Басты бет / Балалар әлемі / Бала тәрбиесі / ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі

Балалар біздің болашағымыз, Балалар болашақ, balapanym.kz, ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі
фото: balapanym.kz

Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері Жер мен көктей десек те болады. ХХ ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен жарыса сөйлей кетеді.

Қазір балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Көп ата-аналар «жұмыстан қол тимейді» деп, бала тәрбиесіне көп зейін бөлмей жүргені анық. Өткен ғасырда да ата-аналар жұмыс жасады, бірақ ол кезде бүгінгі таңдағыдай болған жоқ. Мысалы: теледидардан санаулы ғана мультфильмдер көрсететін, атыс-шабыс киноларды сирек көрсететін, компьютер, неше түрлі ойын-жабдықтары,т.б жоқ болатын. Ал, қазір соның барлығы кез-келген үйден табылады. Бала сабақтан келе сала теледидар алдына немесе компьютер алдында отырады. Оның өзі қаншалықты зиян екенін біле тұра солай. Әрине, заман талабына сай білуі керек, бірақ шектеулі түрде болғаны дұрыс.

Жұмыстан келген соң балаға екі сағаттай көңіл бөліп, егжей-тегжейіне дейін түсіндіріп, дос ретінде сөйлескені жөн. «Қазіргі заманның балаларына қатты дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды» десек те болады. Олар көп ашуланшақ және жүрекпен қабылдайды. Бірақ ,тіпті, ұрыспай еркелетіп жіберуге де болмайды. Кейде әкесінен я анасынан аяқ тартатындай етіп тәрбиелеу керек.

Тәрбие қайдан шықты? Тәрбие ауылдан шықты деуге болады. Жазғы демалыста балаларды ата-әжесіне ауылға жіберіп тұрған да жөн. Ата-әже тәрбиесі өз алдына бөлек. Сонымен қатар, әке-шешесі де демалыс күндері балаларды арнайы ойын-сауық орындарына немесе жай қыдыртып, уақытты бірге өткізгеннің өзі көп әсерін тигізеді. Сол сияқты сабақтан тыс уақытта теледидар алдында мағынасыз киноларды көргенннен, компьютерде ойнағаннан гөрі, әлде қайда пайдалы, баланың қабілеті мен қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге баратын болса, әрі ақылды және уақыты да тиімді өтер еді.

Әр отбасында, әсіресе, әке-шешесі өтірік айтпай, өзара жақсы қарым -қатынаста болатын болса, ол да баланың психикасына әсер етеді. Күнде дау-дамай, бір-бірлеріне өтірік айтар болса, бала да соны дұрыс екен деп қабылдауы да мүмкін. Балаға уәде еткен соң сол уәдені орындау керек. Сонда ғана баланың ата-анасына деген сенімділігі пайда болады. Ал егер сіз әрдайым уәде етіп, оны орындамасаңыз, онда өз балаңыз сізге сенуден қалады. Сізге сенген соң өзіңіз де балаңыздан өтірік айтпауға талап ете аласыз. Сондықтан әке-шеше, алдымен, өз балаларына үлгілі, мақтан тұтатындай азамат болулары шарт. Бұл туралы Абай атамыздың еңбектерінде де айтылған. Демек, ата-ананың балаларына үлші көрсетуі қазақ халқындағы бала тәрбиесі тақырыбындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді.

Балаңызды жақсы көріңіз және соны көрсете біліңіз. Балаңыз қандай да қателік жіберсе, ұрсып ала жөнелмей қателіктерін түзетуге көмектесіп, қолдаңыз және балаңызға сенімділікпен қарасаңыз, ол да өз күшіне сене алады. Қазақта жақсы сөз бар «Жақсы сөз — жарым ырыс» деген, сондықтан жақсы сөздер айтып, оның ойымен де бөлісіп, ой-санасын дамыту керек. Бала деп елемей қоймай, баланы да сыйлай білу керек.

Ата-ана болғандықтан бала үшін жауап беруі міндетті. Әр баланың жақсы тәрбие алып, жақсы азамат болып өсуіне әке-шеше өз ықпалын тигізуі керек. «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» мақалына сүйене отырып, сыйластық, адамгершілік, ізеттілік, мейірімділік, кішіпейілділік және т.б. қасиеттерді түсіндірсе, «Отан — оттан да ыстық» деген даналықтың астарында отансүйгіштік, патриоттық, адалдық касиеттерге тәрбиелеп, мән-мағынасын, астарлы ақиқатын айту керек. Сол сияқты «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал-мәтелдердің астарында терең ой жатыр. Қазақтың мақал-мәтелдерінің, аталы сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Мысалы, жоғарыдағы мақалдарды қарастырсақ: алғашқы мақал әкесінің тәрбиесін алған бала мықты ер азамат болып өссе, шешеден жақсы тәрбие алса ертең келін болып түскенде мақтайтын болған, ал екінші мақал қыз көп қыдыра бермей анасына үй шаруасына көмектесіп уйренгені өзіне жақсы деген оймен айтылған.

Біз XXI ғасырда бала тәрбиесін аспаннан алмаймыз, өткен ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтелдерімен байланыстырып тәрбиелеуіміз керек. «Балалар — біздің болашағымыз» дей отырып, құрметті ата-аналар, балалар тәрбиесіне селқоc қарамай, оларды тек қана киіндіріп, тамақтандырып қоймай, жақсы әрі өзімізді ұятқа қалдырмайтындай тәрбие берейік.

Ұқсас мақалалар

Баланы жазалаған дұрыс па?

Балаңызбен ақылдасыңыз

Бала тәрбиесі жатырда басталады

Баланы неге ұруға болмайды?

«Папа» мен «мама» сөздері жайлы

Балаңыз өтірік айта бастаса…

Балаңыздың алдында айтылмайтын әңгімелер

Қызықты мақалалар

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

«Бала — балым, баламның баласы — жаным» деп есептейтін еді біздің бабаларымыз. Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз …

3 комментария

  1. Салтанат

    Мен білгім келетіне қазіргі замандағы бала тәрбиесіндегі кемшіліктер жайында

  2. гулшара

    «Не ексең соны орасың» деген сөз бекер айтылмаған ғой, өзің берген тәрбиең өз алдыңнан шығатынын өмір көрсетіп жүр емес пе?

  3. дурыс айтылган!!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика