Басты бетке Энциклопедия Ауру түрлері Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы

1146
91
Бөлісу

Жатыр мойны эрозиясы, Жатыр мойны эрозиясы, Жатыр мойны эрозиясы суреті, эрозия шейки маткиЖатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады.

Жатыр мойны дегеніміз қынап пен жатырды жалғап тұратын, қоймалжың сұйықтыққа толы, цилиндрлік пішіндегі қуыс.

Жатыр мойны эрозиясының екі түрі бар: шынайы (эндоцервикоз) және жалпы эрозиялар (эктопия, псевдоэрозия).
Шынайы этозия сирек кездеседі, ол жатыр немесе қынапта вирусты немесе бактериалы инфекцияның пайда болуынан, механикалық немесе химиялық бұзылыстардан (зақымдалудан) туындайды. Тексеру кезінде ол жатырдың сыртқы бетінде қызарып, жара секілді болып көрінеді.

Жалпы эрозия — қынап ішінде секреторлы эпителийдің жайылуы салдарынан пайда болатын, эрозияның жиі кездесетін түрі. Бұл, әдетте, жыныстық жетілу кезіндегі гормоналды бұзылыстардың салдарынан дамиды. Секреторлы эпителий қынаптың қышқылдық ортасына төзе алмайды, яғни ондай ортаға бейімделмеген. Сол себепті ол өздігінен жазылуға тырысады да, тегіс қорғаушы эпителийге айналады. Бұл процесс кезінде қиындықтар туындап, ісіктер пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұндайісіктер қатерсіз ісіктер болып табылады.

Жатыр мойны эрозиясының пайда болу себептері

Эрозия туа біткен болуы мүмкін (псевдоэрозия немесе эктопия) және жүре пайда болған (жарақат алу немесе инфекция салдарынан) болуы мүмкін. Әдетте, жатыр мойны эрозиясы жасанды түсік жасатқан, гормоналды бұзылыстары бар, жыныстық инфекциялары бар және қынап дисбактериозы бар әйелдерде жиі кездеседі.

Жатыр мойны эрозиясының пайда болуының себептері:

  • Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар: урогенитальды хламидиоз, трихомониаз, микроплазмоз және уреаплазмоз, гонорея, папиллома вирусты инфекциясы, екінші типті герпес вирусы немесе генитальды герпес.
  • Әйелдердің жыныс мүшелерінің басқа да қабынушы аурулары.
  • Қынаптың қабынбалы аурулары ( вагиниттер, кольпиттер, бактериалды вагиноз, молочница).
  • Жатыр монының шырышты қабықшасының механикалық зақымдалуы ( бала босану, жасанды түсік тастау, дөрекі жыныстық қатынас).

Эрозияның дамуына келесі факторлар әсер етеді:

  • Гормоналды бұзылыстар;
  • Етеккір циклының бұзылуы;
  • Жыныстық өмірді ерте бастау және серігін жиі ауыстыру;
  • Иммунитеттің төмендеп кетуі.

Жатыр мойны эрозиясы белгілері (симптомдары)

Жатыр мойны эрозиясының ешқандай клинникалық белгілері болмайды: ауруды тек гинеколог маманға тексерілу арқылы білуге болады. Алайда, кей жағдайда, эрозия бар екендігін, жыныстық қатынастан соң қынаптан қызғылт немесе қоңыр түсті сұйық бөлінулердің болуы арқылы білуге болады. Сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар сезілуі мүмкін. Қуықтың асты ауырады.

Жатыр мойны эрозиясының диагностикасы

Гинеколог дәрігер жатыр мойнын айнамен тексеру арқылы аурудың бар екенін анықтай алады. Бірақ эрозия оптикалық жабдық – колькоскоп – арқылы тексеріледі. Тексеру кезінде дәрігер сараптама үшін жағынды немесе патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден (биопсия) кішкентай тері үлгісін алады. Бұл тері үлгісі микроскоп арқылы толық тексеріледі. Диагнозды растағанда типтік емес жасушалардың болмауына аса көңіл бөлу керек. Өйткені бұл — онкологиялық процестің белгілірінің бірі.

Жатыр мойны эрозиясын емдеу

Эрозияны дәрі-дәрмек арқылы және дәрі-дәрмектің көмегінсіз (Мысалы: термиялық күйдіру, лазер, сұйық азот және т.б. арқылы) емдеуге болады.

Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектер арқылы емдеу. Дәрі-дәрмек арқылы емделгенде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Олар эрозияның пайда болу себептеріне әсер ету арқылы, зақымдалған жасушаларды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Егер де эрозия қынаптың инфекциялық ауруының (хламидиоз, микоплазмоз) салдарынан пайда болса, алдымен осы ауруларды емдеп болып, кейін эрозияны емдеуге кірісу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Зақымдалған жасушаларды жылдам қалпына келтіру үшін вагиналды шамдар, ерітінділер, жақпа майлар белгіленуі мүмкін. Бұл дәрі-дәрмектер микробтарға қарсы әрекет етіп, жатыр мойнының шырышты қабықшасы жасушаларының жылдам қалыпқа келуіне септігін тигізеді.

Жатыр мойны эрозиясының бетіне жағылатын дәрі-дәрмектер зақымдалған жасушаларды сау жасушаларға алмастыру арқылы әсер етеді. Бұны химиялық коагуляция деп атайды. Алайда тек дәрігер ғана алынған сараптама көрсеткіштері бойынша дұрыс ем қабылдау жолы мен керекті дәрі-дәрмектерді белгілей алады.

Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектердің көмегінсіз емдеу. Бұл тәсіл жатыр мойнының шырышты қабықшысына төмендегі әрекеттер арқылы әсер етумен түсіндіріледі:

  • сұйық азот (криодеструкция);
  • лазерлі лоагуляция (лазермен күйдіру);
  • электр тогы ( күйдіру);
  • диатермокоагуляция (термиялық күйдіру);
  • жатыр мойны эрозиясын радио толқынмен емдеу.

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

91 Пікірлер

  1. менде жатыр мойны эрозиясы бар.емделдим.бирак алиде белгилери байкалады.бала котеруге каншалыкты зияны бар.котерип кеткен жагдайда балага еш зияны тимейме?жукти болып журип,емделуге болама?пикир айтындаршы?

  2. Менде жатыр мойнынын эрозиясы бар али емделген жокпин соны куидирусиз калаи емдеуге болады

  3. Менин аягым ауыр екен,мен бугин билдим.менин сол жагым ауырады.трубкам ба не екенин билмедим.катты ауырады.жуктилик кезинде ауырудын зиян жерлери жокпа

  4. менде жатыр мойын эрозиясы бар халык емимен емделдим бирак комектеспеди.енди кандай кынапка еншизетин,жаксы комектесетин свеча колданган дурыс.Немесе куйдирген дурыс па?

    • Сіздің күйдіру жолымен емделетінізді не таблеткамен емделетінізді сіз емес дәрігер шешеді сіздің анализ нәтижесіне қарап сондықтан дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс егер болашақта балалы болғыңыз келсе

  5. эрозияны куйдирип тастасан 2рет бала котере алмаисын деп естидим бир келиншектен оган врачтар аитканба сондаи. жана жыныстык катынастан кеин кызгылт немесе коныр тус деп аитады кызыл тус типа кан сияктты болама менде сондаи сонда менде эрозия болып турганыма

  6. кыздар бириншиден жуктилик кезде ерозияны емдемейди,Босанган сон емдейди,Екиншиден Цивилин деген дари бар,11 мын турады,Пальмовое масло+цивилин=тампон жасайсындар,жаксы комектеседи

  7. менде эрозия болды оны күйдіріп емдеді,енді бала көтерейн десем қорқып жүрм. келіншектерден естіп едім эрозияны күйдірсе босанганда жатыр мойны ашылуы қиын болады дейді сол распа? жауап күтем

  8. Менде жатыр мойны эрозиясы бар екен. Жақында білдім. Бала көтере алмай жүргенімнің себебі содан емес пе? Эрозияны қандай дəрі-дəрмекпен немесе свечамен емдеуге болады?

  9. Салеметсиздерме. Менде котермей турып эрозия болган котерип бала тусан кетеди деген врач. Енди котергениме 4 ай болды инф.бар хламидиоз деген диагноз койды. Хламидиоз ауруы тек кана жыныстык катынас аркылы жугама? Алде эрозиядан пайда болуы мумкин бе? Куйеуим баска биреумен болып жуктырды ма деген жаман ой мени мазалап жур. Жауап кутемин. Рахмет

    • Саламатсызба. Иә, Хламидиоз жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар қатарына жатады. Оның басқа жағдай жұғу ықтималдылығы өте төмен. Себебі Хламидия бактериялары адамның денесінде ғана өмір сүріп, тарала алады.

  10. Сәлеметсізбе, менің аяғым ауыр(2-3 апталық), генеколог эрозия бар екенін анықтады, емделуге болама, балама әсер етеме, қандай әсері бар, кеңестеріңізді бересізбе?

  11. мен маткадағы эрозияны күйдірттім, врачым тек қою марганцоппен ғана обработкы жасады, күйдіргеннен бері астымнан су көп кеп жатыр, бұл неден болады?

  12. Саламатсызба менде эрозия болды куйдирди бирак мен тумаганмын енди бала котеремба 4 ай болды еш натиже жок жауап кутем рахмет

  13. саламатсвздар ма менің сұрайын дегенім:менде спиральдан кейін 3ай кан тамшылап жүрді. кейін дəрігер хроническйй эндометрид деді . емделдім тағы кел деп еді. акшам болмай бара алмадым . бұл калай сонда көмектесіңіздерш не ауру узи солай дед. гинеколог эрозичның аскынуы дейд

    • Саламатсызба!
      Эндометрит жатырдың шырышты қабатына микробтардың кіруінен пайда болатын әйелдерге тән ауру. Спираль ол ауруға себеп бола алмайды. БІрақ аурудың асқынуына себеп бола алады.

      Эндометрит ауруы жыныстық мүшелердегі гигиенаның сақталмауынан, иммунитеттің төмендеуінен, аборттан, жатырға бөгде заттардың енуінен немесе төсек қатынасында бөгде еркектермен болу себебінен пайда болуы мүмкін.

  14. Сәлеметсіздер ме? Меніің сізге қояр сұрағым бар еді, өтінемін жауапсыз қалдырмаңыздаршы. Мен бір баланың анасымын. барамның толық жасы 5жас. Ешқандай операциясыз өзім басандым. Баламның дені сау, өте жақсы. Енді екінші рет бала көтере алмай жүрмін. Дәрігер екінші бала көтермеу (вторичный бесплодия) деген шамамен диагноз қойды. Сұрағым екінші рет жүкті бола алмау не сепепті болады? Оған Эрозияның әсері болады ма? Мен енді осы диагнозбен мүлдем бала көтермей қаруым мүмкін бе?

  15. Мен бугин врачкп каралдым , эрозия улкен бир бала тап содан сон кесемиз деди. ол калай

  16. саламатсыздарма! менин кояр сурагым куык томен тартып аурады, неден болуы мумкин? сурагымды жауапсыз калдырмасаныздар деймин, рахмет!

  17. Сәлеметсіздер ме?
    1 қыздың анасымын 4 жаста.Менде де жатыр мойны эрозиясы бар деді. Биопси алды нәтижесі жақсы деп, келесі етеккірге дейін 7 күн бетадин свечи сал сосын кеткесін ДЭК ке кел деді. ДЭК дегеніміз не? Али свечи салган жокпын. Казир бала көтере алам ба? Көтермеу себебі не де? Асыға жауап күтем!

  18. саламатсыз
    менің қанымдағы хламидия бактерияларының саны 4200ге жеткен, ем қабылдасамда сол мөлшерде. даргер жазылмайды дейді, сіз қалай ойлайсыз? бала көтерсем қанша пайыз сау бала дүниеге акелем? алде балалы болудан үміттенбейінбе? рахмет! жауап күткм!

  19. Салеметсизбе.менде эрозия болды куйдирдим.казир аягым ауыр.4айлык.кыздар коркпандар.бала котересндер.

  20. Саламатсыздар ма? АНА мен БАЛА сайтына қояр сұрағым бар еді. көптен бері мені бір ой мазалап жүр. Мен 2 баланың анасымын. Екиншимди босанып болған сон маған жатыр мойнының эрозиясы деген диагноз қойып эрозиян үлкейіп кеткен яғни күйдіруден кеткен кесеміз деп кесті. Оны апарып онкологиялық аурухананың лабароториясына тексертип жақсы деген нәтиже алдық. содан соң спираль салдырдым. Қазир балам 5 тен асты. Спиральды алып тастағанына 1 жылдан асты. мен неге көтермей жүрмин деп өзимди қоярға жер таппай жүрмін. эрозияны кескенде жатырға зақым келмеді ма деп ойлап жүрмін. айтыңыздаршы оның бала көтертпеуге асери бар ма?

  21. Менде Уреаплазма(Ureaplasma sptcies) деген инфекция болды. Емделдім. Бірақ қайта анализ тапсырғанда, тағы да шықты. Енді оған қарамай бала көтере берсем бола ма екен?

  22. Саламатсыздарма?!Менің сұрағым бар еді.1ші жүкті кезімде. Менде Уреоплазма деген Инфекция бар екені анықталды.емделдім, бірақ 27 аптада давлением көтеріліп кішкентайым шетінеп қалды.операция болдым.Ал қазір 2ші жүктімін.тағыда солай кайталана ма деп қорқамын. Инфекцияның балаға қандай зияны бар ол кеміс болып туылуы мүмкін бе?

  23. Сәлеметсіздер ме! Мен 2010 жылы 1 баламды босандым, босанган соң эрозия болып емдеттім күйдіру тәсілімен. 2 рет спираль салғызып түсіп қалды, 3 рет салғыздым биыл үшінші жыл болды. Сол енді 2 баланы жомпарламақ ойым бар. Менің сіздерге сұрағым: эрозияны күйдіріп емдетсе бала көтермей қала ма? 1 баладан кейін спираль салғызса бала көтермей қалады деген рас па? Спиральды алғызарда қатты ауырама?

  24. Салеметсиздерме ?турмыс курганыма 1 эыл 2 ай болды.Мойын жатыр эрозиясы деген мендеде бар екен. ЦИН ГУН тампоны жайлы естидиниздерме?осы тампонды пайдаланайн деп едим.Зияны жокпа екенказир пайдалануға коркасын.Сурағыма жауап бериниздерши отиниш

  25. Саламатсыздар улкен болып кеткен эрозияны куйдирсе жазылып кетеди ма? Отиниш жауап жазыныздаршы.

  26. мен биринши баламды котерген кезде эрозия барын билдим.босанганнан кейн куйдирип емдеттим.екиншимди котердим жуктилик жаксы отти бирак срогым жетип роддомга барганымда жатыр мойнынын дурыс еместигин айтып кесар тилигимен босандырды.одан кейн 1жыл10айдан кейн котердим енди срогым жакын озим босана аламын ба.алде кауипти ме.

  27. Сәлеметсізбе. Овуляция циклында ауру не себепті болады. Кей кезде он жақта кейде сол жактан ауру болады.2.3 кун овуляцияда. Сол жақта қатты аурады. Етеккірімде аз келеді. 3 кун аз мөлшерде. Өтінемін жауап жазыңызшы.

  28. Саламатсыз ба?Менин жасым 40та али балам жок сол жак трубкада киста мен миома бар дейди менин балалы болуга мумкиндигим бар ма

  29. Саламатсызба. Жыныстык катынас кезинде кынаптан оте коп суйыктык болинеди неге.куйеуиме унамайды.улкейп кеткендей сезинем

  30. салеметсиздерме менде еки жыл болды эрозия бар биринши баламды босанганнан кейн пайда болды врач айтты эрозия деп екнши баланы босаган сон кетеди деди бирак кеткен жок екншимди босандым керсинше аскынып кеткен сиякты казир керсинше улгайып кеткен сиякы ишим токтамай отеди баламды емизем оган зияны жокпа менин киндгим тесип аурады ауыр котерсем ишиммен белим ауырып маза бермейди эрозиям аскынып кеткенба сонда

  31. Мен жакында жукти болдым ягни 3 апталык екен. Маган узиге тускенимде эрозия деди. Оны жукти кезинде калай емдейди. Срогыда кишкентай. Емдеуге болама

    • салеметсіздерме?алматыда қай ауруханада эрозияны жақсы емдейді ?қаралайын деген едім.қандай жақсы гиникологты танисыздар.көмектесіңіздерші өтінем ,номері немесе мекен жайын айтып беріңіздерші.

  32. Мен турмыска шыкпагам бирак менде киста бар екен маткада енди оны емдетсем бала болама менде

  33. салеметсізбе ана мен бала сайты. мен эрозиямды куйдирген едим, аяғым ауыр екенин куйдирген соң билдим, босанғанда балама зияны жок па. жауап кутем

  34. етеккірім 02.10.2015 ж. гинеколог 22 октябрь кел эрозияңды куйдиру керек деди, куйдирдим, ноябрьдин 2 етеккирим келмеди, тест положитель корсетти. эрозияны куйдирмей турып көтергенмінго сонда, жауап жазыңыздаршы, кейн босанганда балама зияны жокпа

  35. Салеметсиздерме? Мен турмыска шыкканмын менде эрозия бар деди врачтар кымбат дарилер мен уколдар кабылдадым натиже болмады. Бала котерме деди котерип койсан балан оспей калады деди? Бул каншалыкты рас? Эрозия кезинде жалпы бала котеруге болама онын балага зияны болмайма?

  36. Эрозияны куйдиртпесе ракга айналып кетеди дейди сол распа?лазермен куйдирсе кайта кайталанады дейди сол распа жауа кутем

  37. Аягы ауыр кезде эрозияны куйдиртпейди дейди босанган сонда 6 айга дейн жатыр мойыны кызарып турады дейди сол распа гинеколог караганда айткан

  38. эрозиясы бар айел котере алады,мен 2 шимди котерип босанып алдым .ешкандай балама зияны тиген жок.

  39. Салеметсихбе.мендеде эрозия шейки матки деп берди.емдете алмадым.1 баламды котергннде эрозия барын билдим.согда врач улкен деп айткан.одан кейн улымды босандым.енди врачка барсам эрозиян кищкентай дейди.ондай болама.али кунне дейн бала еимзем.бала емизгенде эрозия киширейема.куйдирмей даримен кетируге болады дейди.сол каншадыкты рас

  40. Екі қызымды босанғаннан кейін эрозия күйдіргенмін. Үшінші баламды босанғанда өте қатты қиналдым. Сол үшін барлық баланы босанып болған соң күйдіру керек екен.

  41. Каншама сурак жауап жок!? НЕГЕ……… Эрозиямен бала котеруге болады жане бала туган сон ози кетип калады.Бирак балага зиян болмасын десендер,емделип алып туындар. Куйдируге бол май ды.тек дари~дармекпен емделу кажет.даригердин айтуымен

  42. Суракты мында емес врачка консультацияга барганда кою керек! Менде де эрозия бар, бирак екинши баланы котерип кеттим емделем деп жургенде. Врач гинеколог екиншисин босанганнан кейн бираз уакыттае кейн емди жалгастырасын деди. Оган ешкандай свечи таблеткалар комектеспейди, тек лазермен жане баска да азотпен куйдиру сиякты адистермен емдеуге болады деди. Бул акпарат биреуге пайдалы болады деп ойлаймын.

  43. Салеметсиздерме! Мен 2жыл болды турмыс курганыма сабили болмадык гениколог даригерге коринсем эрозия бар дейди ведилениям истенип келеди мен сол себептен бала котере алмай журген жокпынба?

  44. Уреаплазма жатырда балага калай асер етеди су лайлануга асер етема,? Бала денсаулыгына ше,?

  45. Салеметсизбе! Менин аягым ауыр, алгашкы жуктилик30-32 апта, сонгы кездери куйеуиммен жыныстык катынаска тускен сон миндетти турде ауырып орнымнан тура алмай калам , осы жагдай неден? Алде барлык жукти айелдер осылай ауырама? Бунын балага зияны жокпа? Врачка коинсем калыпты жагдай деп катынаска тускенде абайлап болуымды айтты, бирак ар кез сактыкпен мукият боламыз, сонын озинде мен ауырганда орнымнан тура алмай 1 кун бойы жатып калам. сиздердерден осы жайлы кенес сураймын.рахмет

  46. салем қыздар жатыр мойны эрозиясы менде де бар екы жыл алдын қызарып тұр деген дал қазір сол улкейіп жара болған енді дәрі дәрмектермен емделген дұрыспа жоқ күйдірген дұрыспа дәрігерден ем алып жүрмін

  47. Салеметсиздер ме. Менде де дал жогарыда жазган Фатима деген келиншектегидейжагдай болып тур. Бала котере алмай журмин. Эрозиямды куйдирдим. Бирак гинеколог маган бала котеруге еш зияны жок деди. Каншалыкты рас?

  48. Сәлеметсіздерме? Ана мен бала сайтына сұрағым бар. Менің екі кішкентайым бар. Эрозия шейка матки деді. Үлкендеу деп айтты дәрігер. Дәрімен емдеуге болама? Рахмет жауап жазыңызшы

  49. Мен 2ай бурын эрозияны куидыртым енды казыр жуктымын 4ай болды болды алла буртса босанум кин болмайма катты коркып журмын алдын босандым 2рет отыныш жауап берынызшы

  50. Менде Эрозия бары аныкталды жатыр сыртында орналаскан балама босангалы 3 ай болды кауиптиме?

  51. Казир менде жуктиликтин 41 аптасы мен казир тумау болыб калдим ол балага асер еиема? Осы сурак мени катты мазалаб жатир отиниш комектесиниздер

  52. Саламатсыздарма менде эрозия бар.Жолдасыммен косылган кезде неге тәнним исинип кетеди

  53. Мен эрозия екенимди жакында билдим зар шыгарсам ашыйды цистит болыпта ауырамфн бала котере алуым мумкинбе турмыска шыканыма 3ай болды кенес бериниздерши???

  54. Салеметсізбе менде эрозия бар, жақында врачка қаралдым, күйдірдім және ішетін дәрі-дәрмектер, свечи және укол берді, емделіп болған соң 2 аптадан кейін кел деді, жалпы эрозияны күйдірген зиянба? дәрімен емдеген дұрыспа? күйдірген дұрыспа? мен бала тумағанмын.

  55. Сәлеметсіздерме. .. менде эрози бар где то 2 жфлдан кетти бар дегенине али емделмедим . Енди коркып журмин аскфнфп кеттима деп.. ол калаи тез кушеип кетема буо ауру сонда. ?

  56. Сәлеметсіз бе.? Менде осыдан еки жыл бурын улымды босанган сон каралганымда эрозия бар деген болатын. Бирак одан кеин емделем деп жургенде екиншисин котерип калп оны босануга тура келди. Жуктилик кезинде емделуге болмаиды балага зиян деди . Казир балам 9аи болд.дени сау бала босандым. Енди осы уакыт ишинде меним эрозиям аскынып кеткен жокпекен .? Онын осы уакыт аралығында кауыпты аскынып кету кауипи барма ?мумкин болса жауап кутем……

  57. Саламатсыздарма Ана мен бала сайты.2 баланың анасымын. екіншімді туғаннан кеqін спирал салдырып содан эрозия пайда болды. бір рет күйдірткенмін лазермен биыл көрінсем тағыда эрозиян 50 теңге көлемінде дейді . тағыда күйдірт дейді. өтініш сұрағыма жауап беріңіздерші… күйдіртсем туа алмай қалмаймын ба

  58. Сәлеметсіздерме. Эрозия га ипар компаниясынын кун чечак пен роз масло деген дарилери жаксы кетиреди деп естидим.

  59. Салеметсиздерме. Менде эрозия шейки матки басталды дейди. Мен бусинки деген свеча колданса кетеди дегенди естидим. Сол каншалыкты рас. КуйдСалеметсиздерме. Эрозиядан сон 2ши баламды котере аламын ба ??? Эрозиянын каупи кандай? Аса кауиптиме???

  60. Салеметсиздер ме!2баланын анасымын.ажырасканыма 4жыл болды.жыныстык катынаста болмагалы сондай болды.жакында гинекологка ауырп барган едим ески эрозия деди.босанганда внутренний разрыв болган тикпеген срл эрозияга айналган деди.свеча гана берди салып едим кышып болмаган сон салмадым.енди врачка барганга коркам.бурынгы акушерлердин кесиринен эрозия болды ма?енди не истесем болады.народн мед мен емдейин бе билмей отырмын.комектесиниздерши.жауап берин здерши

  61. Салеметсизбе отиниш болса жауап беринизши маган эрозия бар деди и соны куйдирип емдейди деди. Сосын оны канша кун куйдиреди и одан кейн бала котере аламынба?????

  62. Саламатсыздар ма! Жоғарыда айтылған Ипар фирмасының продукциясы көмектесуы мүмкін: жалпы емделуге және бала көтеруге. Өзіме көмектесты. «Кун чечак» ты Розовое масломен майлап салу керек. Және очищающий Хуш мейда, Джаф херидан, Экстракт лука, цинк деген капсулаларын да іштім одновременно. Өте пайдалы, бірақ өте қымбатқа түседы. Содан кейін жыланның уынан жасалған дәрісі бар еді, атын ұмытып қалдым. Өте пайдалы. Мен 2013 жылы пайдаланып, бала көтердім.

  63. Салеметсизбе Ана мен бала!?Сизден сурарым маганда гинеколг енди басталган эрозиян бар емдеу керек деген.свечалар жазып берген салып журм. Менде спералмен жургем екинши баламнан кейн 2 жыл болды. Бала котерсен эрозиян кетип калад дегенди естип ем енди спералди алып емди жалгастыра берсем болама?жауапсыз калдырманызшы отиниш.

  64. Сəлеметсізбе Ана мен бала! Мені бір сұрақ қинайды мен үшрет кесервамен босанғанмын алайда ойланбастан жатырымды жаптырып қойдым .Ал енді балаларым есейіп үлкен болды кішкентайым мектепке барып қалды .Сұрағы мен енді мен құрсақ көтере аламынба қандай жолмен болсада көнередім . Өтініш сұрағымды жауапсыз қалдырмаңыздаршы .Рахмет .

  65. салеметсизбе эрозия деген бала болганнан кейін пайда болама алде тек жыныстык катынаска тускеннен кейінде бола береме

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз