Басты бет / Балалар әлемі / Бала денсаулығы / Балаларда жиі кездесетін ангина

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (тонзиллит), Ангина (тонзиллит) ауруыАнгина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. Көп жағдайда күз бен қыс мезгілдерінде балаларда аденовирустардың салдарынан пайда болып, жаурап қалғанда күшіне енетін ауру. Сонымен қатар, бала организміне қасында жүрген адамдардан да жұғуы мүмкін.

Ангина ауруының белгілері. Жалпы ангинамен ауыра бастағанда бала әлсіреп, басы ауырады, тамағы ауырып, денесі қақсап, дене қызуы көтеріледі. Баланың мазасы кетіп, тамағы ісініп, қызарып, жұтынғанда ауыртып, кей жағдайларда, асқынып кетіп, ірің болуы да ғажап емес.

Дене қызуы көтерілгенде не істеу керек? Әдетте, бала ангинасы пайда болған жағдайда дене қызуы кешкісін көтеріле бастайды. Тек сол кезде сасқалақтамай, ана мен бала қобдишасын (дәріханалық қобдиша) алу керек. Бірінішіден, баланың дене қызуын өлшеңіз, егер 38 градустан төмен болса, бала организімі күресу керек. Оған көмек ретінде баланы жеңіл ішкиімдермен ғана қалдырып шешіндіріңіз, үй температурасында тұрған суға  сүлгіні сулап алып, баланың денесін сүртіңіз. Бірақ уксуспен сүртуге болмайды. Ал, 38 градустан жоғары көрсеткен жағдайда дәрілік препараттармен: парацетамолл таблетка түрінде немесе қазіргі таңда дене қызуын түсіретін түрлі шәрбаттар (сироп) беріңіз. Сироптар әрі жақсы әсер берсе, дәмі де тәттірек болғандықтан балаларға беру қиын болмайды.

Түнге қарай дене қызуы тез-тез көтеріле беретіндіктен арнайы свечалар салсаңыз ұзаққа көмектеседі. Тек аспирин және анальгин беруге болмайды. Дәрі бергенде сағатқа қарауды ұмытпаңыз, себебі, аралары 6 сағаттан кем болмауы керек.

Ангина, тонзиллит
фото: fotosearch.com

Кім қай жерде емдейді? Есте сақтаңыз, ангина дәрігердің көмегінсіз өз бетіңізше емдей салатын ауру емес. Бұл балалар түгілі ересектерге де қатысты. Кейде бала жағдайы жақсы бола тұра кардит (жүрекке әсер), нефрит (жүрекке әсер), ревматизм (дене буындары жүйелерінің зақымдалуы) қабынуларына да әкелуі мүмкін. Сондықтан, емделу процесінің аяғына дейін, яғни ангина кеткенге дейін ем қабылдау керек.

Ангина аурының белгілерін байқаған жағдайда участкелік дәрігеріңізді үйге шақырыңыз. Дәрігер келіп, тексеріп болғаннан кейін, мұрыннан, ауыз қуысынан мазок тапсыруға және жалпы сараптама тапсыруға жолдама жазуға міндетті.

Аурудың алғашқы күндері бала төсектен тұрмасын. Қажет болған жағдайда дәрігер емханаға жатуға нұсқау береді.

Дәрігер келгенге дейін не істеу керек? Ангина жұқпалы аурулар қатарында болғандықтан, жанұяңызда бір кісі ауыра қалған жағдайда бөлек бөлмеде болғаны дұрыс. Ауырған баланың бөлмесінің ауасын жиі-жиі тазартып, күнделікті дезинфекциялық заттармен тазалап жуу керек. Сонымен қатар, қайнатылған су, шай, қайнама (компот), берсе, екі жастан жоғары балаларға қарақат, бүлдірген, түймедақ т.б. шөптерден қайнатылған сусынды, жеміс-жидек шырындарын немесе сүтке сары май салып беріңіз. Еттен қайнатылған сорпа да жақсы көмектеседі. Ең бастысы, қатты ыстық емес, қатты суық емес, жылы күйінде беру керек. Ал, егер балаңыздың тәбеті болмай жегісі келмеген тамақты жеуге қинамаңыз. Керісінше,тамақ жеуге тәбеті болса, жартылай сұйық, тойымды, витаминдері көп тағамдар беріңіз (мысалы: пюре, қайнатып пісірілген сорпа, рагу т.б.). Құрғақ, қатты, мұздай астарды бермеңіз.

Ангинамен күрес. Кей жағдайларда ангинамен қатар, мұрын да толып, дем ала алмай жатады. Осындай жағдайда баланың мұрнын тазалап, арнайы дәрілік препараттарды мұрынға тамызу керек. Үш жастан жоғары балаларға 1 стакан суға 1 үлкен қасықпен тұз алып араластырып, 1-2 сағат сайын тамағын шайқаса пайдасы зор. Ал, одан кіші балалар жоғарыда аталған шөптердің қайнамасын беру керек. Сол сияқты түнге тамағына компресс байласа да көмек болады.

Педиатрияның дамыған заманында жақсы әсер беретін антибиотиктер бар. Антибиотиктерді тек дәрігер жазған рецепт бойынша қабылдап, оның тікелей бақылауында болу керек. Ангинаны емдеу үшін сульфаниламидтық препараттарды ішу, антибиотиктердің аэрозоль түрін, асқынған жағдайда күшті анбиотик қабылдау немесе уколмен емделу қажет болады. Кейбір емделушілер антибиотик кері әсерін тигізуі мүмкін деп, оларды қабылдамаған жағдайларда, тамағы ісініп, іріңдеп асқындырып алып, хирургиялық көмекке жүгінуге тура келеді. Әдетте, ангина 7-10 күнде жазыла қоятын ауру емес. Сол себепті емделу процесі біте сала балаларды бала-бақшаға, мектепке бірден жібермей, 2-3 күн үйде ұстаған абзал. Бір апта өткен соң дәрігер қайта толық тексеруден өтуді сұрауы керек.

Қалай ауырмауға болады? «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал тура айтылғандай, балаларда тұмау басталып келе жатқаннан бастап, дер кезінде дәрігерге көрсетіп алдын алыңыз. Сонымен қатар, бала асына да көңіл бөліңіз: жеңіл-желпі дайын астар (чипсы, киреешки, тек қана иогурт т.б) жемегені дұрыс. Бала, қай мезгілде болсын, жүгіріп ойнағанды жақсы көреді емес пе? Сол кезде терлеп тұрып суық су немесе газдалған неше түрлі сусындарды ішкеннің өзінен де тонзиллиттің пайда болу қаупі бар. Балаңыздың дені сау, әрі мықты болып өсуі үшін бала тамағы мен денсаулығына нем құрайлы қарамаңыз.

Ұқсас мақалалар

Балалардағы анемия (қаназдық)

Гипертермия

Аутизм – психикалық ауытқу

Балам жиі ауырады. Неге?

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Балалар арасындағы тершеңдік

Науқас баланың күтімі

Қызықты мақалалар

Майтабандық, майтабан, Майтабандылық

Майтабандық

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, …

40 комментариев

  1. Қызым күніне 3-4 рет лоққсып жүреді. Кейде таңертенгісін тұрғанда лоқсиды. Бірақ құспайды. Лоқсып жүруін 2 жасқа келгеннен бастап байқадым. Қазір жасы 2 жас 6 ай. Неліктен.

  2. менің балам 1жас,6 ай болды құлақ жақтары ісініп кеткен ол неден?ангина дан ісінедіма соған не істеу ге болады???

  3. аминаш 14/12/2014

    Меным кызым 2жас 4аи
    Унемы ангинамен аурп турады .
    Осы быр аурудын тубын узетын
    Дауасы болама? Бул ауруды
    жукпалы деп аитады, бырак
    акесындеде мендеде омыры
    ангинамен аурп кормеппыз.

  4. Menyn kzma 3ay boldi.tumaumen aurp kaldk. Sogan kandy dary n/e sirop bersem bolady

  5. меруерт

    менің екі баламда мұздай суық ішсе тамақтары аурады,бірден жөтеледі

  6. Еркебұлан

    Менің де 2 жасар 7 айлық ұлымның туылғаннан үлкен дәреті жап-жасыл болып келді. Содан аурудан әлі көз ашқан жоқпыз. Тамағы көтеріліп, мұрны ағып, жөтеліп, тем 38градустан түспеді. әлі күнге дейін аузымен демалады, мұрны құрылдап мазасын алады. біреулер 5 жасқа толғанда операция жасалады дейді. Қазір жасауға болмай ма.

  7. ересек адамнын да ангинасы котери4лип аскынып кетсе,онын тили агарып исип ерниде исип ауырадыма жауап берулеринизди сураймын

  8. Баламнын улкен дарети жап жасыл,балам 6айлык 2айынан бери осылай,неге булай ишеги суыктаганба алде тиси шыгуынын белгисиме?жауап бересизбе

  9. Багила

    Сәлеметсіздерме! Сиздерге койар сурагым бар, менин балам 2жас 3ай биз кызуымыз котерилип ауруханага жаттык. Бизге пневмония деп диагноз койды,10кун емдеди содан бизге пневмония емес кордит деп кордиологияга ауыстырды ода 2кун жаттык содан бизди бруциллез деп инфекционныйга жаткызып тастады. Бирак баламда бруциллездын ешкандай белгилери жок не истеуге болады акыл бериниздерши отиниш?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызда! Бір мекемедегі дәрігерлердің қателігінен юірнеше диагноз қойылып жатады. Сондықтан аурудың нақты диагнозын білу үшін білікті дәрігерлері бар мекемеге қаралу керек.

      • Салем менин Балам жакында 5ке
        Толады. Басында жай жотелмен
        Бастады сосын дене кызуы
        Бир апта болд уйден ем жургизип
        Жатырмын сухой кашел без конца
        Мурны толып кала береди
        Синбирген кезде уйыган кан коп шыгад
        Не истесем болады

  10. Гулшат

    Меним балам 2 жас 3 ай апрель айында пневмания деп 7кун ауруханада жатып шыктык содан бери балам ай сайын кызу мен аурыпауры
    келемиз ангина температурасы 39дан туспейди айдын басында ауырса аягындада кызулап ангинасы шыгып кете береди муздай су ишпейди неистеуге болады?

  11. Улбосын

    менин тамагым кырылдап,даусым шыкпай жур.Жума куни ан айтатын едим.сол кунге дейн даусымды шыгарсам деймин.уй жагдайында тез ари онай жасалатын жолы барма.болса айтсаныздар жаксы болар еди.

  12. Саламатсыздарма менин балама 4 ай болды жотелин калай кетируге болады екен озимиздин даригерге барганда жазып берген сироптары комектеспей жатыр кандай кенес бересиз рахмет

  13. Сейдвханова Дана

    Балам жотелип тунимен кунимен мазасызданады кургак жотелге не истеуге болады уй жагдайында

  14. Мейрамгул

    Баланын тамагын люголмен неше рет сурту керек.11 айлыкка

  15. Эльвира

    Саламатсызба ангинаны исингенин басу ушин леголямен суртуге болама. Леголямен суртпи емдеуге болмайма. Медсестрамыз леголямен сурт деген

  16. Сандугаш

    Салеметсиздерме? Менин еки кызым бар ол екеуиінің тамагы ауырып,қақырықтары туспеи жатыр уже 1айдай болып қалды. Легольяменде сурттім,мукалтинде бердім.,жөтелгеде сироптар бердим. Кайтпай коиды. Не стесем болады?

  17. Гулнур

    Саламатсыз ба! Менин 2 улым бар. Улкеним тонзилит болып лордын учетында турады,тамагы жии котерилип,тез ауырып калады. Жасы 5 жарымда. Киши улым 2ге толады июльде. Бул улымда дал улкеним сиякты тамагы тез котерилип,ауырып кала береди.4 айынан бастап катты жотелип ауырып больницага жаттык.Одан черепной давлениясы бар деп тагы емделуге жаттык.Коп мазасызданып,жылай берген сон басын узиге тусиргенбиз,содан жаттык.Енди ж отели канша уколда ем жасасак тагы ауырып жотелип калды.Рентгентке тусиндер обзорныйга деди,тустик,пневмания деп берип,больницага жаттык,шыгарда таза деп берди окпесин.Енди тагы жотел басталды,рентгентке тагы тустик хронич.бронхит деди.Содан тагы укол цефазолиннен баска укол асер еетпейт соны салдырамыз.Уколдан абден шаршадык.Баламда 5 айга дейн емип,озинен-ози шыгып кетти,содан ба иммунитети томен. Тез ауырып кала беремиз. Енди кайда корсетсем болады?Кокиреги сырылдааап турады.Ж отелсе бирден локсып кусып жибереди.Не истесем болады?

  18. Кайыржан

    Салеметсиздерме! Жасым 14те жуткыншагым ауырып тунде уйыктай алмадым. Не истесем болат ?айтып жверинш

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Оның себебі ангина немесе одан да басқа тамақ ауруларында болуы мүмкін. Сондықтан тамақ ауруларын басатын мұзкәмпиттерді көріңіз.

  19. арайлым

    Кызым 3айлык кызуы кайта кайта котерилип жатыр параццетамолмен тусирем кайта шыгып кетед. Неге булай боп жатыр. Шымнан келгенимизге 4кун болды але учетка да турмаганбыз. Нестеуге болады?

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Ондай аурулардың себептері өте көп. Дәрігер тексеріп қана айта алады не болғанын. Тіркеуге тұрмасаңыздар, жедел жәрдем шақыруларыңызға болады.

  20. Салеметсизбе жуап беринизши отининиш менин 3 ке толатын кызым грипп болып 7 ай улыма отти екеуида жотел каз 2ши аптага карап кетти мурындары агып учаткелик врачка 2 рет апардым ар барганда хар турли дарини жазып береди да 5 кунен кайта келиниз дейт бирак улымнын жотели кетпей койды тунде уйыктаганда кушейип дем ала алмай аунап жатыр врач шамалы аяз бар дейт тек. кандай кенес бересиз жуап беринизши

  21. Таншолпан

    11 айлык балам мурнынан су агып,жотелип жатыр кандай дари берем не истесем болад? Уй жагдайында

  22. Жазира

    Салеметсизбе! Менин 5,5 жасар жане 3,5 жасар кыздарымнын тамактары ауырып жур. ауыздарынан сасык иис шыгады ириннин иси сиякты канша содамен фурацилинмен шайсамда кетер емес. даригерге апармадым али. сол тамактарын корсем кызарып турган сиякты. Не истесем екен даригерге корсетуге кунттамай журмин жумыстан кол босамай. кауиптиме бул кенес беринизши. казир 5.5 жасар кызымнын ыстыгы туспей ауырып жатыр

  23. Қыздар ангенаны басса кетеді ма?

  24. 5 жасар баламды тамағын бастырган едім температура туспей жаттыр. Не істеуге болады?

  25. Салем мен тамак ауруларына карсы бир емде еситтим. Газировиный менерал суына мукалтин дарисин еритип беруге болады дегенин.жане жасына толмаган балдарга аз аз беруге болады деген ол каншалыккты дурыс айтындарши отнем.Балам укол я даримен Алсиреп калады ой сол дариге жолаткым жок

  26. Жансая

    Саламатсыздарма! Менын балам 1жаста сухой жотелып жатыр даргермызге жолыкан едык амбробене сироп жане вентолин деген ингаляция жазып берды.сосын антибиотик жазып берде Оспамокс деген соны бергенен беры ишы отып жатыр не истесем болады

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Бұл жағдайды дәріні жазған дәрігерге айту керек.

  27. Феруза

    Салеметсизбе. Менин кызым бугин 7 айды толтырды. Ангинасы котерилген врачымыз клавам жазып берди. Бирак комектеспей жатыр. Ембей жылайды. Киши дареткеде оте аз отырады азанда 1. тустерде 1. кеш батканда 1 рет сиеди. алдын жиі сие беруши еди коркып жатырмын. Сурайын дегеним ол ангинаданба? Жауап кайтарынызшы отинем…

  28. Кунбиби

    Саламатсызба маган комектесинизши .менин 1жас 9айлык кызым бар кызуы жок тамагы кызарганга уксайды емсе ишсе кусып тастайды тек жотелгенде кусады .маган осы даригерге апарсам ештене жок дейди мен бугин оган хилак форте берип жатырм .иши отип жаткан жок.неден екен ???

  29. Салеметсиздерме меним балам 6да баламда хранический транзилит деген мен аурад 3жылдай болд енди калай енуге болад оператция жасайма Атырау еки жерден жасайды дид жуткыншак пен мурыннан тагы кай жер жасайд

  30. Камила

    Саламатсызба менің балам 5 жарым айлық мазасызданып тамағы қырылдап ,мұрнынан су ағып, құрғақ жотел пайда болды.Температурасы бірде болса бірде болмайды.Полекленикаға апарайын десем бүгін жұмыс жасамайды. Нестеу керек екенін айтасыз ба, жауапсыз қалдырманызшы өтініш.

  31. Алтынай

    Балам уш айлык ыстыгы кайта кайта котерилип жатыр арасында локсиды антиб.к берип свечада салып жатырмын бирак кусып тастайды иши кок болып отип жатыр коп желденеди не истесем болады. Даригерлерге конилим толмайды.

  32. Марина

    Менің балам октябрдің 5 не 5айлық болады.кешеден ба стап тамағы қырылдап тұр,тамақтан ұстады.не істеуге болады,айтып жіберіңізші

  33. Жазира

    Балам 5айлык ангина не истесем болады педиатр жазган дарилерди кусып тастады ишпейди

  34. Актоты

    Салеметсизба! Менин балам 7айлык. Тамагы исип мурнынан су агып коймастан жотелип тур. Ангенасы исип кеткен. Какырык бар, кози кызарып кетип, мазасы болмайды. Проспан Амбро деген сироптарды берип жатырм. Мурнына кызыл май тамыздым. Истемегеним жок. Нестеуге болады? Айтып жибересздерма???? Рахмет

  35. Актоты

    Жедел жардем шакыргам сонда ангенасы исип тур деген. Бесикте 1-2сагат уйыктайды кырылдап. Бирак турганнан кеин мазасы кетип, жотелип жылайды. Отиниш нестеуге болады???

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика