Басты бет / Энциклопедия / Ауру түрлері / Аутизм – психикалық ауытқу

Аутизм – психикалық ауытқу

Аутизм, балалардағы Аутизм, Аутизм фото, Аутизм суреті
фото: medsputnik.ru

Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады.

Аутизмнің пайда болуына не әсер етеді? Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы » да себеп болады. Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор.

Аутизмның белгілері. Белгілері баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екенігін көрсетеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың тек бір бөлігімен ғана (мәселен тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен.

Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады.

Аутизмді анықтап, диагноз қою. Балада аутизм белгілері бар екеннін анықтауда дәрігерлердің өзіндік нормативтері бар. Негізінен белгілердің үш тобы бар:

  • Әлеуметтік арақатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе – көз байланыстан қашқақтайды. Өзге адамдардың сезімдерін, мәселен, ауыру және көңілсіздікті түсінуі қиын.
  • Ауызша және ауызша емес байланыс. Мысалы, бала мүлдем сөйлемейді немесе тек бірнеше сөздерді тоқтаусыз қайталайды.
  • Шеклеулі қызығушылықтар. Мысалы, бала ойыншықпен тұтастай ойнамай, тек оның бір мүшесімен (қолы, аяғы, басы) ғана ойнайды. Ал жасөспірімдер тек бір сабаққа немесе жалғыз тақырыпқа ғана құмарта қызығуы мүмкін, мәселен, математика немесе сандық белгілер.

Сонымен қатар, ауытқулардың себебін анықтау мақсатында баланың есту қабілеті мен басқа да қабілеттері тексеріледі.

Дельфинотерапия, Аутизм Дельфинотерапия, Дельфин терапиясыАутизм қалай емделеді? Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай кезінде бастаса, нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың әрқайсысының белгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адмның мінезі мен жүріс-тұрысына қарай терапия қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай бала айналасымен арласып, байланысқа түседі.

Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Бұл гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-күйін жақсартады.

Аутизмның түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесі типтері белгілі:

  • Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы (Каннер аутизмі) – балаларда кездесетін аутизмнің классикалық түрі;
  • Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия;
  • Ретта синдромы;
  • А типті аутизм – шезофрениядан кейін пайда болатын немесе процессуалды аутизм.

Каннер аутизмі. Бұл балаларда жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аутизмның ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы: баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнатады, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталайды. Қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Туған туыстарымен сөйлеспейді тіпті мүлдем байланысқа түспейді. Аутизмнің белгілері үш жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады.

Аспенгер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда, аутизмның жеңілдеу түрі. Белгілері каннер синдромына ұқсас, алайда, балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік меңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын. Болашақта бір саланың шебері болуы әбден мүмкін.

Ретта синдромы. Аутизмның ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айрыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. Аутизмның бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.

Процессуалды аутизм. Аутизмның бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі қабілітін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромының белгілірі байқалады.

Ұқсас мақалалар

Гиперактивті балалар

Балам жиі ауырады. Неге?

Балалар арасындағы тершеңдік

Гипертермия

Қызықты мақалалар

Кеш токсикоз (соңғы токсикоз)

Кеш немесе соңғы токсикоз — жүктіліктің екінші жартысындындағы қауіпті асқынулардың бірі. Көп жағдайларда кеш токсикозды жүктіліктің бірінші жартысындағы …

4 комментария

  1. Майра Бабаева

    псевдоаутизм туралы қазақша мәліметтер беріңізші,өтініш

  2. Саламатсыз ба? Менің бадам 6 жаста əлі дұрыс сөйлей алмайды.Өте тынымсыз және ашуланшақ.Балалармен қарым қатынасы да ойдағыдай емес.Ойыншықпен көп ойнамайды.Арнайы түзету орталығына барып жүрміз бір жыл болды бірақ нәтижесі айтарлықтай емес.
    Нақты диагнозын анықтауым керек,қай маманға барған жөн,кеңес беріңіздерші!

  3. Менин балам екиден уш ай асты але сойлеиейди балама але накты дигноз койылмады озимнин пайымдауымша аутизимге келеди бул аурумен ауырган балдар емделип жазыладыма ертерек жаным куйзелип битти айтыныздаршы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика