Басты бет / Аналар әлемі / Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер ету арқылы олардың ұрпақ сүю бақытынан айырылуларына себеп болады не болмаса жүкті болу құбылысын қиындатады. Сондай қиындықтардың бірі — жатырдан тыс жүктілік.

Темекі мен әйел, темекінің зияны, темекі шегетін әйелТемекінің адам ағзасына зиянды екенін білеміз. Ағзаны құрайтын мүшелердің қатарында әйелдің бала тууға жауапты мүшелері де бар. Темекінің зияны оларға да тиеді. Жүкті болуға қатысатын ішкі жыныс мүшелерінің қызметі бұзылса, үлкен мәселелер туындайды. Мысалы, темекі шегудің жатырдан тыс жүктілікке әкелетіні сияқты жағдайлар.

Темекі шегудің зардаптарының бірі әйелдердегі жатырдан тыс жүктілік туралы бір-екі жыл бұрын британиялық Эдинбург университетінің ғалымдары ғылыми зерттеу қортындысын жариялады. Ғалымдар темекі түтіні арқылы адам ағзасына өтетін никотиннің араласуымен түзілетін котинин затының жатыр түтіктеріндегі PROKR1 ақуызының мөлшерін арттыратындығын айтты. Аталған ақуыз ұрық жасушасының жатыр қабырғасына бекітілуіне (имплантация) ықпал етеді.

Ұрықты орналастыруға қабілетті PROKR1 ақуызы жатыр түтігінде көп мөлшерде болғандықтан ұрық жатырға жетпей, сол орында қалып, дами береді. Ал ұрықтың жатыр түтігінде дамуы дегеніміз жатырдан тыс жүктілік.

Темекінің кесірінен пайда болатын котинин заты көбейтіп жіберетін PROKR1 ақуызы жатырдан тыс жүктіліктің пайда болу ықтималдылығын төрт есеге дейін көбейтеді екен. Бұл дегеніміз қауіп болмағанда не болды?!

Зерттеушілер тағы не деді?

Зерттеу қортындысын жариялаған ғалымдар темекі шегетін әйелдердің жатыр түтіктеріндегі PROKR1 ақуызының мөлшері темекі шекпейтін әйелдердің жатыр түтіктеріндегі PROKR1 ақуызының мөлшерімен салыстырғанда екі есеге көп болатындығын айтқан. Демек, темекіқұмар әйелдерде қауіп те басымырақ болады.

Біздің айтарымыз

Темекі шегуді доғару біреуге оңай болса, басқаға қиын тиеді. Темекісіз өмір сүрудің артықшылықтары көп. Кейде артықшылық бала сүю бақытына тең болса, кері жағдайда баласыз қалу қасіретіне ұрындырады. Әрине, темекі шегетін әйелдердің барлығының бедеу болатындығын, жүктіліктері жатырдан тыс болатындығын айтудан аулақпыз. Дегенмен, ойланған адам үшін темекі шегетін әйелден туылатын баланың денсаулығының керемет болмайтындығы да жеткілікті емес пе?!

фото: wn.com

Ұқсас мақалалар

Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

Жатырдан тыс жүктілік

Жүктілік кезінде жасауға болмайтын әрекеттер

Қызықты мақалалар

Жүкті әйелдерге кеңес

Қыз баласы ақ отауға келін болып түскеннен бастап — келіншек атанады. Жас келіншектің бақытты да …

Бала босанғаннан кейін үй шаруасына қалай үлгеруге болады?

Жаңадан босанған әйел адамы әлсіз, әлжуас және дене мүшелерінің барлығы босап тұрады. Баланы жаңадан қолға …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика