Басты бет / Балалар әлемі / Азан шақырып ат қою

Азан шақырып ат қою

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф

Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.

Азан шақырып ат қою

Перзентінің құлағына азан шақырып, жақсы есім қою — Ислам дінінің ата-анаға жүктейтін жауапты міндеттерінің бірі. Әке-шешесі таңдаған есім баласы өскенде кесірін тигізбейтін болуы шарт. Сондай-ақ, адам есімінің мағыналық тұрғыда өте сауатты болуының маңызы туралы хадис-шарифте де айтылған: «Сендер қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан да есімдеріңді жақсартыңдар»

Атты неге азан шақырып қояды?

Азан шақырып ат қою — Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардан қалған өсиет, сүннет амал.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) баланың құлағына азан шақырып, жақсы есім қоюды үмбетіне өсиет еткен. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың уақыты кіргенін мұсылмандарға хабарлағанда азан айтылады, сондай-ақ, сәбиге ат қояр сәтте де құлағына азан шақырылады. Ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша пайғамбарымыз (с.а.у.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқыған (Тирмизи, Әдаһи, 15).

Сондай-ақ нәрестенің ең алғашқы естіген даусы азан үні болғаны дұрыс. Себебі оқылған азан мен қамат, сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланың Ұлылығы), таухид (Алланың жалғыздығы), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылуда.

Ұқсас мақалалар

Сәбиге ат қою

Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

фото: rumuslims.net

Пайдаланылған әдебиеттер:

Сәбиге ат қою

Мұсылманша ат қою

Нәрестеге ат қою үшін азан шақыру керек пе?

Қызықты мақалалар

Горшокта отырған бала, горшоктың суреті, горшок қазақша, баланы гаршокқа үйрету

Баланы горшокқа отыруға үйрету

Горшокқа отыруды үйретуді біртіндеп бастаған жөн. Үйренуге баланың дайын болғаны өте маңызды. Яғни ересектерге еліктеуге …

29 комментариев

  1. Бала көтергеніме 33-34 апта болды. Бірақ, соңғы уақытта жыныс мүшем қышып, маза бермей жүр. Жиі жуамын. Мазам болмағандықтан күйеуіммен де жақындаса алмай жүрмін. Не істесем болады?

  2. Ассалаумағалейкум!
    Қазақша егіз балалардын (Ер/Қыз) есімдерін жазып жіберсеңіздер……
    Рахмет!

  3. Айгерім

    Салеметсізбе. Менің үлкен балам 3 жаста, кіші қызым 1,5 жаста. бір өкініштісі екеуінеде азан шақырып ат қоймағанбыз. Енді осы міндетімді орындасам кеш емеспе, ол үшін не істеуім керек? рахмет.

  4. балага 2 ай болдi ендi азан шахыртып хойгызса болама?

  5. Айнагул

    Саламатсызба! Балам туылганына 7 кун болганда уйге молда акелип Нурали деген атын койдырттык. Бирак есимин кун батканда 22.00 де койды. Кун батканда атын коюга болама екен?
    Атын койган ер адам, бирак азан шакырып койганда дауыстаган жок. Кулагына да есимин уш рет дауыстап айткан жок. Иштей сыбырлап айтты. Солай коюы дурыспа екен?
    Казир балам 2 жаста, бирак атын билмейди, карамайды.
    Кайтып балама мешитке апарып атын койдыртуга болама екен? Болса сол Нурали атын коямызба, алде озгертип баскаша кою керекпе екен?
    Рахмет!

  6. толганай

    Балага кай кезде азан шакырады. Уйде ме алде мешиттеме кайсысы дурыс отинем жауап

  7. Эльдара

    Азан шақырылып ат қойылмаса ол күнәға жатама?

  8. Еркін Ерланұлы

    Баланызға азан шақырып ат қоймасаңыз дұрыс болмайды ештен кеш жақсы кеш болсада азан шақырып ат қою керек сосын мешітке барып Алла разылығы үшін мағыналы есім қойыңыздар маселен.Кызға Нурикамал, Медина, Əмина, Фатима, Айша, Аягөз, Махаббат, Раяна, Жəннат, Инас, Балауса, Əзиза, Айзере, Ханшайым.
    Улға . Нұр, Омар, Қадыр, Əбубакір, Абдуллаh, Қасым, Мұхамметжан, Аюф, Əбдірахман, Рамазан, Əбуали , Əмір, Иманəлі, Нұриман, Исламбек….

  9. Замира

    Саламатсыздар ма? Жалпы ұстанымдарыңыз өте жақсы екен,тәрбиелік мәні бар және маған ұнады.Мұсылмандық талап бойынша бала туылғаннан кейін (ауруханада туылатынын ескергенде) қанша күн ішінде атын қою керек?

  10. Кайрат

    Ассалмуалейкум билгим келгени баламнын аты Нурмухаммед деп койдым бес ай болды азан шакыртпадым енди кеш емеспа кулагын азан шакыртсам, кай уакытта азан шакырткан дурыс отиниш толык жауап берсениздер.

  11. Толганай

    Салеметсизбе, жолдасымнын акеси сабиимизге азан шакырып ат койды, бирак биз баска есим болганын калап едик. Енды туу туралы кужатты баска есиммен алуга болама?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Әрине, болады. Құжаттағы аты ресми аты болады.

  12. Маржан

    Саламатсыз ба, Апамыз кызымыздын атын Шагала деп коиган еди, биз азан шакырып атын коидык. Бирак онын аудармасыдореки естиледи , кейн кызымыз сол есимнин кесиринен уялады ма деп уайымлаймыз. Екинши рет азан шакырып есимин ауыстыруга болады ма?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба!
      Азан шақырып ат қою міндетті емес. Жағымды дәстүр ғана. Баланың атын ауыстыру құжат жағынан қиындықтудырмаса, қайта азан шақырып атын қоюда тұрған ешқандай ағаттық жоқ.

  13. Алишер

    1)Азан айтуга миндети турде имам керекпе. Мен озим азан шакырып койсам болама?
    2) Бир кисилер айтып жатыр. 7кун ишинде мал сойып койу керек дейди? Осы сурактарга толык жауап жазсаныз? Рахмет!

    • Ана мен бала сайты

      Имамның болуы шарт емес. Жеті күн ішінде құрбандық шалуды Ақиқа дейді. Интернеттен іздесеңіз, қажет ақпаратты табасыз.

  14. Ассаляму алейкум

    Оз оз1не азан шакырып ат койса болады ма?
    Алде Меш1ттег1 бас муФтига бару керек пе

    Жасым 19 да

  15. Қайырлы күн!Қызға Райяна есімін қоюға бола ма?ұлтымыз -қазақ.Жəне мағына сын жазсаңыздар!Рақмет!

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Иә, болады. Қазіргі кезде қыздарға жиі қойылатын есімдердің бірі. Мағынасы көп. Мұсылмандар үшін ең басты мағынасы жәннаттағы сегіз есіктің біреуінің атының Райян болуында. Бұл есім еуропалықтарда да бар.

  16. Сәлеметсіздерме, өтінемін жауап жазыңыз, балама азан шақырып ат қойылды, бірақ есімінің мағынасы мүлде ұнамайды, кезінде үлкен адам қойғасын араласпадым, енді ол 4 жаста, азан шақырып басқа есім қойсам болады ма? Немесе екінші есімі қылып осыны? Діни тұрғыдан осы дұрыс болады ма?

  17. Жадыра

    Саламатсыздар ма! Жауап бериниздерш. Аллага шукир жакында улды болдым, енди баланын есимин атам озинин 7 атасынын есимин бермекши. Бари карсылык корсетседе кояр емес. Олай истеуге бола ма?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба!
      Сіз айтып отырған жағдай қазақы отбасыларға тән ғой. Негізі, балаға ат қою баланың ата-анасының мойнындағы жауапты іс боп саналады. Балаға дұрыс әрі өз заманына сайт ат қою өте маңызды.

  18. Сымбат

    Саламатсыз ба? Балама 2 ай болды атын азан шакырып койган жокпыз енди койсак бола ма

  19. Салеметсізбе,қызымыз 1де азан шақырып ат қойылмады,енді кеш емеспе?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика