Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жүкті әйелдердің емшек күтімі

Жүкті әйелдердің емшек күтімі

Адамзат баласы ер мен әйел болып жаратылғалы екеуінен өрбитін ұрпақтың болатыны аян. Әйел адам баланы тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, дүниеге әкеледі.

Жүктілік кезінде әйелдің емшектері толысып, дөңгелек пішінге ене бастайды. Бұл ері мен әйелінің қуанышы десек те болар. Өйткені әйелдің сұлулығына сұлулық қоса түсетін қасиеті бар. Мұндай сұлулық ұқыпты күтімді қажет етеді.

Толысқан емшектер сәби дүниеге келген сәттен бастап-ақ баға жетпес азық болады. Сәбиін өзінің бойындағы сүтпен емізу ана үшін — бақыт. Ол бақытты тек аналар ғана сезіне алады.

Жүктілік кезеңі аяқталғаннан соң емшек бұрынғыдай толық болмайды. Бірақ ол деген қатерге ұрындырады деген сөз емес, яғни, тері жиырылып, жасы 80-90 жас аралығындағы қариялардың терісіндей болмайды.  Әрине, ол үшін күтім керек.

Бала емген емшектің пішіні өзгеріп, басқаша түрге енеді ауырлай түседі. Емізігі (емшектің ұшы) қарауытып, үлкейеді.

Жүктілік кезіндегі емшек күтімі

Емшек әйелдің аяғы ауырлағаннан кейін өзгереді. Алдымен сырт көзге байқалмайтын ішкі өзгерістер орын алады. Ал кейіннен емшектің пішіні өзгереді. Осы кезден бастап емшек терісін созылып кету мен тартылып қалудан қорғайтын арнайы кремдерді (иісмай) пайдаланған жөн. Олардан бөлек теріні ылғалдандыратын кремдер мен теріге қажетті қоректік заттары бар орамаларды (питательные обертывания) пайдалану өз пайдасын тигізеді. Пайдаланатын кремдердің құрамында өсімдік экстарктілері, минералды қоспалар, Q10 коэнзим болады.

Кремдерді жақпастан бұрын емшек пен оның айналасын тазалап алу керек. Екі емшектің арасын мен қолтыққажақын аймақтарға да жаққан дұрыс болады. Себебі, ол аймақтар да тартылып қалады.

Емшекті бала емізуге дайындау үшін мамандар жұмсақ түктері бар сүлгі немесе соған ұқсас мата пайдалануға кеңес береді. Бірақ олай емшекті көп «сипағаннан» жатырға зиян келуі мүмкін. Сол себептен де орнымен істеген абзал.

Жүкті немесе бала емізетін әйел үшін кеудешенің (бюстгальтер) маңызы шамалы. Бұрынғы кеудешелері бала емізетін кезеңде жарамай жатады. Өйткені емшектің терісі нәзік болады. Кеудешелер мен емшекті қысып тұратын ішкиімдер емшектің қан айналымын бұзуы ықтимал. Одан бөлек, емшектің терісіне зақым келтіруі де ықтимал. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін ыңғайлы әрі кең кеудешелерді алған жөн.

Босанғаннан соң

Сәби шыр етіп дүние есігін ашып, анасы «жеңілдеген» кезде емшекке баланы емізетін сүт келетіні түсінікті. Сәбиді емізетін уақытта крем жақсаңыз, сәбидің аузына дәм мен иістің түспеуіне баса назар аударыңыз. Ең дұрысы, кремді жаққаннан соң 10-15 минуттан соң сулы (ылғалды) майлық қағазбен (салфетка) сүртіп тастау керек. Тері өзіне қажетті мөлшердегі кремді сіңіріп алады. Ал керек болмаған бөлігін сіз сүртіп тастайсыз.

Емшектің сұлулығын сақтау үшін баланы ертерек емшектен шығаруға болмайды. Негізінен, баланы екі жыл бойы емізу керек. Баланың да анасынан алуға тиісті материалдық та рухани да қазынасы — ананың емшек сүті. Әйелге емшек сыртқы сұлулығын сақтау үшін ғана емес, нәрестесін дұрыстап емізу үшін берілген болар.

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

13 комментариев

  1. камшат

    салеметсиздер ме бала емизип журип калай арыктауга болады комектесинизднрши
    маган оте кажет

  2. Ugroza degenim ne aityp jiberesizder ma otiniw

  3. Мен баламды емизип жургениме 1жыл 3ай. Балалы болганда толыстым. Балам 1жастан аскасын арыктап кеттим.сурайын дегеним менин 2 емшегимнин колеми ар турли кориксиз, бул арыктауданба алде баска себеп болама отиниш жауап кутем

  4. Емизип мин емшегимнин ұштары жарылганга соган не қолданса боладв

  5. Арайлым

    салем Кама. емшек уштары жарылганда БЕПАНТЕН деген гель бар. емизип болгасын соны жагып.емизерде емшекти жуып бересиз

  6. Салеметсиздерме! Менин казир аягым ауыр, 6 ай болды.менин емшегимнин ушы кишкентай, калай шыгарса болады?мен коркам кейн балам еме алмай киналама деп. Жауап кутем.

  7. Саламатсыз ба? Менің қазіргі уақытта аяғым ауыр 20-21апталық.Екі жасар қызым бар,оны екі қабат екенімді білгеннен кейін емізуден шығарып жібергенмін.Енді қазіргі уақытта қайта еміп жүр.Сізге қояр сұрағым:сүт безі қай уақыттан бастап жетіледі жəне бұл қызыма зиянба?қалай тоқтамын?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Екі жыл емізген болсаңыз, қажетті қорегін алған екен. Енді оны қалай да емшектен шығарып, тамаққа үйрету керек.

  8. Салеметсиздерме! Маган казир 20 апта болды. Ишим мен омырауым катты кышиды. Бул менин екинши балам биринши баламда бундай болмаган, тери созылуга суйык май жагып, жане крем жагам сонда да катты кышиды не истеуге болады.

  9. Салтанат

    Салеметсиздерма мен ана болдым балам 9 айлык босанган кезде емшекгимнин ушы болмай кыйналдым сосын бир емшегиммен емизе берип екиншиши оспи калды и ушы да жок не истесем болады еки емшегим тендесема айтыныздаршы мен кркам келеси балдарыма не болады деп екуин калай тендестирем

  10. Шаттык

    Сəлеметсіздерме?!аяғым ауыр 2 ай болды.кішкентайым 1 жаста əлі емеді,тунімен емеді.бундай кезде іштегі балаға ешкандай кауіп жокпа,емізе беруге болама?

  11. Мергуль

    Салеметсизбе менің аягым ауыр 22апта омырауымнын уші қиылган құсап ашиды бұл қаліпті жағдайма

  12. Салеметсиздерме! Менин 1ши жуктилигим еди. 4апта брак емшегим катты ауырып жур не истесем болады. Бурын емизбегем. 1ши бопеме жуктимин АЛЛАХКА ШУКИР. Емшегимнин ауруына нестеуге болады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика