Басты бет / Аналар әлемі / Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи жолмен босанған соң бірнеше күн бойы, тіпті бірнеше апта бойы әйел бойында кейбір қолайсыздықтар сезіледі.

Қынаптан қанды іріңнің бөлінуі (лохия) баланың жолдасы ажыраған кезде жатырдың шырышты қабатының зақымдануынан болады. Босанған соң алғашқы екі-үш күнде етеккірдің алғашқы күніндегідей іріңді бөлініс өте көп мөлшерде және ашық түсті болады. Біртіндеп оның мөлшері азаяды, түсі алдымен бурыл-қоңыр, ал 10-14 күннен соң сарғыш тартады. Баланы емізген кезде іріңді бөліністің бөліну қарқындылығы артады, бұл сәбидің ерні емшекке тигенде жатырдың жиырылуымен түсіндіріледі.

Егер қанды ірің бөлініс мөлшері көп (бір сағаттың ішінде бірнеше төсеніштерді ауыстыруға мәжбүр болсаңыз), түсі ашық қызыл, құрамында түйіршіктер болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Іштің төменгі жағындағы ауырсыну сезімдері – босанғаннан кейінгі болатын әдеттегі жағдай. Жатыр өзінің бұрынғы қалпына оралады, ал оның жиырылуы түрлі ауырсыну сезімдерін тудырады. Ауырсыну белгілері толғақ тәріздес немесе созылыңқы түрде болуы мүмкін және баланы емізгенде де ауырсыну сезімі артады. Әдетте ол босанған соң 4-7 күннен кейін қайтады.

Екі аяқтың арасындағы (шат аймағындағы) ауырсыну сезімдері тілік жасалмаған кезде де болады. Бұл осы аймақтың тканьдерінің қатты созылғанымен байланысты. Егер тілік болмаса, эпизиотомия жасалмаса, ауырсыну сезімі қатты болмайды, екі-үш күннен соң қайтады. Тілік пен кесілген орынның жарақатының жазылуына 7-10 күндей уақыт кетеді.
Ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектерді қолдануға болады, бірақ тек дәрігеріңіздің тағайындауымен ғана.

Үлкен дәретке байланысты туындайтын мәселелер көбіне психологиялық себептерге байланысты болады: дефекация кезінде (үлкен дәретке отыратын кезде) күшеніп, екі аяқтың арасындағы бұлшықеттерге салмақ түсіру әйелдің үрейін тудырады: біреуі ауырғанынан қорқады, біреуі тігілген орынның тігістері ашылып кете ме деп үрейленеді. Бұл қорқынышты өз бойынан жеңуге тырысу керек және үлкен дәретке отырғыңыз келсе (босанған соң 2-3-ші күні пайда болады) міндетті түрде қажетіңізді өтеу керек. Асқорыту жүйесін белсендендіру үшін және іш қатудың алдын алу үшін өсімдік тағамдарын көп жеп, газдалмаған минералды суды асықпай, күніне үш рет тамақтанар алдында 30-40 минут бұрын ішкен жөн. Оған қоса, ішектің жақсы жұмыс істеуіне физикалық жаттығулар да көмектеседі. Егер үлкен дәретіңіз төртінші күні қалпына келмесе, әлсіздендіретін майшам (свечи) немесе тазартқыш клизма қолдануға болады, бірақ алдымен дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз дұрыс.

Қызықты мақалалар

Шылым шегудің зияны, темекі шегудің зияны, жатырдан тыс жүктілік

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика