Басты бет / Сұрақ-жауап / Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Жүктілік пен босанудың мерзімін соңғы етеккірдің бірінші келген күнінен бастап есептейді. Осылайша ұрықтың гестациондық мерзімін анықтайды. Негізінде босанатын уақытқа қарай ол 280 күнді құрайды (40 апта немесе шамамен 10 ай). Сондықтан сәбидің дүниеге келетін күнін шамамен білу үшін етеккірдің бірінші күнінен 280 күнді санап есептеп алу керек. Соңғы етеккірдің бастапқы күніне 7 күнді қосып, 3 ай шегеріп тастаса да сондай нәтиже шығады: мысалы, егер етеккіріңіз соңғы рет 20 ақпанда келсе, онда босанатын күніңіз шамамен 27 қарашаға сәйкес келеді.

Алайда, статистикалық мәлімет бойынша 20 әйелдің ішінен тек бір әйел ғана 280 күнге толып босанады. Ал кейбірінің сәбилері дүниеге не ерте, не одан да кеш келеді. Босану үшін ең дұрыс мерзім 38-аптадан 41-аптаға дейінгі аралық есептеледі.

Босанудың «хабаршылары»

Босанатын уақыттың тақалғандығын білдіретін бірнеше жанама белгілер бар, яғни босанудың «хабаршылары»:

  • іштің төмен түсуі;
  • кіндіктің дүрдиіп шығуы;
  • ұрық қимылының белсенділігінің азаюы;
  • іштің төменгі жағының толғаққа ұқсас созылыңқы ауыруы, белдің ауыруы;
  • салмақтың азаюы (1-2 кг).
  • Іштің төмен түсуі кейде сәбидің жатырдан шығатын жолға қарай жақын орналасқанына да байланысты. Оның басы кіші жамбас сүйектерімен шектелген кеңістікке орналасады. Сол себепті жатыр төмен түсіп тұрады (бұдан әйелдің тыныс алуы жеңілдейді). Іштің төмен түсуі кейде ұрықтың және жолдастың жамбас алдына қарай жатуына байланысты, мұндай жағдайда ол айқын байқалады.

Егер жыныс жолдарынан қанды іріңнің бөлінгені байқалса, міндетті түрде жедел жәрдем шақыртыңыз.

Ұқсас мақалалар

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Жасанды толғақ деген не?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

Қызықты мақалалар

Он айлық сәбидің тек емшек емгені дұрыс па?

Менің қызым 10 айлық, әлі күнге дейін бір емшегімді ғана емеді, басқа қосымша тамақты тіпті …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика