Басты бетке Мекемелер Медициналық мекемелер Астана қаласының перзентханалары

Астана қаласының перзентханалары

85
28
Бөлісу

Ел ордасы Астана қаласында жыл сайын 16 мыңдай сәби дүниеге келеді. Сол сәбилердің біразы жоғары дәрежеде қызмет көрсететін перзентханаларда дүние есігін ашады екен. Астаналық перзентханаларға шолу жасаған адамдардың айтуынша, ол жақтағы жақсы жағдайды көрген әйелдер жасалған жағдайларды көріп, риза болады.

Босанатын әйелдерге медицина жәрдем беретін мекемелерді таңдау еркі – өзіңізде
Қазіргі уақыттағы Ұлттық бірыңғайденсаулық сақтау жүйесі бойынша әрбір жүкті әйел өзі қалаған перзентханада (Қазақстанның кез келген қаласында) босана алады. Қалтасы көтергендер ақылы бөлімдерді таңдайды.

«Тиімді перинаталдық күтім» бағдарламасы
Қазақстанның территориясындағы барлық босануға қатысты мекемелер Дүнежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының «Тиімді перинаталдық күтім» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді. Ол бағдарламаның ерекшелігі туу (босану) кезінде қарапайым әдістерді қамтуы мен қымбат дәрі-дәрмектер мен қымбат жабдықтардың көмегінсіз босануға жағдай жасауда жатыр. Бағдарламаның негізгі ұстанымдары мынадай:

  • жүкті әйелдер, мүмкіндігінше, үй жағдайына өте ұқсас жағдайда босануы керек;
  • физиологиялық тұрғыдан алғанда табиғи жолмен, барынша басқа да араласуларды (мыс.: хирургиялық, дәрігерлік) болдырмау арқылы босану.

ДДсҰ арнайы бағдарламасы босану әйелге қатысты дәрігерлердің көмек көрсетулерін тағайындайтын немесе көмек қажет емес екендігін анықтайтын нақты критерилерді көрсеткен.

Дерек: Мамандардың айтуынша, босанатын әйелдердің 80 пайызы дәрігерлер көмегін қажет етпейді. Ондай әйелдер босанғанда дәргерлердің бақылауы ғана жеткілікті. Ал 15 пайыз әйелдердің босанулары кезінде дәрігерлердің түрлі деңгейдегі көмектері қажет болып жатады.

Қазір босанатын әйелдерді толғақтары кезінде арнайы дәрілермен екпейді (табиғи жолмен босануы үшін), босанғаннан кейін себепсіз антибиотиктер қабылдатпайды. Аналарға барынша аз дәрі егуге тырысады.
«Тиімді перинаталдық күтім» бағдарламасы босану алдындағы жүкті әйелдердің психологиялық және эмоциялық дайындығына баса назар аударады. Сондықтан әйел босанатын кезде жанына қалаған адамын алдыруына рұқсат етілген. Үйдегідей жағдай дегеніміз – осы.

Перзентханалардың деңгейлері
Астанадағы барлық ана мен балаға қатысты денсаулықсақтау мекемелері, перзентханалармен қоса, медициналық қызмет көрсетулері мен олардың түрлері бойынша және жабдықталуы бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «ҚР-ның перинаталдық көмектерін аймақтастыру туралы» Жарлығы аясында төрт түрлі деңгейге бөлінген. Ең жоғары деңгей – төртінші деңгей.
Үшінші және төртінші деңгейдегі мекемелер жүктілігі қиын жағдайдағы әйелдерді қабылдай алады. Ол жерлерде әйелдерге арнайы кеңестер беріледі.
Егер сізді екінші немесе бірінші деңгейдегі мекемелерге жіберсе, қам жемеңіз. Денсаулығыңыз бен жүктілігіңіз қалыпты жағдайда болса, жоғары деңгейдегі перзентханаларда босану маңызды емес. Сіз үшін маңыздысы – жақсы дәрігер-мамандар (акушер, акшер-гинеколог). Ондай мамандар төменгі деңгейлі перзентханаларда да бар.

Жүкті әйелдерге қызмет көрсететін мекемелердің барлығында дерлік «Болашақ аналар мектебі» мен босану кезінде босанатын әйелдің жанында болатын жақын адамға арналған арнайы курстар болады. Аналарға арналған мектептерге қалаған жеріңіз бойынша бара аласыз.

Есте жүрсін!
Кейбір перзентханалар босанатын әйелдің жанында болатын жақынының флюорографиялық таспасын талап етеді екен. Сол үшін алдын ала мән-жайды біліп алу керек.

Перзентханаға қандай дайындықпен бару керек?
Егер сіз Астана қаласындағы (жалпы, қай жерде болса да) перзентханалардың бірінде босанатын болсаңыз, өзіңізбен бірге алатын құжаттардың ішінде неке туралы куәлік, өзіңіздің және жұбайыңыздың жеке куәлігі болуы керек. Жұбайыңыздың куәлігі балаларыңыздың туу туралы куәлігін рәсімдеу үшін керек болады. Ия, дәл сіз босанатын перзентханада АХАТ бөлімінің мамандары болуы мүмкін. Сол қызметкерлер перзентханадан шықпай-ақ туу туралы куәлікті қолдарыңызға тапсырады.
Жеке бас гигиенасына қатысты заттарға келер болсақ, халат пен аяқкиім алуды ұмытпаңыз. Тіс тазалау мен жуынып-шайынуға қажетті заттарды айтпаса да алуыңыз керек.
Кішкентай сәби дүниеге келгеннен бастап бір реттік жаялықтар пайдаланылады. Сондай-ақ, дамбалдар (ползунки), шұлықтар (носки) және қалпақ та өте қажет. Мұндай заттарды әрбір перзентхана бере бермейді. Егер тегін беріп жатса, өзіңізбен алып барған заттарыңыз артықтық етпейді.

Астанада қандай мекемелерде босануға болады?
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы (АмБҰҒО), төртінші деңгейлі мекеме.
Мұнда жүктілігі қиын жағдайдағы әйелдер мен жүрегінде ақауы бар жүкті әйелдерге қызмет көрсетіледі. Арнайы нұсқау, госпитализация бюросы арқылы және квота бойынша келген әйелдер үшін барлық қызмет тегін көрсетіледі. Ал кереметтей жағдайда босанамын деушілер болса, қызметтер ақылы түрде көрсетіледі (80-100 мың тг.). Ана мен бала ҰҒО жабдықталуы жағынан қонақ үйге ұқсас. Жаныңызға керектінің барлығын таба аласыз.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Есілдің сол жағалауы, Тұран даңғылы, 32
Тел.: 8(7172)70-14-29, Web: www.nrcmc.kz

№3 қалалық перзентхана, үшінші деңгейлі мекеме.
Астананың ең жас перзентханасы. 2009 жылы ашылған. Мұнда жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Көрсетілетін қызметтер мен жабдықталуы үйдегі жағдайға ұқсас, тұрғылықты мекені бойынша сол перзентханаға қарайтын аудандағы әйелдер мен басқа жақтан арнайы нұсқау және госпитализация бюросы арқылы келген әйелдерге тегін түрде көрсетіледі. Перзентханада ақылы қызмет түрлері жоқ.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, №30 көше, 8
Тел.: 8(7172)47-44-05, Web: www.astana-roddom3.kz

Перинаталдық орталық Перинатальный центр

Перинаталдық орталық, үшінші деңгейлі мекеме.
Бұл орталықтағы қызмет тұрғылықты мекені бойынша сол перзентханаға қарайтын аудандағы жүктілі қиын және денсаулығында ақауы бар әйелдер мен госпитализация бюросы арқылы келген әйелдерге тегін түрде көрсетіледі. Ақылы қызмет түрлері бар.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 3/1
Тел.: 8(7172)36-60-70, Web: www.perinatal-astana.kz

№1 қалалық перзентхана

№1 қалалық перзентхана, екінші деңгейлі мекеме.
Астананың ең «қарт» әрі «тәжірибелі» перзентханасы. Мұндағы қызметкерлердің біразы 35 жыл бойына жас нәрестелердің жарық дүние есігін ашуларына себепкер болып келеді.
Негізі, бұл перзентхана жүктілігі мен босануында ешқандай қауіп жоқ әйелдерге арналған. Егер күтпеген жағдай болып жатса (сәбидің денсаулығы нашар болса, салмағы аз болса, т.б.), онда ондай сәбилерге қызмет көрсететін жабдықтары да бар.
Ақылы қызмет түрлері де қарастырылған.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Ә.Молдағұлова к-сі, 28
Тел.: 8(7172)30-29-13, Web: www.roddom1.kz
Фотолар аталған мекемелердің ресми сайттарынан алынды

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

28 Пікірлер

  1. Ана мен бала орталығ ында болашақ анаға еріп барған адамдарға тұрақтайтын орын карастырылган ба? Багасы кандай?

    • Саламатсызба! Бұл сұрақтардың жауабын сол орталыққа хаюарласып білуіңізге болады.

  2. Мен женешемди алып барсам маган жататын жер барма. Багасы канша. Отиниш айтып жибериниз.

  3. Саламатсызба. Меним кокейимди бир суракка жауап издеп журмин. Маган 2 рет ота жасады. Балаларымнын арасы 2 жыл. 3-ши баламды мен озим табиги жолмен босана алам ба? Менде ондай мумкиншилик бар ма?

  4. Саламатсызба менин сурайын дегеним жуктиликтин 25ши аптасындамын менде угроза и матканын ашылуы!сиздерден ем алуга болама 1аптадай озимнин карайтын раддомымда орын жок деп жатыр.

  5. Салеметсызбе.менде екы труба жабык.озым эко аркылы бала котерсем деймын оган врачтар руксат бермей жатыр.кайда и кымнен комек сурарымды былмеймын.диагноз бронхоэктаз.5жыл некедемын.азырше баламыз жок.кандай быр мумкындыгымыз бар сыздерде?!

  6. Саламатсыздарма? Мен ана мен бала орталығына корингим келеди. Бірінші қабылдау бағасы қанша болады білгім келеді.

  7. Саламатсызба?! Мен Жанаозен каласынан Астанага жол журип келип едим. Менин жуктилигим казир 33-34апталыкта. 1шимди озим босандым одан кеин 2 рет кесир тилигимен босанган едим 3ши кесир жасайдыма алде озим босана аламынба? Егер толгагым устап босанып калатын кауып болып жатса мен акылы турде босанымынба? Жане де кай перзентханага барамын?. Отинем сурактарым жауапсыз калмасыншы!

    • Саламатсызба! Теориялық тұрғыда, өзіңіздің юосануыңыз мүмкін, егер денсаулығыңыз жарап тұрса. Бірақ іс жүзінде дәрігерлер олай тәуекелге бара бермейді. Ең дұрысы, босанатын жердегі дәрігерге қаралыңыз. Анығын солар ғана біледі.

  8. Салеметсиздерме! Мен баламды ана мен бала орталыгына тексертуге апарайын деп едим жогаргы тыныс алу жолындагы жотели каитпаи тур кай маманга корсету керекгин жане калаи кабылдауга жазылу керегин жане барлык тыныс алу жолдарынын инфекциясын карау жолдары туралы аныктама беринизши! Коп рахмет

  9. саламатсыз ба мен 3 баламды кесер тилигимен босандым.Балаларым жас алды накты3жыл 5 ай сонгысынын жасы тамыздын 24-инде 1 жаска толады.Аралары жылга жетпейді.Тагы жуктимин 1.5 ай .Келеси босану омириме кауіп төндире ме деп коркам.Сизден биликти даригерлерден кеңес бола ма? Немесе телеф.аркылы кеңес алуга мумкин бе?Алдын-ала рахмет!

  10. Салеметсизбе мен сурайн дегеним емизетин аналар бала котере алама менин 8айлык балам бар емизем тагы бала суйгимиз келди брак болмады неге?

  11. Сəлеметсіздер ме.Ана мен балада ақылы түрде босану (80-100)мың деп тұр мына сайтта. Ал менеджер маған 200мыңның үстінде деді.қай ақпар дұрыс???

  12. Саламатсызба!менин балама 2ай?емханага барганда педиатр енбеги улкендеу деди,уйде анда-санда мазасызданып катты жылайды басында иши ауырад шыгар дейтинбиз олда бар,бирак бир рет катты жылаганда иши емес енбеги лупилдеп турды бираздан кейн басылды?узиге тусирейнбе?енбеги улкен дегенге аландап журмин,неге не истеуге болад деп

  13. Салеметсизбе!калайсыныз
    сурайын дегеним,апам 2ши баласын тусирип алды.1шиси 2айларында выкидыш деген,2шиси 3айында не развивающий деп алып тастаган.кырып тазалаган.енди апам котере алама,канша ай кутину керек ?ана мен бала орталыгында порталмен барып емделе алама,емделу курсы неше кун,ай?порталды кайдан аштырады?отиниш толык жауап беринизши

  14. Саламатсыздарма. Маган31апта болды балан оспей жатыр дид. Оны калай ары карай дамытуга болады. Алде уакытынан бурын босандырып алама. Жане салмак коспай жаьр дид. Асказаны шектери улкен диди. Калай емдеуге болады. Сабиімди колыма алгым келеди аман есен.

  15. Сәлеметсізбе, мені08.08.2017ж Ота жасауға жаткызады бірак мен үшін бұл кеш. Кайда хабарласуға болады?

  16. Сәлематсызба АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ реанимация бөлімшесінің телефон номерін қайдан білуге болады? Немесе жазасыз ба?

  17. Салеметсізбе менің сұрағым жыныстык катынаска тусіп болганнан кейін астым ашытып аурады нестесем болад озім жүктімін 6айлык алдын бұндай емес еді казір
    солай болып жатыр.

  18. Салематсызба, менин жуктилигим 7 аптада, маган угроза жане гематома бар деди, Атырау каласынанмын, сохраненияга больница алмайды екен, 3 айдан аскасын аламыз деди…ол калай болганы??? Бурында жаткызатын едиго

  19. Саламатсызба. Мен Актау каласынан боламын, буйыртса казан айында квотамен кызымды босандыруга барамын, мен кызымнын касында бирге жатуга болама? егер акылы болса кунине канша? Отиниш жауап берсениз.

  20. СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ! МЕНИН ТУГАН АПАЙЫМ 43 ЖАСТА, 22 АПТА ЖҮКТІЛІГІНЕ .СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНА КИНДІКТЕН КАН ТАПСЫРГАН АНАЛИЗ ДУРЫС 100 ПАЙЫЗ ДУРЫС ЕМЕС БАЛАНЫ АЛДЫРУ КЕРЕК ДЕЙДИ№ БИЗ БАЛАНЫ АЛДЫРМАЙМЫЗ ДЕП АЛДЫРТПАДЫК№ АПАЙЫМНЫН ЖУРЕКТЕН ДАВЛЕНИЯСЫ БАР ТУУҒА БОЛМАЙДЫ ДИД.АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫГЫНА БАРЫП КЕСРВАМЕН ТАБУГА БОЛАДЫМА::::::::::::::::::::::::

  21. Сəлеметсіз бе? Менде қазір 39 апта, платный роддомы қанша болады? 9 ай қаралып сонда босанса 80-100 мың ба? Əлде босандыру үшін 80-100 мың ба?Өтініш сұрағым жауапсыз қалмасыншы!!!

  22. Салеметсизбе!менин диагнозм ИЦН буны калай емдеуге болады Некеде 5жыл болды али баламыз жок тусип кала береди 4,5 айга келгенде 5РЕТ котердим Сиздерге квотамен баруыма болама емделуге отинем бир жауабын берип комектесиниздерши

  23. Сәлеметсіздер ме? Менің сұрайын дегенім, 14 жыл турмыста болдым. Перзент болмады. Жолдасыма аспермия деген диагноз койған. Бармаган жер калмады. Эко центрге Алматыга бардык. Донор сперма салып, 10 аптада журегі сокпай қалды. Оны таблеткамен тастадым. 2014жылы болатын. Содан бері менің организмде баскаша өзгеріс байкалады. Сонымен мен екінші турмыс курдым. 8ай болды, алі көтере алмай журмін. Жолдасымнын денсаулыгы жаксы деп ойлаймын, себебі оның балдары болган. Және мен сперма деген қалай болатынын көрдім. Енді не істеуге болады? Көмек көрсете аласыздар ма?

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз