Басты бет / Сұрақ-жауап / Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде?

Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз әйел жатырының толық дамымай қалуы. Оның негізгі себебі — жыныстық жетілу кезеңіндегі гормондық бұзылыстар мен жүйке жүйесіндегі бұзылыстар мен стрестік жағдайлар. Кейде жатыр аймағымен байланысы жоқ инфекциялық аурулардың салдарынан да жатырдың жетілмей қалуы мүмкін. 11-15 жас аралығындағы қыз балалардың сапалы азықпен тамақтануы жатырдың жетілмей қалуының алдын алады.

Жатыр гипоплазиясының салдары қандай?

Кішкентай жатырдың кесірі жүкті болуға тиіп жатады. Сонымен қатар, еріксіз түсік тастауға, жатырдан тыс жүктілікке де себеп бола алады. Бірақ бұл «Бедеулік — жатыры кішкентай әйелдердің барлығына тән жағдай» дегенді білдірмейді.

Жүктілік барысында ұрықтың үлкеюімен бірге өлшемі кіші жатырдың да үлкеюі мүмкін.

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

Әрине, мүмкін. Ол жатыр гипоплазиясының себебі мен емделудің нәтижесіне байланысты. Күрделі деңгейдегі кішкентай жатырды емдеу ұзақ уақытқа созылады.

Жатыр гипоплазиясын емдеудің қандай әдістері бар?

Жатырдың өлшемін үлкейту (қалыпты өлшемге дейін үлкейту) гормондық терапия, гинекологиялық массаж, дұрыс тамақтану, физиологиялық емдеу, емдік дене шынықтыру арқылы іске асады. Қай әдістің тиім екендігін дәрігерлер шешеді.

Ұқсас мақалалар

Жетілмей қалған жүктілік

Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

Темекі жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы …

5 комментариев

  1. Сәлеметсіздер ме, дәрігер апайлар мен ағайлар! Менің жасым 32-де, 2010 жылы ЭМА жасалды сіздердің орталықтарыңызда, денсаулығым шүкір жаман емес, бірақ ЭМА-дан соң кейін бала көтеру мүмкін бе? Емхана дәрігеріне көріну үшін қаптаған кезек, өз ісіне маман дәрігердің көмегіне жүгінсем деймін, қандай көмек көрсете аласыздар? Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

  2. Аноним

    Salemetsizderme magan darigerler jatirin kiwkene dep aiti biraz dari darmek jazdi.Ar dariger baskawa aitadi birak men sizderden otinem magan ol uwin tagida ne isteuim kerek?Mikti Ginikolog barma men jasim 18de katti kinalip jurmin komektesinizderwi.

  3. Салеметсиздерме меним сурагым бар еди котергениме 5апта болды коныр тусти выйделение сиякты бирнарсе жугып жатыр тусирип алмаймынба нестеу керек ондай жагдайда айтыныздаршы.

  4. Салеметсиздер меним жптырымнан кан кетип жур даригерге барсам ишинен кетип тур дид сосын кистан бар маткын кишкентай кызарып тур дид оны емдемесеи ештеме етпейма бала тугасын кетип кплама

  5. Гульмира

    Саламатсыздарма! Менин сурайын дегеним жакында внематочный болып операция жасап бир трубкамды алып тастады жарылып кеткен деп. Содан кейин УЗИге тускенимде Эндометриоз Деп диагноз койды котерсен кетеди деген канша уакыттан кейин котерсем болады? Бир трубкамен котереминба? Жауабынызга алдын ала Рахмет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика