Басты бет / Балалар әлемі / Нәрестелер / Нәрестеге ат қою / Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

Қазақ халқында балаға ат қоюдың жиырма түрлі ерекшеліктері бар. Олар мыналар:

1. Балаға артық саусағына қарай ат қою есімдері: Артық, Артықбай, Қосекен;

2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою: Жаманбай, Ошақбай, Тезекбай, Итбай;

3. Баланың дені сау, тәні берік болсын деп те ат қойылады: Тасболат, Шымырбай, Болатбай, Тастемір;

4. Баласы шетіней берген үйде ат таңдау жолдары: Аман, Тұрды, Амангүл, Есен, Тоқтар, Тоқтасын;

5. Баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қойылады: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңбай, Ұзақбай, Өмірбай;

6. Ер сайманы болған ескі қару-жарақ аттарына байланысты да есімдер қойылады:
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Қылышбек;

7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана босын деген ниетпен ат қою: Абай, Абылай, Ғабит, Исатай, Сәбит, Сәкен;

8. Ерекше белгілеріне қарай ат қою: Қалдыгүл, Анарбай, Қалдықыз, Меңдігүл, Құдірет, Сүндет, Нышан, Нышанбай;

9. Ислам дінінің негіздеріне орай ат қойылады: Ғали, Жамал, Иса, Мұхаммед, Сүлеймен, Хадиша, Омар, Оспан;

10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің де аты қойылады: Айман, Алтын, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Раушан, Шолпан;

11. Мерзімінен бұрын туған балаға ат қою: Лекер, Шалабай, Шалабек;

12. Мақсат-мұратқа жетуді көздеп ат қойылады: Арман, Мақсат, Мұрат, Бақыт;

13. Соңғы балаға ат қою жолдары: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай;

14. Төрт түлік мал, аң, құсқа байланысты ат қойылады: Арыстан, Бота, Бүркіт, Сандуғаш;

15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда қойылатын есімдер: Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлжан, Ұлту;

16.  Табиғи құбылыстарға байланысты ат қою: Боранбай, Дауылбай, Шуақ, Тасқынбай;

17. Туылған уақытына қарай ат қою: Таңат, Рамазан, Құрбанбай, Наурызбай, Жұмабай;

18.  Әкесінің жасына қарап та ат қойылады: Жетпісбай, Қырықбай, Елубай;

19. Ұйқастырып ат қою: Ерғали — Нұрғали, Айжамал — Нұржамал, Ержан — Сержан;

20. Шетелдік есімдер аз қойылған: Карл, Феликс, Роман;

Ракайыл Жұмағазина, M-admin

Ұқсас мақалалар

Азан шақырып ат қою

Сәбиге ат қою

5 комментариев

  1. Гүлдана Әлмұқанқызы

    Балалы болу бір бақыт, ал немерелі болудың орны одан да ерекше екен. Ертеде ата-әжеміз өз басыңа келгенде білерсің деп күліп жатушы еді, немереңді әлдилеп алақаныңа салу шынымен баға жетпес сезім. Өз басым 45 жасымда немерелі болдым. Оның есімін Еркеназ деп қойдым. «Ерке» — дегенім, тұңғыш немереміз, ол ата-әжесінің тәрбиесінде әрине ақылды ерке болады, ата-бабамыз қыз баланы қашанда еркелетіп ұстаған,оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, «наз» — дегенім, қыз баланың жан дүниесі нәзік әрі бай болуы тиіс. Балапнымыздың ержетіп елінің қалаулы азаматшасы боларына сенеміз.

  2. Ұл баланың аты керек еді ,мағыналы қазақы

  3. Аян Абилгали

    қазақша жаңа есімдер туралы мәліметтер бере аласыздар ма?

  4. Куралай

    Ote ademi de tartymdy ul bala esimi kerek.

  5. қазақша жаңа есімдер туралы мәліметтер бере аласыздар ма?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика