Басты бет / Энциклопедия / Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен инвазивті емес түрде тексеру. Диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — УДЗ. Зерттеудің бұл әдісі арқылы жатырдағы ұрықтың жынысын, жағдайын (өлі немесе тірі екендігін) анықтауға болады. «УДЗ жатырдағы сәбиге зиян» деп, тексерілуден бас тартуға болмайды. Олай етсеңіз, сәбидің бойындағы аздаған ақаулардың соңы үлкен кемшіліктерге ұласуы мүмкін.

Ультрадыбыстық зерттеу жатырдағы сәбиге қауіпті ме?

Жүктіліктің алғашқы 10 аптасына дейінгі ультрадыбыстық зерттеу ұрықтың денсаулығы үшін өте зиянды. Себебі ол кезеңде ұрық бойында орталық жүйке жүйесінің қалыптасу процесі жүреді. Ал УДЗ толқындары сол процесті бұзып жібереді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен УДЗ туралы ережеде жүктілік барысында үш рет қана УДЗ жасауға рұқсат етілген. Алғашқы УДЗ жүктіліктің 10-12 аптасында, екінші рет 20-22 аптасында, үшінші рет 32-34 аптасында жасалады.

Шамадан тыс УДЗ жасату да жатырдағы ұрыққа қауіпті болады.

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)
УДЗ кезіндегі монитордағы көрініс. Бассүйегі қалыптасып қалған ұрықтың жатырда орналасуы.

 Жүктіліктің ерте кезеңіндегі УДЗ

УДЗ-ны жүктіліктің оныншы аптасынан бастап жасау қажеттігін айттық. Бірақ 10-аптаға дейінгі аралықта жатырдан тыс жүктілікті және жетілмеген жүктілікті уақытылы анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеге жүгінуге тура келеді. Ол үшін, алдымен, күдіктенетіндей белгілер болуы шарт.

Жүктіліктің ерте кезеңіндегі УДЗ дәрігерлер арасында тартыс тудыратын мәселе болса да, өте қажетті болып жататын кездері аз емес. Оның екі мысалын жоғарыда атап өттік. Қалай болғанда да, ерте кезеңдегі УДЗ-ның қажеттілігін гинеколог-дәрігерлер анықтау керек.

Ұқсас мақалалар

Жүктілік кезіндегі медициналық бақылаулар

Апгар шкаласы

Қызықты мақалалар

Гиперактивті бала, Гипербелсенді бала

Гиперактивті балалар

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен …

5 комментариев

  1. Мен эко икси адисимен жуктимин.дал казир 4апта.3апталыгында жекеменшик даригерге кориндим.ол мени корми жатым ангимемди аяктамастан болмайды дан баска ештеме айтпады.содан конилим алан ал карап коргенде бир кан тур кай уауытта болсада тусип калады маган кел озим емдеп котертемин дейди.6жылдан сон котерип куанышымды басты. Кимге сенип карала аламын алнашкы тускен удз маган зиян болды ма?

  2. Салеметсиздер ме? Менин аягым ауыр,уже 13 апта бирак али тиркеуге турган жокпын. Басымнын ауырганы жиылеп кетти,типты басымды котере алмаймын. Бул не ушин?

  3. Мен жукти екенимди билмей рентгенге тускен едим онын балага зияны барма 3-4 аптасында отиниш жауа жазыныздаршы

  4. Балалар гинекологиясындағы УДЗ туралы айтыңызшы

  5. Назерке

    Салеметсиздерме менин алгашкы жуктилигим коныр выделение келгесин узига тусип койдым бул кауиптиме? Баланын журек согысы неше апталарында пайда болады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика