Басты бетке Таңдаулы мақалалар Жүктілік және оның кезеңдері (жүктіктің үш триместрі)

Жүктілік және оның кезеңдері (жүктіктің үш триместрі)

334
0
Бөлісу

Алпыс екі тамырын иіп, сәбиін әлдилеуге дейінгі кезең, әсіресе жас аналар үшін жұмбақ та қуанышты, ал баланың дұрыс дамуын қамтамасыз ету — әйелдің басты міндеті. Ананың бойына бала біткенге дейін, бір ай бұрын, жүктілікке дайындалғаны абзал. Дайындалғанда істелетін жұмыстар: имунды жүйені күшейту, темекі шекпеу керек, алкогольді сусындар тұтынуды тоқтату, зиянды әрі жүйкені тоздыратын жұмысты ауыстыру, уақытылы және сапалы тамақтану. Бір сөзбен айтқанда, болашақ ананың жүктілік басталмай жатып салауатты өмір салтын ұстануы маңызды.

Болашақ ананың бойына бала біткенде, оның имундық жүйесінің әлсіреуі мүмкін. Содан да жас ана уақытша жайсыздықтарға кездесіп, көбінде көңілсіз, ашуланшақ, тіпті болмашы нәрселерге жылап жіберетін болады. Себепсіз көңіл-күйі жиі өзгеріп, бірде қуанып жүрсе, бірде ашуланады. Бұл әйел адамының ағзасында болып жатқан гормондардың қайта құрылымына байланысты. Тіпті, бойында бұрын өзі байқамаған сырқаттар көрініс беруі мүмкін. Кейбір әйелдерге мұндайда жеген тамағы сіңімді болмай, әлсіреп, тоғыз айдың басым бөлігін ауруханада өткізсе, енді бірінде, «жүктілік жаға ма?» — деп қаласың. Өйткені мұндай болашақ аналар ажары әрленіп, толысып, жүктіліктің әйел үшін ең әдемі шақ екенін айналасына паш етіп жүреді.

Жатырдағы ұрық Тағы бір қызықты жайт, антрополог ғалым Оразбек Смағұловтың айтуынша, нәресте ананың құрсағында тоғыз ай жатқанда адам баласының бүкіл биологиялық эволюциясын қайталайды.«Маман ретінде менің бір таң қалғаным, осы уақыт аралығында шарана құртқа да, балыққы да, маймылға да ұқсайды. Тек 7-8-9 айлығында ғана адамға ұқсап, өмірге келеді. Тоғыз айда нәрестенің өсу процесін зымыранның ұшқандағы уақытына теңер едім. Сондықтан, ананың балаға жүкті кезінде оған өмірдегі барлық жағдайды туғызуымыз керек. Ол қиындық көрмеуі тиіс. Сонда ғана біз салауатты ұрпақты дүниеге әкелген болып табыламыз », — дейді ғалым.

Енді осы кезеңде әйел бойында, құрсақта, қандай өзгерістер болатынын анықтап, соған сай болашақ аналарға қажетті кеңестер беріп көрелік. Жалпы, жүктілік үш триместрге бөліп қарастырылады.

Бірінші триместр
Жүктіліктің бірінші триместрі ұрықталу мезетінен бастап, он екінші аптаға дейінгі жүктілік кезеңі. Алғашқы триместр өте маңызды, себебі дәл осы кезде сіздің сәбиінің бір ғана жасушадан бастап, дамуын жалғастырады. Сегізінші аптаға дейін дәрігерлер оны «эмбрион» деп атайды. Осы кезден бастап, бала ағзасының негізгі жүйелері – жүйке жүйесі, қан тамырлыр қалыптаса бастайды. Сонымен қатар анасы мен әкесінің жасушаларынан алынған генетикалық материал қалыптасады.

Жүктіліктің бұл кезеңінде көптеген әйелдер өздерін толық, ешкімге керек емес, әдемі емес сезінеді, көңіл-күйі нашар, үнемі жылағысы келіп тұрады. Бұл сезімдерден қорқатын ешнәрсе жоқ, жүкті әйел үшін бұл қалыпты жағдай. Жүктіліктің басында гормондық өзгерістер осылай әсер етеді. Алғашқы триместрде жүкті әйелдердің көпшілігі өздерін нашар сезінеді, бұған себеп – токсикоз. Токсикозды жеңілдету үшін аз-аздан, бірақ жиі-жиі тамақтану керек. Тәбеті болмаса да, өзін күштеп болса да, тамақтану керек. Бірінші триместрде әйелдер көп демалып, көп ұйықтағаны дұрыс. Осы алғашқы триместрде әйелдер емханаға барып тіркелуіп, алғашқы УДЗ жасатып, жүктіліктің нақты мерзімін белгілеу керек. Сонымен қатар қажетті анаиздердің барлығын тапсырып, гинекологтың жіберген барлық мамандарына қаралып, олардың қорытындысын айырбастау картасына жазғызып жүру керек.

Екінші триместр
Жүктіліктің бұл кезеңі ең жағымды да жайлы кезең саналады. Себебі әйелдің іші шығып, толықтық емес, аяғы ауыр екені анық байқалатын кезең. Сіздің ішіңіз де айтарлықтай үлкен емес, жүріп тұруыңызға ыңғайлы, әрі ең қуанышты кезең. Бұл әйелдің эмоционалды жағдайына қатты әсер етеді, жүректің айнығаны да басылады. Балаңыз қимылдай бастайды, дәл осы кезде ана мен баланың арасында тығыз, екеуі ғана түсінетін, тәтті байланыс түзіледі.

Үшінші тримеср
Бұл кезеңде жүкті әйел айтарлықтай салмақ қосады, қозғалысы қиындайды. Шаршағанда арқасы айырып, аяқтары ісіп кетуі мүмкін. Ішінің үлкендігі үнемі қолайсыздықтар тудырады, жүкті әйел шаршайды, тезірек босанып, жеңілдегісі келеді. Осы кезде көп қимылдамай тез шаршап, көп жататын болады. Алайда егер сіздің жүктілігіңізге ешқандай қауіп төнбейтін болса, мүмкіндігінше аз жату керек. Ешнәрсе істемесеңіз де жүруді тоқтатпау керек. Бұның босанарда пайдасы өте көп. Сонымен қатар, бұл кезеңде ұннан жасалған тамақтарды азайтыңыз.

Жалпы жүктілік кезіндегі пайдалы және зиянды әдеттер
Жүктіліктің алғашқы триместрінен бастап өзіңізді пайдалы сусындарға, ағзадағы су тапшылығын толтыратын сусындарға үйреткеніңіз дұрыс.

Сусындарды барлығы пайдалы емес
Мәселен, кофенің несеп айдағыш әрі құрғатқыш әсері бар. Кофенің құрамындағы кофеин ағзадағы сұйықтықты шығарады, есесіне бір шыныаяқ кофенің орнына бірнеше шыныаяқ су ішуге тура келеді. Оның үстіне кофе жүрек соғысын жылдамдатады, қысымды жоғарлатады. Бұл дегеніміз жүкті әйел мен оның жатырдағы баласы үшін қауіпті.

Жаңадан демделген шайдың құрамында кофеиннің мөлшері кофедегі кофеиннен де көп, сол себепті шай ішу мен оның қоюлығына мән беру керек. Жүктілік кезінде қара шайға қарағанда көк шайдың пайдасы анағұрлым көп деген – жай аңыз. Шайдың өзі жақсы әрі дұрыс демделген болса, оның барлық түрі пайдалы, алайда тым қызығына кіріп кетпей, қалыпты мөлшерін дұрыс сақтау керек.
фото: memrise.com

Ұқсас мақалалар

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің екінші триместрі

Жүктіліктің үшінші триместрі

Жүктілік физиологиясы

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!