Басты бет / Балалар әлемі / Егіздер жайлы: егіздер қалай туылады?

Егіздер жайлы: егіздер қалай туылады?

Адам баласының ана құрсағында өзі сияқты екінші бір ұрықпен (баламен) қатар жетіліп, дүниеге бір уақытта келуі, егіз болып туылуы — көзбен құлаққа үйреншікті жағдай. Бірақ егіздер жайлы не білеміз?

Қызық дерек: Әлемде 70-80 млн.-ға жуық егіз адамдардың жұптары бар көрінеді.

Адам ұрпағы саналатын егіздердің негізгі екі түрі бар. Бірі: бір жынысты, бір-біріне қатты ұқсайтын егіздер; екіншісі: бір-біріне қатты ұқсамайтын, түрлері ағайынды адамдар сияқты ұқсас болып келетін егіздер.

Егіздердің екі түрлі болуының сыры екі түрлі жауаппен түсіндіріледі. Монозиготалы егіздер (бір ұрықты немесе бір ұрық жасушалы егіздер) бір ғана аналық ұрық жасушасының қарапайым жол арқылы бір ғана сперматозоидпен ұрықтануы кезінде алғашқы бөлшектену процесінен соң бірдей екі бөлікке бөлініп кетуінен пайда болады. Екі бөліктің де генетикалық қасиеттері бірдей болып қалады. Ары қарай бір-бірінен аумай қалған екі ұрық дами бастайды.

Бірдей қасиетке ие екі ұрықтың дамуының қыр-сырын ғалымдар осы күнге дейін дөп басып айта алмай келеді. Оның басты себебі — ұрықтың екіге бөлінуін реттеп отыратын био-химиялық механизмдердің күрделілігі.

Монозиготалы балаларды туу ешқандай сыртқы (экологиялық, физикалық, химиялық) және мұрагерлік (гендік) факторларға тәуелді емес. Түрлі статистикалар әрбір 1000 жүктіліктің үшеуі монозиготалы жүктілік болады деген деректі келтіреді.

Қызық дерек: Жер бетіндегі егіздердің 30%-ы жоғарыдағыдай генетикалық процестердің себебінен пайда болады екен.

Егіздердің екінші түрі әйелдің етккірі кезінде жетілетін екі аналық ұрық жасушасының көмегімен пайда болады. Негізі, қалыпты жағдайдағы етеккір кезінде бір ғана аналық ұрық жасушасы жетіледі (бірақ бұл үнемі солай болады дегенді білдірмейді). Ал кей жағдайларда бір мезетте екі аналық ұрық жасушасы жетіліп кетеді. Ол екі жасуша да сперматозоид арқылы ұрықтанып, жатырда бір-бірінен бөлек түрде дамитын екі түрлі ұрық пайда болады. Олар бір-біріне аздап ұқсас болғанымен, гендік қасиеттері әр түрлі болады.

Бір-біріне 100 пайыз ұқсас егіздерді қазіргі замандағы дамыған жоғары технологиялық ғылыми жетістіктердің көмегімен де дүниеге әкелу мүмкін емес. Ол жағы адамзат жаратылысындағы сыры ашылмаған құпия болып қалуда. Ғалымдар қай ұлт өкілдерінің арасында егіз бала туу жағдайларының жиі кездесетіндігін ғана анықтай алды.

Әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасыларда егіз балалардың дүние есігін ашулары жиірек кездеседі екен. Бірақ бұл дегеніміз материалдық жағдайы нашар әйелдердің егіз бала туу мүмкіншіліктері көп дегенді білдірмесі анық.

Қызық дерек: Әдеттегі жүктілік 39-40 аптаға созылса, екі балалы егіздер кезінде 36 аптаға, үш балалы егіздер кезінде 33-34 аптаға, төрт балалы егіздер кезінде 30 аптаға, ал бес балалы егіздер кезінде 28-29 аптаға созылады екен.

Әлем елдерінде егіздердің туылу көрсеткіштері әр түрлі. Мысалы, егіздер Қытайда, Жапонияда және Африка елдерінде көптеп туылады. Ал Еуропа елдері ең соңғы орында.
60 жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта егіздердің дүниеге келуі 2,5 есеге артқан. Оның да себебін нақты айту қиын. Кейбіреулер егіздердің туылу көрсеткішінің артуына бедеулікті дұрыс жолмен емдеудің себебі болуы мүмкін дегенді айтады.

Егіз балаларды дүниеге әкелу оңай шаруа емес
Егіз балаларды дүниеге әкелу қаншалықты қуанышы мол жағдай болса, соншалықты деңгейде әйел ағзасына күш түсіретін биологиялық процес болады. Мысалы, іштегі екі баланың салмағын қосқандағы салмақ қалыпты жағдайдағы бір баланың салмағынан ауыр келеді, зәр шығару жүйесіне ауырлық түседі, ағзасындағы кальцийдің көп мөлшерін жоғалтады, босану процесі ұзаққа созылады. Ондай кездерде жүкті әйелдің күтімі үнемі қадағалауда болып, іштегі балалардың денсаулығына зиян келтіретін заттар мен оқыс қимылдардан аулақ жүру керек.

Егіз балалар неге әлсіз болады?
Байқасаңыздар, екі немесе одан да көп бауырлардың бір мезетте егіз болып туылуы барысында жүктілік мерзімі қысқа, сәбилердің салмақтары қалыпты жағдайдағыдан азырақ (кейін қалыпқа келеді), денсаулықтары ұқыпты күтімді қажет ететін болады. Оның себебі ана құрсағында жатып, бір ұрыққа тиесілі отегі мен қоректік заттарды екеу немесе үш-төртеу болып бөлісіп тұтынғандарында жатыр екен.

Кім бірінші дүниеге келеді?
Егіздерге қатысты жалаң аңыздарға сенсек, бірінші болып салмағы ауырлау бала дүние есігін ашады екен. Ақиқатында, жағдай олай емес. Егіздердің бірінші немесе екінші болып дүние есігін ашулары ана жатырындағы орналасуларына тікелей байланысты.

Егіздер жаратылысындағы тылсым құбылыс
Естіген боларсыздар, «сырт келбеті жағынан бір-бірінен ажырату қиын егіздерді (бір ұрықты егіздер) екі жаққа бөлек етіп жіберіп, бақыласа, бірінің денсаулығы нашарлағанын екіншісі сезеді» деген сөздер айтылып жатады. Бұнысы – ақиқат. Көптеген егіздердің өмірінде аталған жағдай кездескен. Бірақ оның қандай тылсым құбылыс екенін анықтап, сырын аша алған бір де бір ғалым да, оқымысты да, дәрігер де жоқ.
Туылғанынан бастап екі бөлек жерде өмір сүрген егіздердің бойындағы түрлі қасиеттердің қашықтыққа немесе сол сияқты кедергілерге қарамастан бірдей болатындығы да бар.

Хеллин заңы
Заң дейтін ешқандай физикалық құбылыстың заңы емес. Американдық Хеллин деген бір ғалым егіздердің туылу жиілігі туралы «заң»-ды ашқан екен. Оған сенсек, орта есеппен әрбір 89 жүктілікте бір ғана екі балалы егіздер болады, әрбір 89 екі балалы жүктілікте бір ғана үш балалы жүктілік кездесе, әрбір 89 үш балалы жүктілікте бір ғана төрт балалы жүктілік кездеседі екен.

Қызық дерек: Бір рет екі ұрықты егіздерді дүниеге әкелген әйелдің екінші рет екі ұрықты егіздерді дүниеге әкелу ықтималдылығы екі есеге артады. Себебі екі ұрықты дамытып дағдыланған ағза екінші рет те екі ұрықты егіздерді дүниеге әкелуге бейім келеді.

Егіздердің өз тілдері болады
Егіз туылған балалардың арасында өздеріне ғана түсінікті тіл (өздеріне түсінікті диалекті) пайда болады. Екеуі сол тілде сөйлеседі. Оны екі жастағы егіздердің әрекеттерінен байқауға болады. Егер отбасындағы бала жалғыз болса, онда оның тілін ешкім түсінбейді, онымен сөйлесетін құрдас бала болмағандықтан оның өзіндік ерекше тілі жойылады.

Қызық дерек: Егіздердің бет-әлпеттері мен дене пішімдері 100 пайыз ұқсас болғанымен, саусақ бедерлері мүлдем бөлек болады.

Қызықты мақалалар

Горшокта отырған бала, горшоктың суреті, горшок қазақша, баланы гаршокқа үйрету

Баланы горшокқа отыруға үйрету

Горшокқа отыруды үйретуді біртіндеп бастаған жөн. Үйренуге баланың дайын болғаны өте маңызды. Яғни ересектерге еліктеуге …

43 комментария

  1. менін сынарым бар, ал біз екі ұрықты немесе бір ұрықтыға жататындығымызды қалай білуге болады?

    • Ony ananyz bilu kerek siakty. Kandai uryktyk egiz ekendigi darigerlik tekseruden otkende anyktalady. Al bylaisha uksastyktarynyzga karap ajyratuga bolady. Birak 100 senimdi bolu kiyn.

  2. Егіздерге әркім-ақ қызығатыны белгілі. Бірақ қолдан егіз жасауға ешкімнің де мүмкіндігі жоқ болғандықтан, оны ерекше сый деп бағалаған жөн. Менің ағамның егіз балалары биыл 11 сыныпты бітіреді: ұл мен қыз. Екеуі бір-біріне ұқсамайды. Мына мақаладан қызықты деректерді оқып, таң қалдым. Егіз балаларға өзім қызыққаныммен, егіз балалы болуға бір түрлі қорқам…

  3. Егіздер тұқым куалаиды ма?

  4. Мақала қызықты екен. Әсіресе, ұрықтың санына байланысты, оны көтеру аптасы әр трлі болатындығы жайында бірінш рет естіп отырмын.

    Алайда, таблицадағы мәлімет пен оның астындағы мәтіннің арасындағы қарама-қайшылықты қалай түсінуге болады?!. Кестеге сүйенсек, жапондықтар мен қытайлықтар арасында әр 150 және 250 жүктілікке 1 егіз сәйкес депсіздер, яғни ең аз көрсеткіш ретінде тұр; ал астында » Мысалы, егіздер Қытайда, Жапонияда және Африка елдерінде көптеп туылады. » дейсіздер. Сонда қай сөз рас?

    • Kytai men Japoniada halyk sany kop, sondyktan tuylatyn egizderdin de sany baska elde tuylatyn egizderdin sanynann kop. Al kestedegi sandar egizderdin tuylu jiligin korsetedi.

  5. Ең әуелі Алланың сый құрметінің арқасында осындай егіздерді жарық дүниеге әкелген алтын құрсақ аналарымызға мың алғыс.мәтін көңілімнен шықты шығармашылық табыс тілеймін…..

  6. Мақала қызықты екені сөзсіз.Менде егізбін сыңарым қыз.Анамнан жиі сұрап отырамын
    неге біз бір-бірімізге ұқсамаймыз деп? Сонда анашым екеуін екі қалтада пайда болғансындар дейді. Ал егерде ұқсаса онда бір қалтада пада болғаны. Біздің жан ұяада 3 егіз болған, мен үйдің ортатаншысымын.Егіз болғаныма Аллаға мың алғыс…

  7. Сәлеметсіздер сіздерге сұрақ ман егіз балалы болғым келеді қандай көмектерініз бар

  8. (n)u(r)k(e)n

    Сәламатсыздарма! мен бір журналдардан оқыдым. Егізді жасанды жолмен табуға болады. Шет елде бір әйел жасанды ұрықтандырумен 6 егіз балалы болған, яғни, 6 баланы 1 мезетте әкелген. Рахмет, сау болыңыздар! Менімен жақын танысқыларың келсе, nurken-a@mail.ru хбрлас!

  9. менің дипломдық жұмысым осы тақырыпта еді,… мәліметтер аз болып жатыр, сіздерден көмек сұрасам болама???

  10. Акерке

    салеметсизбе? мен болашак анамын егиздердин маган 7 ай болды. бугин узига тусип едим биреуи шетинеген дейды. менде осы уакытка дейн бари жаксы болды ощимди жаксы сезиндим кешегиге дейн кимылдап турган. али сенбеймин. осындай жагдайлар не себептен болады екен себебин билгим келеди

  11. Салтанат

    Сәлеметсіздер! менің жасым 27 де, менде Алланың берген 2- ап адемі қыздарым бар. ендігі жоспарым жан — жарыма ұл силау, неге екені белгісіз қатты егіз ұлды дүниеге алып келгім келеді. Адетте ұл немесе қыз сәбилерді есептеп дүниеге алып келіп жатады, сол сияқты егіз балдарды да есеппен дүниеге алып келуге боладыма?

    • Саламатсызба! ЭКО әдісі бойынша мүмкін. Ал табиғи жолмен сіз айтқандай нәтижеге жету өте күмәнді. Мамандар арасында бірауыздан мақұлданған тұжырым да жоқ.

  12. Сәлеметсіздер! Мен егіз қыздардың анасымын, дәрігерлердің айтуынша олар 1 ұрықтанжаратылғандар екен, бірақ олар бір-бірене мүлдем ұқсамайды, оның себебі неде? Мен олар жайлы көп білгім келеді.

  13. саламатсыздар ма!жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.мен де жақында аяғым ауырлаған,узиге түссем егіз екен,Бірақ,өкініштісі екеуінің де жүрек соғысы жоқ.8 апталық еді.Өкінішті.Әттең дедім.жүрегім әлі ауырады ойласам.көзге көрінген балаларым аман болсын дедім

  14. Саламатсыздар ма?!Менин газетке шыгатын макалам осы жайлы еди,Гинеколог мамандар сурактарыма жауап берер ма екен,

  15. Салеметсиздерме. Сурайын дегеним менин егиз инилерим бар. Жастары 20да. Бирак 20дагы жигиттерге ксамайды, бир биримен коп урысады. Бир бирин душпан кореди. Неликтен? Ьизге ауру сиякты коринеде. Емшиге корсетсек дуа тускен дит. Ал елдер егиздин сондай турлери бар дейди. Отинем менин инилерим неге ондай бул бир аурудын туриме алде дуа тускенбекен жауапсыз калдырманыздаршы сурагымды.

  16. жадыра

    Сәлеметсіз бе! Менім кояр сұрағым монохориальные диамниотические двойи деген қандай егіздер?

  17. Сәлеметсіздерме? егіздердің біреуі жатырдан түсіп қалса екіншісі бала болып жетілуі мүмкінбе?

  18. Жулдыз

    Салеметсиздерма? Менин бир улым бар.Екинши периштени дуниеге акелсемба деген ойдамын брак егиз балам болса дим.Егиз болу ол тукымга байланыстыма?осы сууракка жауап бериниздерши

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Тұқымқуалаушылықтың де себебі болады. Бірақ 100% кепілдік жоқ.

  19. камшат

    Менин куйеуим егиз мен егиз туа аламба?

  20. Гүлфайруз

    Сəлеметіздерме менінде құрсагымда егіз бобектерім бар.маган 36 апта боп калдым сонда мен босануға дайын болганымба.Егіздердің алдында Алла берген екі кыз екі ұлым бар Аллах бізге егіз перзент сыйлады сансыз шүкіршілік.Алла аман сау жаным калуын нəсіп етсе пкен.ИншаАллах

  21. Гүлфайруз

    Міндетті түрде 36 аптада босанама екен əлде асуыда мумкінбе

  22. Саламатсыздар, менің егіз кыздарым бар 10айлык. Монохориальный диамниотический, бiр урыкты деп айтты УЗИ де. Бiрак екеуі катты уксамайды. Ол калай болганы сонда?

  23. Мен егиз балали болгим келеди калап есептеп тууга болади

  24. Динара

    Саламатсызба. Менин егиз балалы болгым келеди калай есептеп босануга болады

  25. Айгуль

    Сәлеметсіздер ме ? Сіздерден сұрайын деп едім мен егіздің сыңарымын, ал егізім дуниеге келген кезде қайтыс болыпты .менен сұрақ менде егіз болуы мүмкін бе ? Алладан осыны сұраймын .медицинада мүмкін бе?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба!
      Сіздің де егіз балалы болуыңыз мүмкін.

      • Сәлеметсіздерме сизден.сұрайн.деңгейімен мен күйе мнение тұқымы Н-да егиздер жоқ ал мен егиздер босаң ғым келеди

        • Сәлеметсіздерме жолдасым екеумиз егиздер болса деп армандаймын ал екеумиз жақтан егиздер тұқым жоқ қалай егиздерболуға болады соны армандаймын қалай болар екен

  26. Гульмира

    Салеметсыздерме! Сыздердын жазган сауалнамаларыныз маган унады. Оларды окып шыктым. Мен Алла каласа егыз бобектерымды дуниеге алып келемын. Казыр жуктылыктын 25аптасында журмын. Бул менде екыншы жуктылык. Сыздер екыншы жуктылык егыздерде 36аптада деп жазгансыздар. Сонда бул распа. 36аптага дайын болу керекпа. Аздап коркамын егыздерды дуниеге акелу киын деп жазыпсыздар. Олар екы жумырткада дамып келе жатыр деды. 1ул 1кыз. Сонда олардын егыз деген аты гана болмаса олар быр бырыне уксамайма.

  27. Салеметсизбе. Мен бир ангиме естигем сол каншалыкты рас. Бир айел 3 рет узи туседи. Ушеунде де бир бала деп айткан. Бирак егиз туды. Мундай жагдай болама.

  28. Сәлеметсіздер ме! сіздер жазған мақала маған қатты ұнады. қорықпаңыздар 36 аптада емес уақытында босанасыздар

  29. Сəлеметсіздерме! Менің білгім келгені етеккір келгеннен бұрын жүкті болып сосын етеккір келеді көп емес аз ғана. Екінші айда мүлдем келмеді. Қазір аяғым ауыр. Узиге түскенде егіз екі ұрық бар деп айтты. Білейін дегенім узида 6-7 апта деп мерзімін көрсетті. Мен алдыңғы айда етеккірім келседе көтеріп қойғам ба . Түсіндіріп беріңіздерші өтініш.етеккірім келгеннен бері санасам өзім 4-5 апта аралығыузи нақты айта ма мерзімін. Жақында түскем. Қайта барып узиге түсуге болама тағыда. Нақты білу үшін. Алматы қаласында нақты қандай мекен- жайда узиге барып түсуге болады. алдын ала рахмет!

  30. Жазира

    Салеметсиздерме!!!Менин бул екинши бала котеруим…Аллага шукир казыр 30неделья болды…куйеуим де егиз.бырак ол бир жумыркадан…ал менде еки жумырткалы балалар…билуимше кобинесе еки жумырткалы балалар тукым куалайды…бир жумырткалыларга караганда….менде бир ул бир кыз деди….Мен оте куаныштымын…бул маган Алланын берген сыйы…Куйеуимди оте жаксы коремин…оганда рахмет))????сау болыныздар!!!аман есен босанып ,бари жаксы болсын Инш’Аллах!!!!!

  31. Айымгул

    Саламатсызба менің 4ші жүктілгім менде егіздер деген казір 33апта узи бойынша 30.31апта не себепті екен туснбдім 01.11.2016 сонғы қонғм келген

  32. Айымгул

    Міндеті турде 36да дунеге келем алде толк уақтнда келеме

  33. Арайлым

    Қай айда егіз көтеру мүмкіндігі бар?

  34. Жанерке

    Жолдасым екеумиз егиз болса деп армандаймыз..Бирак екеумиздин жагымыздан егиздер жок.Негизи тукымда егиз болу керек дит.Калай болар екен?Егиз болу ушин не истеу керек?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика