Гипертермия

Гипертермия деген не?

Гипертермия — денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де болады, бірақ ауруға жатпайды. Гипертермия дене қызуы 37°С-ден жоғары болғанда байқалады, 42,2°С-ге жеткенде адам ес-түссіз күйге енеді. Егер оны уақытылы емдемесе (қызуын түсірмесе), миына зақым келеді.

Гипертермияның үш деңгейі бар: төмен гипертермия — 38°С-ге дейін, орташа гипертермия 40°С-ге дейін, жоғары гипертермия 40°С-ден жоғары. Балалардың дене қызулары 39°С-ден асқанда жедел жәрдем шақыру керек. Білгішсініп өз бетінше ем қабылдайтындардың басым бөлігі қателесіп жатады.

Балалардағы гипертермия, дене температурасы, Дене қызуы

Гипертермияның себептері

Негізгі себебіне түрлі жұқпалы індеттер мен қабынбалы аурулар жатады. Әсіресе, вирустар арқылы жұғатын аурулар басым. Кейде бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен де дене қызуы көтеріледі.

Кейбір екпелерден соң дене қызуы көтеріледі. Оны дененің вакциянаға жауапты белгісі деп түсінуге болады. Егілген дәрінің құрамындағы заттардан да дене қызады.

Гипертермия кезінде не істеу керек?

Егер дене қызуы 38°С-ден аспаса, оны түсірудің қажеті жоқ. Ал егер одан асып кетсе, дәрігердің тексеруі мен кеңесі арқылы температураны түсіруге болады.

Гипертермия кезінде дене қызуын бірнеше сағат сайын тексеріп, жазып отыру керек. Дәрігер гипертермияның себептерін анықтау үшін сұрағанда  неден күдіктенетіндігіңізді және дене қызуының жазып алған көрсеткіштерін айтасыз.

Гипертермия барысында бала қалтырап-дірілдеп жатса, үстіне жамылғы жабыңыз. Егер жиі терлей берсе, терін сүртіп, суланған киімі мен төсегін ауыстырыңыз.

Дәрігер айтқан қызуды түсіргіш дәріні қабылдаған соң жарты сағат уақыт өткенде дене қызуын тағы бір мәрте тексеруге болады. Олай ету арқылы қабылдаған дәрінің қагшалықты тиімді әсер еткендігін біле аласыз.

Дене қызуын дәрі-дәрмексіз төмендету

Балалардың дене қызуын дәрі-дәрмексіз төмендетуге болады. Ол үшін денесін жылы суға малынған губкамен сүрту керек. Алдымен, беті мен мойнын сулы губкамен ысқылап шығыңыз, кейін қолдарын, арқасын және басқа да мүшелерін ысқылаңыз.

Дене қызуы көтеріліп тұрғанда спиртпен, сірке суымен ысқылауға болмайды. Ондайда температура жоғарылап, улы заттардан тітіркену болуы мүмкін. Ал сумен ысқылағанда жылы судың булануы арқылы денедегі қызу сыртқа шығады.

Суды көп мөлшерде ішудің қызуды төмендетуге тигізер оң әсері бар.

Гипертермия кезінде қабылдайтын дәрілер

Балалардың дене қызуы кезінде қабылданатын дәрілердің барынша бала ағзасы үшін жеңіл болғаны абзал. Олар парацетамол мен ибупрофеннің негізінде болады. Дәрілер ерітінді, тамызатын дәрі, шам (свеча), шәрбат (сироп) түрінде болады.

Аспирин, найз және анальгин сынды дәрілерді беруге болмайды. Дене қызуын төмендететін басқа да дәрі-дәрмектерді дәрігер тағайындауы тиіс.
фото: medfly.ru

Ұқсас мақалалар

Дене қызуы: себебі, салдары, қызуды төмендету амалдары

Балам жиі ауырады. Неге?

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Балалар арасындағы тершеңдік

Балаларда жиі кездесетін ангина

Балалардағы анемия (қаназдық)

Науқас баланың күтімі

Қызықты мақалалар

Кеш токсикоз (соңғы токсикоз)

Кеш немесе соңғы токсикоз — жүктіліктің екінші жартысындындағы қауіпті асқынулардың бірі. Көп жағдайларда кеш токсикозды жүктіліктің бірінші жартысындағы …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика