Басты бет / Аналар әлемі / Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Тамақтану, сапалы азық-түлік

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін емізетін ананың арықтау мақсатымен (тіпті сәбиі қосымша тағамдармен тамақтанған жағдайда да) диетаға отырмағаны жөн.

Есіңізде болсын! Жүктілік кезіндегідей босанған соң да түрлі сапалы, дәрумендерге бай тағамдарды пайдаланған жөн.

Сәбиін емізетін ана өзінің күнделікті тамақтанғанына сәбиін емізетін сүттің мөлшері мен сапасы байланысты екенін мүлдем естен шығармауы керек. Күніне 4-5 рет тамақтануы қажет.

Сәбиін емізетін ананың күнделікті рационының негізін құрайтындар тағамдардың тізімі төмендегідей:

  • сүт – 250 мл.
  • майлы емес ірімшік (творог) – 170 г.
  • сары май – 30 г.
  • қаймақ – 50 г.
  • қант – 50 г.
  • майлы емес ет – 120 г.
  • балық өнімдері: майлы емес балықтан даярланған тағамдар – 100 г.
  • жарма мен макарон өнімдері – 60 г.
  • картоп – 200 г.
  • көкөністер: орамжапырақ – 100 г., қызылша – 100 г., сәбіз – 100 г., қызанақ, т.б. – 200 г., пияз – 35 г.
  • жемістер мен жидектер немесе жеміс шырыны – 200 г.
  • ұн өнімдері: қара бидай наны – 100 г., бидай наны – 150 г., тоқаштар мен печенье – 150 г.
  • өсімдік майы – 35 г.

Жұмыртқа рацион құрамына аптасына 1-2 рет енгізіледі (анасы мен баласының оған аллергиялық реакциясы болмаса).
Балада аллергия тудыратын азық-түліктерден аулақ болыңыз! Әдетте оларға бал, цитрустар, құлпынай, шоколад, кофе, тұздалған, консервіленген өнімдер, қою ет сорпасы, тауық еті, балық жатады. Алайда, бұл – қатып қалған қағида емес, кейбірінде бұл азық-түліктер аллергия тудырмайды.

Тәулігіне 2-3 л. сұйықтық ішу (әсіресе, газдалмаған минералды су) керек. Бірақ алкогольды ішімдіктерді, оның ішінде сыраны да қабылдауға мүлдем болмайды. Газдалған сусындарды да ішпегеніңіз жөн, бұдан баланың және анасының іші кебуі мүмкін.

фото: dietyvoda.tk

Қызықты мақалалар

Шылым шегудің зияны, темекі шегудің зияны, жатырдан тыс жүктілік

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер …

34 комментария

  1. Утеуова Маржан

    Бала емгізетін анаға кызанак шие оріктер неге жеуге болмаиды дейді менін балама үш ай болды. Қанша айға дейін жеуге болмайды

  2. Бала емізетін анаға томат шырыны ішуге болама? Балама 2 ай болады

  3. Шарбат

    бала емізетін анаға алма конфет жеуге болама балама 10 кун

  4. жадыра

    Жаңа босанган анаға сутин кобейтетин қандай тағамдар пайдаланған дұрыс? 10кундик баламды жарыта алмайм. Алдыңғы балаларымды да 2-3ай ғана емиземин. Истемеген амалым жоқ. Бирак балаларым тынымсыз болгасын ба тыныгуды умытканмын. Содан ба деп ойлаймын.

  5. жазира

    Балама 10 күн болды. Жалпы бала емізетін анаға айран, шұбат, қымыз ішуге болама?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Балаңыздың бауы берік болсын!
      Негізі, сіз айтып отырған сусындар адамның ас қорыту жүйесіне ерекше ісер етеді. Сондықтан емізулі ананың ондай сусындардан бас тартқаны абзал. Кейінірек дәрігермен кеңесіп көріңіз.

    • Назерке

      Мен аиран шубат болмайды катык сут болады

  6. жазира

    Саламатсыздар ма, сұрағыма жауап бергендеріңізге рахмет. Рамазан айы құтты, тілеген тілек, дұғаларыныз қабыл болсын. Менің тағы сұрағым келгені баламды еміздіріп жүріп жақында екі күн қатарынан бірнеше сағатқа сүтім шықпай, баламның мазасы кетті, ондай кезде не істеуге болады.

  7. kauin karbiż jeuge boĺà ma balàma 6kun

  8. Айгерим

    саламатсызба, емшектеги сутти молайту ушин не истеуге болады? емизип бола салысымен аузын ашып тагы сурайды, кем дегенде 30мин емизем. бизге 5 кун

  9. Саламатсызба. Кызым 2айдан асты.туганнан кейн 1аптадан кейн косымша сут берп журм.алі солай.омырауыма сут мулдем толмайды.озім емізгім келеді. Куніне 1рет кана емізе аламын. Онда да толык тоймайды. Не істесем болады?! Комек сураймын!

  10. Лактагон таблеткасын ишиниз курамында витаминдер коп ари сут коп жиналады мен соны колданам бирак даригеринизбен кенесип гана колданыныз маган врачм айткан казир бопен 6 айдан асты косымша бермим сутиме тоят 5айлыгынан бастап иштим.

  11. Лактогон таблеткасын аптекадан алдыныз ба? Мен таба алмадым, кайдан алуга болады?

  12. Акбота

    Салеметсизбе. Балам 1 айлык кеше кишкентай бал жеген ем енди бетинде кишкене точкалар пайда болд оган нестеуге болад.рахмет

  13. Айдана

    Емизу кезде шашым коп тусед бириншим

  14. Айдана

    Баламнын куйрыгы кызарад сисе жылаид ашып шоп даримен шомылдырсам кетед 4 аи боламыз

  15. Салеметсиздерме менин кызым 5айлык газдалган сусындарды 1апта болды куниге ищем ол балама зиянды емеспа

  16. Айгерим

    Салеметсiздерме! Балама 2 ай. Айран iшуге болады ма?

  17. Саламатсыздарма? Бала емізіп жүрген кезеңде темекі шегу зиянба?Балаға асер етедіма,менің құрбымның баласы сегіз айлық ,темікі шегуді доғар десем тындамайды калай жардем беруге болады, қонаққа барса қорықпай ішімді ішкенін көрдім сол қаншалықты балаға асері болады.

  18. Эльмира

    Салем. Кызым бир ай жарым айлык. Иши кеуип жылайды. Буган себеп менин тарымен жане ауылдын каймагын жегеннен болуы мумкин бе?сосын алдында сутим мол жиналып жур еди. Иши кебеди го деп тары мен каймактан бас тартканмын. Енди сутим аз шыгып жур. Жауабынызды кутем …

  19. Венера

    Жангак жениз ,банан жениз кунине 1штук сутиниз кою болады меним ботам 2аилык биз солаи сут жинаимыз

  20. Венера

    Менде куниге каимак пен творог жеитинмин казир бас тарттым даригер жеме енбеги тез катаяды деп .сол ушин куниге банан , жангак жеитин болдым

  21. Куралай

    Жас босанган анага донер жеуге бола ма?

  22. Толганай

    Саламатсызба! Сутим кунарсыз сиякты емеди биоак тоймайтын сиякты емшектеримнин ушы да ауырады бизге 1 ай калай сутимди кою кылдырсам болады не жеп ишу керек жане иши қатып ауырады не истеуге болады

  23. Баглан

    Толғанай Арпаны сүтке немесе суға қайнатып ішсеңіз сүтіңіз қоюланады

  24. Гулнур

    Сутти коюлату ушн сутинизди сауып, камыр жасап отка псирип емшегинизге басасыз. Сосын оны баланын бас жагына байлап коясыз

  25. Айнагул

    Салеметсіздерме! Сұрайын дегенім,бала емізіп жүргенде қауын қарбыз жеуге болама?

  26. Перизат

    Босанғаннан кейін шұбат ішуге болады ма?

  27. Салемаьсыз ба
    Менің босанғаныма 7 күн болды Мен 33аптада босандым баланың салмағы 2500болды казір түсіп бара жатыр сүтімді қалай қоюлатам салмақ қосу үшін кез келген затт жеуге қорқам себебі 7 айлық болғасын балада көп ұйықтайды. Əлі болницадамыз Одан қалса Баланың сарысы бар деп бердк соның бəрі стресс болып кетті енді сүтім аз болып жүрген сияқты????

    • Сымбат

      Жанат менде де солай болды . Баланын сарысы бала тойып ембегеннен болады . Жиірек емізіңіз баланы менің баламда көп ұйықтайтын тіпті тұрмайтын сонда да оятып емізетінмін . Мен сүтті көбейту үшін жиі сүт шай іштім сосын көбірек тамақтана беру керек . Бəрі жақсы болады уайымдамаңыз .. Біз қазір Аллаға шүкір 2 аймыз . Баланын сары да кетті емуі де жақсы тояды .

  28. нургуль

    Менин кызым 5 айлык 1 аптадан бери медпен шай коп колданган едим кызым устине аллергия каптап кетти енди сутимди калай жанартсам болады

  29. Менин балам 5 айлык мен жылкынын етин коп жеп едим ббалама емшектен сут аркылы ишин откизу мумкинбе

  30. Менын сутым коп бырак балам тоймайды нестесем болады 1.5 айлык бырак 4.5 кг

  31. Алтынай

    Балама бир ай болды. Марожный салаттар жеуге болама.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика