Басты бет / Жүктілік & босану / Бедеулік / Бедеуліктің себебін анықтау

Бедеуліктің себебін анықтау

Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру арқылы анықтайды.
Әйелге гинеколог, ал еркек урологқа қаралуы қажет. Еркек бедеулігі перзент сүйе алмай жүрген некелік одақтың 40-50 пайызында кездеседі.

Еркекке қажетті тексерулер:
1. Спермограмма — сперманың ферменттілігін анықтау (әсіресе ұрықтануға);
2. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу;
3. Шуварский әдісі — жыныстық қатынастан 2,5-3 сағаттан кейін шырыштан сперматозоидтардың қозғалғыштығын, екі жастың иммунологиялық сәйкестілігін анықтайды.

Әйелге қажетті тексерулер:
1. Анамнезін мұқият қарау.
2. Өмір тарихы.
3. Өткен жүктіліктері және олардың нәтижелері.
4. Бедеуліктің ұзақтығы.
5. Контрацепция әдістері.
6. Жалпы аурулары.
7. Дәрілік заттарды қабылдауы.
8. Әйел жыныс ағзаларының қабыну аурулары, жатыр мойынының және сүт бездерінің аурулары.
9. Операциялары.
10. Зиянды әдеттері.
11. Тұқымқуалаушылығы.
12. Етеккірінің тұрақтылығы.
13. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу.
14. Ректальді температура — овуляцияны анықтау үшін шамамен 3 ай өлшенеді.
15. Гормон деңгейлерін анықтайды: тестостерон, ДЭА, пролактин, қалша бездерінің гормондары, олар эндокринді бедеуліктің себебін анықтайды.
16. УДЗ – гинекологиялық ауруларын және даму ақауларын анықтау үшін қолданылады.
17. Бастың рентгенографиясы, гипофиз ісіктерін шығарып тастау үшін.
18. Көз түбін және көру алаңын тексеру, ол да гипофиз ісіктерін анықтау үшін.
19. ГСГ (гистеросальпингография) жатырға контрасты затты жібергеннен кейін кіші жамбасты рентген суретке түсіру, ол жатырдың шырышты рельефін және көлемін, жатыр қосалқыларының функциональді өткізгіштігін анықтайды. Етеккір басталудан 6-7 күн бұрын жасалынады.
20. Лапароскопия — операция, ол кезде науқастың құрсақ қуысына оптикасы бар аспап кіргізеді, оның арқасында ішкі жыныс ағзаларының жағдайын толығырақ көруге мүмкіндік алып, анықталған бедеуліктің себебін хирургиялық коррекциялауға болады.

Қызықты мақалалар

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс …

4 комментария

  1. құрметті сайт әкімшісі!
    Сіден сұрар сауалым — спермограмма жасайтын орталықтар туралы. Орал қаласында қай мекен-жай бойынша тексерілуге болады? егер ондай ақпараттарыңыз болса электрондық поштама жолдауларыңызды өтінем, алдын ала рахмет!

  2. Назгул

    Саламатсыздар ма!!! Спермограмманы тапсырган, тағы да инфекциялық ауруларға анализ тапсырған кезімізде әр клиникадан әр түрлі көрсеткіштер көрсетіп жатады. Біреуінен инфекция шығып жатса, біреуінен таза анализ болып жатады. сонын себебін түсіне алмай, басымыз қатып жатады. негізі инфекциялық ауруға 3 ай емделгенбіз. қалай, қандай жерге барып тапсырсақ болатынына кеңес бере аласыздар. Шымкент қаласында тұрамыз

  3. жайнар

    Салеметсиздерме.менин жасым 20 да,19 жасымда турмыска шыктым бирак алi бала котермедим, менин анам турмыска шыкканнан кейын 2 жылдан кейын бала котерипты.бул тукым куалайтын шыгар.менде 2 жылдан кейын бала котеретин шыгармын.бирак мунын себебi нео? Мен тезирек бала котергенимди калаймын.бул мумкинбе? Кандай жолдары бар.отинем маган осы мазалап жургн сурагыма жауап берип , тусиндирип бериниздершы…

  4. Нурсултан

    Menin atim Abdrasilov N.J menin inim bedeulik auiruka uwirakan kandai komek bar 87755959794

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика