажетті құнарлы заттар аз. Жүктілік кезінде тәттіні тым артық қолдану аллергиялық реакция тудыруы, ағзаның қорғаныс қабілетін азайтуы, зат алмасу процесін бұзуы, сұйықтықтың тоқтап қалуы, семіздікке, ұрықтың салмағының артуына алып келуі мүмкін.

Нені және қалай дайындау керек?

Жүктіліктің алғашқы күнінен-ақ өзіңізге үйреншікті қуырылған тағамдардан, қайнатылған сорпалардан, хош иісті тұздықтардан бас тартудың қажеті жоқ. Керісінше, барлық жерік асыңызды іші-жеп, алғашқы 10-12 аптада жеріктігіңізді басуға тырысыңыз. Ал екінші триместрден бастап тағам даярлауда қатаң тәртіпті сақтаңыз.

Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдерін жылытып ішіңіз. Сүтті қайнатқан абзал.

Сұйық майды табада ұзақ қыздырмаңыз. Оны көкөністен жасалған салаттарға қосқаныңыз дұрыс.

Есіңізде болсын! Микротолқынды пештерді көп қолданбауға тырысыңыз. Дамыған европа елдерінде жүргізілген зерттеулер мұндай пеште дайындалған тағам (2-4 минут) дәрумендерін жоғалтатынын дәлелдеді.

Тағамның сапасы мен тазалығына, шығарылған күніне назар аударыңыз.

Асқорыту проблемаларымен қалай күресуге болады?

Жүктілік кезінде әйелдердің іші жиі кебеді немесе қатады. Мұның алдын алу үшін таза көкөністер мен жемістер көмектеседі. Оған қоса, бидай ұнынан дайындалған тағамдар, қайнатылған қызылша, өрік (қара өрік), кептірілген өрік (курага), киви, інжір, теңіз капустасы, сұйық май, күнжіт тұқымдарының да пайдасы бар. (Бірақ абай болыңыз, қан қысымыңыз төмен болса, інжірді жеуге болмайды, ал теңіз капустасы мен басқа да теңіз өнімдерін қалқанша безінің аурулары кезінде қолдануға болмайды.)

Іштің қатуына банан, құрма, анар, алмұрт, мойыл (черемуха), ақ нанды көп қолдану, күріш, сүтте пісірілген тары ботқа, қаймағы алынбаған сүт, фарштан дайындалған тағамдар себеп болады.

Іште газдың пайда болуына жүзім мен мейіз, ақ кауденді орамжапырақ, қара анан, асбұршақ (горох) сорпасы, редис себеп.

Жоғарыда аталған өнімдердің барлығын белгілі бір мөлшерде, ішекті тазалауға септігі тиетін өнімдермен қосып қабылдау керек.

Ас қорыту бүйрек пен өт қабының жағдайына да байланысты. Осы мүшелердің жұмысын жақсарту үшін бал мен минералды су көмектеседі. 2 шай қасық балды ½ стакан қайнаған суық суға араластырып, ашқарынға ішіңіз. Өзіңізге пайдалы минералды суды таңдау үшін дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

бір пікір

  1. Менің білгім келетіні, жүкті әйелдің қан қысымы төмен болған жағдайда қандай дәрумендерді пайдаланған жөн?
    Қазақы әдіс-тәсілдер бар ма?
    Жүкті әйел қан қысымын қалай қалпына келтіруге болады?

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика