Басты бет / Аналар әлемі / Мастит және оның алдын алу

Мастит және оның алдын алу

Мастит, емшектің қабынуы, Мастит туралы, Мастит деген не?

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе бірінші рет босанған әйелдерде болады. Себебі олардың емшек үрпінің (ұшының) терісі нәзік, тез зақымданғыш келеді. Оның үстіне жас ана көбіне дұрыс емізе алмағандықтан, бала сүтті тауыса ембейді, сондықтан емшектің үрпі оп-оңай зақымданып жарылып кетеді. Сондай-ақ, қолмен дұрыс сауа алмаған жағдайда, арнайы гигиена сақталмаса да маститтің пайда болуы ықтимал.

Маститті болдырмау үшін не істеу керек?
Әйелдің емшегінің үрпі жалпақ немесе тым келте болса, ол бала емізуге қиындық келтіреді. Екіқабат болған алғашқы айдан бастап тиісті шаралар қолданса, емшек үрпінің формасын өзгертуге болады. Екіқабат кезде емшек бездеріне айналдыра массаж жасау керек. Мұндай массажды әйелдің өзі де істей алады. Ол үшін қолды жылы сумен сабындап жуып, содан сол бір қолмен сағат тілінің бағытымен емшек безін жайлап сипау қажет. Екіқабат кездің екінші жартысынан бастап желдеткішті ашып қойып немесе күні бұрын бөлмені желдетіп, 10-15 минут бойы төсекте кеудені жалаңаштап, ауа ваннасын қабылдау өте пайдалы.
Әсіресе босанғаннан кейін төстаңғышты күн сайын ауыстырып, төсін мұқият жауып (жылы сумен, балалар сабынын пайдаланып), арнайы сүлгімен сүртіп отырудың маңызы ерекше. Мұны емшек үрпі жарылып кетпейтіндей еппен атқарған жөн.

Үрпідегі жарық (үрпінің жарылуы)
Үрпідегі кішкене ғана жарықтың өзінен инфекция кіруі мүмкін. Үрпінің айналасындағы жұқа тез зақымданғыш тері сүт келген кезде құрғайды да, жарық пайда болды. Олар баланы дұрыс емізбегеннен болады. Бала туылған алғашқы уақытта баланы 10-15 минут қана емізген жөн. Себебі бұл кезде балаға аз мөлшердегі сүт жеткілікті. Кей жағдайда, бақытты жас ана баласын 40-50 минут тоқтаусыз емізеді, соның салдарынан әйел үрпісінің ондайға дайын болмағандықтан жарық пайда болады.

Емізу кезіндегі ережелер:
Емізер алдында және емізіп болғаннан кейін емшек үрпін қайнаған сумен жуып, немесе бор қышқылы ерітіндісіне малынған тампонмен сүртіп отыру қажет. Емізген кезде бала емшек үрпін ғана емес, сонымен бірге емшек үрпінің айналасын да қамти сорғаны дұрыс. Емген сайын емшек үрпінің қалып қойған сүтті толық сауып тастаған жөн. Емшектің үрпі жарыла бастаған кезде немесе сүт бездері ісінген жағдайда, сондай-ақ қатайып, әсіресе қызарып, ауырып, дене қызуы көтерілгенде (маститтің басталуы) дереу дәрігерге қаралу керек.

Мастит кезінде баланы емізу қажет па?
Бұл сұрақ емізулі аналарды алаңдататыны белгілі. Алайда аурудың қай кезең болмасын дәрігерлер емізуге болмайтынын айтады. Өйткені, сүтте ауру тудыратын бактериялар болуы мүмкін, ол балада дисбактериоз тудыруы мүмкін. Сонымен қатар маститті емдеу антибиотиктер қолдану арқылы жүзеге асырылады, ол да балаға қауіпті.

Ұқсас мақалалар

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Баланы емшектен шығару

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

Қызықты мақалалар

Шылым шегудің зияны, темекі шегудің зияны, жатырдан тыс жүктілік

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер …

29 комментариев

  1. Кішкентайым, бірінші балам, шетінеп кетті. Сүтім әлі қайтқан жоқ. 1 ай болды. Не істесем болады?

  2. Бірінші қызымда мастопатия болып, емшектен 6 айында өзі шығып кеттіп еді, ем алып жургенімде 2ші ме аяғым ауырлап, ем аяқталмай қалды. енді 2-шімді ьосанғанда қайта қайталанады ма, әлде жазылып кетеме?

  3. маститке қарсы укол салғанын көргем. Қатты ауырады.

  4. Мен жакнда 4нши сабимди босандм емизп жур брак устаганда ишинде катп калган бирдемдлер болад ол зиянба

  5. Айнагул

    Мен казир бала емизип журм,сол жаг емшегимде катты зат пайда болп,ауырп,ем алгам,ем аякталмай калд,енди казир кайта катты зат пайда болд,ол балама зиян емеспа?оны калай кетируге болады

  6. Балам 3 айда не болғаны белгісіз емгісі келмейді

  7. Жулдыз

    Менин емшегимде без сиякты нарсе оте коп, соган не истесем болады.

  8. аксамал

    Мен масип болган едим енди онын касына бир жара шыгып тур оны калай кетируге болады айтыныздаршы.

  9. Саламатсыздарма мен 8 айдай болды көтере алмай жүрмін Узиға түскенімде маған киста влагалища, Инфантилизм 1-2 степень деп жазды. Ал гинеколог Ротоцеф пен Дюфастон берди іштім көтере аламын ба осындай диагнозбен

  10. Салеметсиздерме! Меним балам 1жаска жакындады. Емизип жургенмин омырауымнын ушы тилимденип жарылып кетти 15кундей болып калды. Бепантен, каймак жане баска да заттарды жактым кетпеди. Нестесем болады?

  11. Эльмира

    САЛАМАТСЫЗБА!Менин омырауым катты ауырады бала емизип журмин катып калу мумкинбе?катып калса уй жагдайында калай калпына келтируге болады?Отиниш жауап бериниздерши кызым 1 жас 7 ай

  12. Енди ушы жарылып келеди зеленка (жасыл жагып койдым адамдардын айтуы бойынша сол балага зиян емес пе

  13. Мен босанганыма 3кун болды,емшекимде туйын туйын болып жургендер коп ол уыз катип калган бб алде баска нарсе ма калай емдейд.

  14. Гулжан

    Мен баламды емшектен шыгарып журм. Бугин 12кун, сутим кайтар емес, басында кунде, сосын кунара сауып журдим. Он жагым катты ауырады, укаласамда басылар емес. Он жагым сол жагымнан киширек болатын, сут жиналса биринши он жагым толып ауырып кететин. Мине казир де ауырып жатыр, мастит боп кала ма деп коркам.

  15. Мен баламды емшектен шыгарганда емшегимде туйин калып койды. Енди ол туйинди калай кетируге ьолады. Казыр екиншисине аягым ауыр. Кандай ем кусынар единиз. Ем кабылдасам иштеги балага зиян ба?

  16. Шолпан

    Саламатсыздар ма?мен осыдан 4ай бұрын мастит болган едим,соитип кесилген жерлер енди бителип жатыр. Менин кояр сұрағым :мастит болган адам екинши бала көтергенде ауырмайма жане сут шыгама? Жане тагы бир сурагым үш күн болды мастит болган он жагымдагы емшегим тагы туйндеп турган сиякты устасам ауырады. Кайта туйндеп ирин пайда болуы мумкин бе? Сұрақтарыма мардымды жауап кутемин. Рахмет.

  17. menin emwegimnin uwi wigip turad i ustasan auiradi jane emwegimnin asty jaktary auirad massaz zhasaim kunde sonda da auirad, turmista emespin birak kiz emespin,jigitpen bir ak ret bolgam 1jildai boldy jigitpen kosylmaganima alde sol uwin auirama.Sosin emwek uwinda ak birdene katyp turad.Korkyp jurmin .

  18. Куйеуине устаса,емсе зяны жок па ?билетин адам болса айтсаныздар алде устатпау керек па

  19. Мен 2015ж.сол жақ омырауға операция жасаттым,фиб.кистоз.мастопатия.содан кейін,аяғым ауыр екенін білдім үшіншіме,шүкір босандым,қазір жастан асты,емеді.Кейде омырау ауырады,бала емгенде ұш жағы ауырады.неліктен?мастопат.қайталануы мүмкін бе?

  20. Жансая

    Саламатсыздарма.1шы котергенымде балам ишымде олып калды 3айлык кезде. Наркоз салып аборт жасады содан сон 4ай емделып.2шы баламды котерып аман есен дуниеге акелдым бырак балам тулганда мулдем кокрек алмай койды оны устне кокрегымнын ушы жок еды сол себепты алмады деп ойлаймын.Сонымен жылай берген сон доктор смес бер деды НЕСТАЖЕН соны берып журды радомда.радамда жатканымызда сут келмеды уйге шыкан сон 4куны келды бырак балам ембеды бутулкага сауып берып журдым . Сосын кокрегым катып калды массаж жасап орнына келтырдым. 1айдан сон сутым тартылыр кеты . Кокрегымде сут болатын бырак аз молшерде .4айдан сон 3баламды котерып койдым. Казыр кызым 4айлык басында кокрегым жарлып катып калып журды озым уй жагдайында массаж жасап емдедым. Енды казыр сол жак кокрегым жргаргы жагы ауырып жатыр устасам ишынде катты бирденке бар сиякты массаж жасасам койып калады. Быраздан сон тагы устасам ауырады ! Устамай журсем ауырмайды жайган аздап сыздап кояды.устасам ган ауырады ! Не себеп ауырады калай билсем болады ? Алдын ала рахмет

  21. Жансая

    Сосын ауырган кокрекпен бала емзыгеболама

  22. Менде сол жак емшегімде дау түйін қалып қалды,қазір 2ді емізіп журм 6 ай болды. Жиі аурады. Балаға қаншалықты зиян болуы мүмкін

  23. Сəлеметсіз бе? Мен кешеден бері мəмем аурып, бүгін қызуым 38 болды. Үй жағдайында не істесем болады?қандай ем істесем болады?

  24. Саламатсыздар ма? Тунде температурам котерилип ауырдым. Емшегим исинип кызарып ауырып тур. Колмен устасам улкен комок болып тур

  25. Кызуым котерилип басым ауырып тур. Емизули кезде антигрипин.паратцитомол ишуге бола ма? Уй жагдайында не истеуге болады? Ауырган жакпен баланы емизуге бола ма?

  26. Салеметсиздерма!меним балам 1 жаста ал менде емшегимнин томен жагы катып температурамен ауырдым содан кеин саудым сары бирдене шыкты енди нестим каупти емеспа сауп укалай берсем кетема?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика