Басты бет / Аналар әлемі / Бала босанғаннан кейін үй шаруасына қалай үлгеруге болады?

Бала босанғаннан кейін үй шаруасына қалай үлгеруге болады?

Жаңадан босанған әйел адамы әлсіз, әлжуас және дене мүшелерінің барлығы босап тұрады. Баланы жаңадан қолға алып, оны құшағыңыңызға алған сәтте сізден басқа әлемде бақытты жан жоқ сияқты болады. Бірақ, бала өзіне көңіл бөлгізумен қатар ерекше қамқорлықты талап етеді. Содан түн ұйқының төрт бөлінуі мен үй шаруасы барлығы анаға жүктеледі.

Ертеректе келіндер босанған кезде енелері қырық күн бойы күтіп, баптап, балаларын бір, бір жарым жасқа дейін тек бесікке бөлеп өсіретін. Ол баланың дені сау болып өсуіне, ұйқысы тыныш болуына, әрі таза болуына көп көмектеседі. Ал, қазіргі заманға қарай қаладағы бөлек тұратын жас келіншектер біреуін білсе біреуін біле бермейді. Бесікті ұмытып, көп қолданбай барады.

Үй шаруасындағы әйел, Үй шаруасы

Бала босанып болғанда, алғашында қиындау болып үлгермей жатасыз. Осындай да немқұрайлы қарамай, бала күтіміне де, үй шаруашылығына да тиянақты үлгеріп отыру керек. Үйде жаңадан туған нәресте болғандықтан үйдің іші таза және ана мен балаға ыңғайлы болғаны дұрыс.Нәресте туылғанда көп ұйықтағыш болады.Соны пайдаланып, анасы бала ұйықтап жатқанда жұмыстарын бітіріп алуы керек.Алдымен не істеу керек екендігін жоспарлап,содан соң жұмысыңызға кіріссеңіз, уақытыңызды үнемдейсіз және барлығына да үлгеретін боласыз.

Үйді тазалау. Бала бөлмесінің ауасы ылғал және бірқалыпты температурада болғаны дұрыс. Алғашында бөлме температурасы 22-23 градус жылы болу керек болса, кейіннен бала өсе келе 18-20 градус қолайлы болады. Тым жоғары болса да бала терлегіш, аурушаң болып кетеді. Содан бала терлегеннен денесі бөртіп қызыра бастайды. Сондықтан баланы бірқалыпты температурада ұстағаны дұрыс. Бала бөлмесі ашық және жарық болса, ол бала көңіл-күйіне өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар бөлменің ауасын күнделікті 15-20 минут терезелерін ашып тазартып отырсаңыз, жақсы болады.

Тазалық — денсаулықтың кепілі демекші, дәрігерлердің де кеңесі бойынша жаңа туылған балалы үйдің таза болғаны абзал. Себебі, шаң тозаңдардан кейбір балаларда аллергия сияқты аурулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан үйді күнделікті тазалағанда да терезе, шкафтардың беттерін ұмытпай сүртіп, еденді жақсылап жуып отыру керек. Бұл күнделікті тазалау бөлме ауасының ылғалды болуына тікелей әсер береді.

Кір жуу. Қазіргі заманның әйелдері бақытты десем, артық айтпағаным шығар. Баяғы заманда бұл тек ертегі мен арман-қиялдарда ғана болса, бүгінгі таңда екінің бірінің үйінде кір жуғыш машиналар бар. Бұл сіздің қолыңызды көп суға салмайтыныңызға және уақытыңызды тиімді пайдалануыңызға көмек. Осыған орай, кірлеріңізді түс-түсіне бөліп, кір жуғыш машинаңызға саласыз.

Асхана. Үйіңіз таза болып,кіріңіз жуылып жатқанда тамаққа кірісесіз. Қазақ отбасында жалпы әйел босанған кезде ерекше көңіл бөліп, күтім жасап, бір қой соятын болған. Сөйтіп, сол қойдың етінен баланы қырқынан шығарғанша сорпа ішкізіп, терлететін болған.Қой етінен жасалған сорпа тағамын ішетін болса, ол әрі дәмді және ана сүтінің көп құнарлы болуына септігін тигізеді.Осыған орай, кастрюлге етіңізді, көкөністеріңізді салып, сорпа жасай салуыңызға болады. «Ет — етке, сорпа — бетке» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек, еті құнарлылық берсе, көкөністер қосымша дәрумендер болып табылады. Содан, артық ыдыстарыңызды жинап, жуылып біткен кірлеріңізді жаюды ұмытпаңыз.

Барлығын жасап болған соң, өзіңізге де кезек келеді: шайыңызды ішіп, 10-15 минут тынығып алуыңызға болады және бала босандым болды деп әбіржімей өзіңізге де көңіл бөлуіңіз керек. Кейде туысқандарыңыздан көмек сұрап, бір-екі сағатқа сыртқа шығып келуіңізге де болады. Мысалы: аяғыңыз ауыр кездегі киімдеріңіз жарамсыз болып қалғандықтан гардеробыңызды жаңарту керек болады. Сіздің гардеробыңызда міндетті түрде: ыңғайлы шалбар немесе юбка, емізуге ыңғайлы жейде, жай табан аяқ киім, қыдырғанда киетін көйлек болуы керек. Енді қандай киім алатыныңыз жайында тізім жасап алыңыз да дүкендерден керек-жарағыңызды әкеліп алыңыз немесе шаштаразға барып демалсаңыз бір серпіліп қаласыз.

Әйел адамы бала босанғаннан кейін де гинеколог-дәрігерге тексерілуді ұмытпағаны жөн. Себебі, кейбір жағдайларда артық қан толығымен тазармай қалып жатады, соны уақытында тексертіп, қажет болған жағдайда ем қабылдау керек.

Осылайша әр ісіңізді жоспарлы түрде жасасаңыз, уақытыңыз да үнемді және балаңызға мейлінше көңіл бөле аласыз. Қосымша балаңызбен киініп, коляскіге салып, далаға таза ауаға шығып серуендеп тұруды да ұмытпағайсыз. Бұл өзіңізге де балаңызға да пайдалы. Таза ауа баланың иммунитетін жоғарлатуға көмектесіп және тамаққа деген тәбетін ашады. Иммунитет — жалпы баланың дені сау болып өсуіне өз ықпалын тигізеді.

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек …

5 комментариев

  1. Аружан

    Салеметсиздерме менин босанганыма бес ай болды емшегимдеги сут кишкене катып калган,мамологка корингенмин,массаж жане жагатын зат жазып берген,али толыктай тауир болган жокпын бирак,толыктай айыгып кету ушин тагыда не истеу керек.

  2. Оте жаксы жазылган екен.

  3. Это статья не совсем понятная. Онсызда ар айелдин истеу керек миндеттери не истеу керек екенижазылган. Бирак онын барине улгеру туралы емес. Жинау тазалау жуу бунын барине баласыз журип те улгеру киын. Бала туылган сон ол кундиз 4-5 сагат тыныш уйыктамас. Айтпесе баринде улгеру ге болар ед

  4. Сабира

    Ия жаксы екен бирак еки бала арасы 1 жас улгеру киындау булай тизип айта салу онай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика