Басты бет / Балалар әлемі / Сәбиге қажетті заттар / Жаңа туылған сәбиге қажет киім-кешектер

Жаңа туылған сәбиге қажет киім-кешектер

Жаңа туылған сәбиге қажет киім-кешектер, Киімдер, Сәбидің киімдері
Жаялықтар. Сәбиіңізді жаялыққа орағыңыз келмесе де, ол сізге қажет болады: дәрігерге қаралуға барғанда, сәбиіңізді жуындырғанда, оған массаж жасағанда. Оларды көптеп алып қойған жақсы, 5-6 жұқа және 5-6 жылысын (фланельден тігілген).

Итжейделер (распашонки) – кем дегенде 4 жеңіл және 4 жылысын (фланельден тігілген).

Ползункилер – 8 жұптан жұқасы мен жылысын.

Чепчиктер – 2 жұқа, 2 жылы.

Шұлықтар – жұқасы мен жылысынан бірнешеу.

Башмақайлар (пинетки) – әлі жүре алмайтын сәбилерге арналған жұмсақ, тоқылған «аяқкиім». Шұлықтардан айырмашылығы – аяқты қатты қысып тұрмайды.

Итжейденің сыртынан киетін жемпірлер – фланельден тігілген жеңіл түрі немесе суық күнге арналған жылы мақталы матадан, жүннен тоқылған түрлері, кем дегенде 2 данадан.

Жылдың әр мезгіліне арналған бас киімдер – міндетті түрде сәбидің құлағын жауып тұруы қажет.

Далаға шыққанда орайтын қалташалар (конверт) алғашқы айларда және есейген балаға комбинезон.
Қыста 2-3 айлық сәбиге сырт киім ретінде жылы көрпешені орауға болады.

Сәбидің денесіне жақын киімдер жұмсақ, мақталы матадан тігілгенін қадағалаңыз.

Жаңа шүберек маталы киімдерді арнайы балаларға арналған сабынмен мұқият жуып-шайып, кепкен соң міндетті түрде үтіктеу керек. Жылы қалташалар мен комбинезон, көрпешелерді шаңсорғышпен тазалап, желдетіп алыңыз.

Сәбидің тазалығын сақтауға және жуындыруға арналған заттар
Ыңғайлы жаялық – бір рет қолданылатын және бірнеше рет қолдануға болатын дәкеден тігілген жаялықтар.

Балалар косметикасы – тазартқыш лосьондар, сеппе ұнтақ (присыпка), кремдер, денеге арналған майлар, жуынатын заттар.

Тазалық сақтауға және жуынуға арналған заттарды сатып алмас бұрын орамада жазылған ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Кішкентай сәбилерге арналғанына, аллергия тудырмайтынына, рН-баланстандырылған және құрамында этил спиртінің, жасанды бояғыш заттардың жоқтығына көзіңізді әбден жеткізіңіз. Жарамдылық мерзімін міндетті түрде қараңыз. Негізінде балаларға арналған косметикаларды дайындап шығаратын танымал фирмалардың заттарын алған жөн.

Мақталы тампондар – қауіпсіз мақталы таяқшалар, балаларға арналған гигиеналық сулықтар (салфетка).

Баланы жуындыратын ванна немесе арнайы шелек.

Таза суға арналған ыдыс – сәбиді жуындырып болған соң шайындыруға арналған.

Судың температурасын өлшеуге арналған термометр.

Қайнатуға болатын матадан тігілген жөке (мочалка). Губка алғашқы кезде жарамайды: оның арасына кір тез жиналып қалады және оны қайнатуға болмайды).

Жұмсақ матадан тігілген сүлгі: денеге арналған үлкені және бет сүртуге арналған кішкентайы (жаялықтарды да қолдануға болады).

Тырнақ қайшысы – ұшы дөңгелектенген, тырнақ алуға арналған арнайы кішкентай қайшы.

фото: mirsovetov.ru

Қызықты мақалалар

Дүкенде, Ойыншық, Бала, жылаған бала

Балаңызға ойыншық алып бересіз бе?

Үйде кішкентайыңыздың бөлмесі соңғы үлгідегі барлық ойыншықтардың жаңа түрлеріне лық толы. Ас үйде де балаңыздың …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика