Басты бет / Энциклопедия / Спермограмма — еркек бедеулігінің диагностикасы

Спермограмма — еркек бедеулігінің диагностикасы

Спермограмма деген не?
Спермограмма деп сперманы (шәует) сандық және сапалық тексеру әдісін айтады. Бұл тексеруді эякулят (сыртқа шыққан шәует) арқылы микроскоп астында қарап тексереді. Осы әдіс арқылы аналық жұмыртқа жасушасының ұрықтануын нақты анықтауға болады. Бірақ та алынған мәліметті қатты бағалаудың қажеті жоқ, себебі бұл көріністер 100% нақты бедеуліктің себебін көрсетпейді. Егер патологиялық жағдайлар анықталған кездің өзінде табиғи жолмен (ем қабылдап) жүкті болуға да болады. Осы тексерістің қорытындысын басқа да жүйелі тексерістермен салыстырып бағалау керек.

Анализге дайындық
Анализдің қорытындысы дұрыс алу үшін келесі ережелерді орындау керек:

  • Анализді тапсырар алдын 3-4 күн бойы жыныстық қатынасқа түспеу керек.
  • 3-4 күн бойы ішімдік, темекі және наркотикалық заттарды, кофеинді, сонымен қатар кейбір дәрілік заттарды (ол жайлы сізге кеңесші дәрігер маман айтады) қолданбау керек.
  • Осы кезеңде, мынадай жағдайларға тыйым салынады: сауна, ыстық ванна, күнге күю (солярий).

Қайта анализді тапсыру үшін көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындап, анализді қайта сол лабораторияға тапсырған дұрыс болады.

Спермограмма: материалды алу
сілтеме: offenbach-kinderwunsch.de

Материалды алу әдісі
Тексеруге мастурбация жолымен алынған сперма керек. Саралауға мастурбация жолымен алынған барлық сперма жіберіледі. Эякулятты алу үшін үзілген жыныстық қатынас немесе латексті мүше қапты қолдануға болмайды. Эякуляциядан кейін 3 сағаттан кешіктірмей сперма тексерілу керек.

Саралауды орындау техникасы
Эякуляты бар шыны ыдыс сырттай сарапталады, сосын сперма бөлігін заттық шыныға жағып, микроскоп астында тексереді.

Нәтижелердің интерпретациясы

Эякуляттың көлемі
Қалыпты жағдайда: 3-5 мл.

Эякулят көлемінің төмендеуі аталық бездің, ұрық қапшығының және басқа да жыныс ағзаларының қызметтерінің төмендеуін көрсетеді. Осы көрсетілген нәтижеде қандағы еркек жыныс гормондарының төмендеуі және спермотогенез ағзаларындағы дегенеративті өзгерістер анықталуы мүмкін. Эякулят көлемінің жоғарылауы көрсетілген бездерде инфекциялық қабыну әсерлерінен (простатит, везикулит) жиі болады.

Түсі
Қалыпты жағдайда: ақ, сұрғылт немесе сарғыш болады. Қызғылт немесе коңыр түсті болуы спермада қанның болуын көрсетеді. Спермада қанның болуы жыныс ағзаларының жарақаты және созылмалы везикулит немесе простатит, сонымен қатар онкологиялық ауруларда кезінде болады. Сары түсті болуы жыныс ағзаларының инфекциялық ауруларынан, тағамдық бояғыш заттардың және кейбір дәрілік заттардың әсерінен болады.

pН (қышқылдығы)

pH қалыпты жағдайда: 7,2 — 7,8.

рН-тың қалыптыдан ауытқуы жыныс бездерінің қабынуы кезінде кездеседі (простатит немесе везикулит).

Сұйылту уақыты

Қалыптыда: 60 минутқа дейін.

Сұйылту уақытының жоғарлауы жоғарыда көрсетілген жыныс бездерінің созылмалы қабынуларында, созылмалы простатит немесе везикулит кезінде болады. Кейде сұйылтудың бұзылысы ферменттердің жеткіліксіздігінен болады. Сұйылту уақытының созылуы спермалардың қозғалғыштығын төмендетеді. Бұл кезде еркек жыныс жасушалары әйел қынабында ұзақ болып, яғни ол жерде агрегациясы жеткілікті болғаннан олардың жұмыртқа жасушасымен ұйықтануының мүмкіндігі бірден төмендеп кетеді.

Сперманың тұтырқырлығы немесе жабысқақтығы
Бұл көрсеткішті анықтау қиын емес, шырышты шіпті ұзындығы бойынша, яғни сперма аққан кезде тамызғышпен немесе арнайы инемен анықтайды. Осы көрсеткіш сантиметр арқылы өлшенеді.
Қалыпты жағдайда: 0,5 см дейін.

Тұтқырлығының жоғарылауы жыныс бездерінің созылмалы ауруларымен айланысты – простатит, везикулит. Тұтқырлығының жоғарылауы сперматозоидтардың (аталық жыныс жасушалары) жыныс жолдарында баяу қозғалысына алып келеді.

Сперматозоидтардың концентрациясы

Қалыпты жағдайда: 1 мл-де 20 миллионға дейін сперматозоид болады.

Сперматозоидтардың концентрациясының төмендеуін олигозооспермия деп атайды. Бұл көрсеткіштің төмендеуі аталық ұрық безінің жұмысының төмендеуін көрсетеді. Аталық ұрық безінің функциональді белсенділігінің төмендеуінің себептері: қандағы еркек жыныс гормондарының төмендеуі, аталық безінің қабыну аурулары, сперматоген эпителийінің токсикалық зақымдалуы, иммунды бұзылыстар, ағзадағы зат алмасу бұзылыстары, аталық безінің жарақаттары. Осы көрсеткіш еркек бедеулігінің негізгі көрсеткіштеріне жатады.

Сперматозоидтардың концентрациясының жоғарылауы анықталып жатады (шамамен 120 млн/мл дай). Оны полизооспермия деп атайды. Көптеген дәрігерлердің ойынша, бұндай көрсеткіштер бірден төмендеп кетеді екен. Сол себептен андрологтың қарамағында болу керек. Бірақ та сперматозоидтардың концентрациясының жоғарлауы ұрықтандыру мүмкіндігін төмендетпейді.

Сперматозоидтардың саны
Қалыпты жайдайда: шамамен 60 миллиондай.

Санының төмендеуі, концентрциясының төмендеуімен бірдей.

Сперматозоидтардың қозғалғыштығы
Еркек жыныс жасушаларының қозғалғыштығы маңызды көрсеткіш болып табылады. Олардың қозғалғыш белсендігінің төмендеуі еркек бедеулігінің себебі болуы мүмкін. Сперматозоидтардың қозғалғыш критерийлеріне байланысты оларды 4 топқа бөледі.

А – түзу сызық бойынша белсенді қозғалады.
В – түзу сызық бойынша баяу қозғалады.
С – тербермелі немесе айналмалы қозғалыспен баяу қозғалады.
D – қозғалмайды.

Қалыпты жайғдайда: А > 25% немесе A+B > 50%.

Сперматозоидтардың қозғалғыштығының төмендеуін астенозооспермия деп атайды. Бұл көріністің себептері әр түрлі, (инфекциялы және аутоиммунды), токсикалық (алкоголь, токсикалық заттар, психотропты заттар), хирургиялық аурулар (варикоцеле), шап аймағындағы температураның бұзылысы.

Сперматозоидтардың морфологиясы
Сперматозоидтардың морфологиясыСперматозоидтар өздерінің сыртқы түріне байланысты ажыратылады, бірақ олардың анатомиялық ұқсастықтары болады. Морфологиялық қалпынан ауытқыса, сперматозоидтардың патологиялық көріністері байқалады. Аталық жыныс жасушаларының морфологиялық ауытқуы жұмыртқа жасушасын табиғи жолмен ұрықтандыра алмайды.

Қалыпты жағдайда: шамамен 20% морфологиялық толық жетілген сперматозоидтар болады.

Қалыпты көлемдегі сперматозоидтардың санының төмендеуін тератозооспермия деп атайды. Сперматогенезге көптеген факторлар әсер етеді: радиация, экология, тамақтану, гормональді фон, жұмыртқаның (функциональді және анатомиялық) жағдайы, жұмыртқа тінінің инфекциялық және аутоиммунды аурулары.

Тірі сперматозоидтар
Осы көрсеткішке ерекше қараудың мәнісі жоқ, себебі өмір сүруге қабілетсіз сперматозоидтар аналық жұмыртқа жасушасын ұрықтандыра алмайды.

Қалыпты: шамамен сперматозоидтардың 50% тірі.
Тірі еркек жыныс жасушаларының төмендеуін некроспермия деп атайды. Бұндай көрсеткіштер жиі жұмыртқа тінің радиациялық, токсикалық, инфекциялық немесе ыстықпен зақымдалуынан болады.

Сперматогенез жасушалары
Сперматогенді жұмыртқа эпителийінде және ұрық жолында орналасқан өзіндік жасушалары болады.
Қалыпты: 2% дейін.

Осы жасушалардың санының жоғарылауы сперматогенез тіндерінде (жұмыртқа және жұмыртқа қосалқыларында) қабыну процестері бар екендігін көрсетеді . Ол еркек бедеулігінің секреторлы түрінің себебін көрсетеді.

Агглютинация
Агглютинация деп сперматозоидтардың өзара желімделіп жабысуын айтады.
Қалыпты жағдайда: болмайды.

Сперматозоидтардың желімделіп жабысуы жиі еркек жыныс ағзаларының иммунологиялық немесе инфекциялық зақымдалуларынан болады. Агглютинацияланған сперматозоидтар қозғалыс мүмкіндігін жоғалтып, аналық жұмыртқа жасушасын ұрықтандырмайды.

Агрегация
Агрегация деп үлкен, жабысқақ пішімделген сперматозоидтардың түзілуін айтады.
Қалыпты жағдайда: болмайды.

Бұндай патологиялық лаборатория симптомы жыныс бездерінің созылмалы қабыну ауруларында кездеседі.

Лейкоциттер
Иммунды қан жасушалары, қалыптыда ұрық сұйықтығында нақтыланған мөлшерде болады.
Қалыпты: 1 мл-де 1 миллионға дейін болады (көру алаңында 3-4 дейін).

Лейкоциттердің санының жоғарылауы ұрық шығару жолдарының инфекциялы- қабыну процестерін көріністеді.

Амилоидты денелер
Аталық бездегі спецификалық ақуызды гранулалар.
Қалыптыда: болады.
Аталық безінің қызметінің белсендігі төмендеген кезде амилоидты денелер болмауы мүмкін. Бұл симптом созылмалы простатитте анықталады. Ұрықтану процесіне амилоидты денелер тікелей әсер етпейді.

Лецитинді дәндер
Лецитинді дәндер аталық безінде синтезделеді.
Қалыптыда: болады.
Созылмалы простатит ауруынан аталық безінің қызметтік белсендігінің төмендеуінен лецитинді дәндер болмайды. Ұрықтану процесіне лецитинді дәндер әсер етпейді.

Шырыш
Қалыпты жағдайда: аз мөлшерде болады немесе болмайды.
Шырыштың жоғырылауы жыныс ағзаларында қабыну процесі кезінде айқын көрінеді.

Ұқсас мақалалар

Бедеуліктің себебін анықтау үшін қажетті тексерулер

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас (сұрақ-жауап)

Қызықты мақалалар

Қынап

Қынап (орыс.: влагалище; лат.: vagina) — әйелдің ішкі жыныстық мүшелерінің бірі, түтік тәрізді болып келеді, қыздық …

Әйелдің ішкі жыныстық мүшелері

Әйелдің ішкі жыныс мүшелері — әйелдің репродуктивті жүйесіне кіретін ішкі мүшелердің жиынтық атауы. Бұл топқа негізінен …

7 комментариев

  1. Айганым

    балана сайтынан материалдар жүктей алмай отырмын. Қалай жүктесем болады?

    • "Ана мен бала" сайты

      Саламатсызба! Материалдар оқу үшін. Көшіріп алып, газет-журналдарда жариялауға болмайды.

  2. тайыр күлпаш

    ГСГ дан өткен соң қанша уақыттан кейін жыныстық қатынасқа түсуге болады

  3. Урык процентин котеру ушин не истеу керек

  4. Сагдугаш

    Менин жолдасымнын спермасы ирип кеткен оган не истеуге болады

  5. Сундет

    Меним спермамнын проценты томен сол калай кушитсек болды проценты 38 паизы меним и простатитти меним 15 болып калган

  6. Дархан

    Менін жыныс мушемнен сперматозойт ағып болғанда ж мушемнін ұшы шаншып ауырады кейін дəрет сындырған сон кетеді не себеп

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика