Басты бет / Жүктілік & босану / Жасанды жолмен түсік тастаудың зияны

Жасанды жолмен түсік тастаудың зияны

Жасанды жолмен түсік тастаудың салдары жарық дүние есігін әлі аша қоймаған сәбидің өмірін қиюмен бірге оны жасатқан әйелдің жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйесінің (ішкі ағзалардың жұмысын реттейтін жүйе) жұмысын бұзады. Тағы әйел ағзасындағы табиғи құбылыстарға зақым келеді. Аборт жасатуға бел буған әйел өзінің денсаулығын қатерге тігеді. Аборт жасатқаннан кейін балалы болудың өзі өте сирек кездесетін құбылыс. Алғашында қателесіп аборт жасатып, кейіннен өмір бойы тізесін құшақтап өтетін әйелдердің өлгенше өкініп өтетін істерінің бірі де осы жасанды жолмен түсік тастау, яғни, аборт жасату.

Жасанды түсік тастаудан соң әйелдің жыныс бездерінің қабынулары орын алып, инфекциялармен зақымданады. Етеккір кезеңдері мен жыныстық мүшесінің функциялары төмендеп кетеді.

Аборт жасатқан әйел кейіннен қайта жүкті болу бақытына ие болғанымен оның алдында жасаған аборттың кесірі аяғы ауыр кезде өзіне және жатырда жатқан балаға тиюі ғажап емес. Тіпті, ондай жағдайлардың соңы босану уақытына жетпей жатып өздігінен түсік тастаумен аяқталуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, жүктілік кезінде қанның көп кетуі уақытынан бұрын босануы ықтимал.

Аборт жасату халқымыздың түбіне жетпесін деп шырылдаған көзі ашық, көкірегі ояу жандардың жанайқайында жатқан ақиқат бар. Неге? Өйткені, аборт жасатқан әйелден бала туылуы екі талай және туыла қалған күнде де әйел мен баланың өмірі қауіп-қатерге толы болатын кездер аз емес. Ондай жағдайлар кез-келген халықтың рухани мәртебесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі беделін және ықпалын төмендетпек.

Түсік тастаудың ең қауіптісі — мерзімінен асып кеткен жағдайда жасалатын түсік. Ондай кезде білікті мамандардың істеген әрекеттері де көмектесе алмайды. Негізі, мерзімі өтіп кеткен жасанды түсік іштегі шарана аяғы ауыр әйелдің денсаулығына қауіп тудыратын болса ғана жасалады. Себебі баланың өмірінен ананың өмірі маңыздырақ.

фото: medikforum.ru

Қызықты мақалалар

Ұрық қабы, Амниотикалық қапшық, Ұрық қабының ертерек жарылуы

Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Жүктілік соңына жетіп, босану процесінде ұрықты тоғыз ай бойына қорғап, қағанақ суын сырттай қоршап, сыртқа …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика