Басты бет / Жаңалықтар / Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар саны жиырмаға жеткен. Бар мәселе франциялық Poly Implant Prothese компаниясының әйелдердің емшектерін үлкейтуге арналған протезін жасауға пайдаланған материалдың әйел өміріне төндірген қатерінде болып тұр. Аталған компанияның протез дайындау барысында клиникалық тексеруден өтпеген өндірістік заттарды пайдаланғандығы жайлы хабар тарады.

Poly Implant Prothese компаниясының емшек протезі
Poly Implant Prothese компаниясының емшек протезі. Фото: mirror.co.uk

2011 жылдың 30 желтоқсанында Франция үкіметі емшектерін жасанды жолмен үлкейткен франциялық 20 әйелдің сүт безі қатерлі ісігіне (емшек рагы) шалдыққандығы туралы мәлімдеді. Agence France Presse (AFP) ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, Poly Implant Prothese компаниясының сапасыз протездерін Еуропа мен Латын Америкасының 300-400 мыңға жуық әйелі пайдаланған екен. Қазірге дейін олардың 30 мыңға жуығы түрлі деңгейде зардап шеккен. 2011 жылы қараша айында Францияда бір әйел лимфома ауруынан (лимфа жүйесінің қатерлі ісігі) көз жұмды.

Британиялық денсаулық сақтау қызметінің (NHS (National Health Service)) хабарлауынша, ол елде 40 мың әйел сапасыз емшек протезін салдырған. Олардың әрбіріне тағы да ота жасап, қауіпті протезді алып тастау жұмысы өте зор әрі қымбат болмақ. NHS қажет жағдайда ота жасайтындықтарын айтты. Егер 40 мың әйелдің бәріне ота жасалса, ел бюджетіне 120 миллион фунт стерлинг шығын келмек.

Қызықты мақалалар

Ана миының өсуі

Балалар аналарының миын өсіреді

Американдық ғалымдар өткен жылдың соңында: «Балалар аналарының миын өсіреді» — деп таң қаларлық мәлімдеме жасады. …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика