Басты бет / Жаңалықтар / Ауғанстандық әйел бірден 6 нәрестені дүниеге әкелді

Ауғанстандық әйел бірден 6 нәрестені дүниеге әкелді

Бала туу мен жас балалар өмірі үшін әлемдегі ең қауіпті елдердің бірі саналатын Ауғанстанда 22 не 24 жасар Сара Гүл есімді әйел 24 қаңтар күні Мазар -и-Шариф қаласында бірден алты перзентін дүниеге әкелді: үшеуі — ұл бала, үшеуі — қыз бала. Нәрестелердің барлығы да шала туылған, біреуінің салмағы тым аз, 700 гр. Олардың барлығы дәрігерлердің үздіксіз бақылауында.

Бұл жүктілік Сараның алғашқы жүктілігі екен, ерекше түрде жүкті болатындай ешқандай қосымша дәрі-дәрмек қабылдамаған. Әлеуметтік жағдайларының тым нашарлығына байланысты жасанды жолмен түсік тастауға әрекеттенген жас отбасының әрекетінен түк шықпаған. Осы жерде таңғажайып жағдай туралы тарап жатқан ақпараттарда бірыңғайлық жоқ екендігін ескерте кеткен жөн болар. Өйткені бір ақпарат көзі Сара өзінің жатырында бір емес, бақандай алты шарананың жатқанын білмей келгендіген айтса, енді басқа бір ақпарат көзі алты балаға жүкті болғанын білгендіктен, кедейліктің себебінен түсік тастауды мақсат еткен деседі. Сол үшін қабырғандан секіріп, түрлі дәрілер ішіп, жатырдағы шараналарын физикалық және химиялық жолмен зақымдау арқылы түсірмек болған. Бір анығы, сәбилер аман-есен дүниеге келген.

Қызықты мақалалар

Ана миының өсуі

Балалар аналарының миын өсіреді

Американдық ғалымдар өткен жылдың соңында: «Балалар аналарының миын өсіреді» — деп таң қаларлық мәлімдеме жасады. …

2 комментария

  1. бұл АЛЛА ның берген сыйы ғой,дүниеде бір балаға зар болып жүргендер каншама,демек бұл сәбилер жарық дүниені көру үшін жаратылған,денсаулықтары мықты,өмір жастары ұзақ болсын :))))

  2. Бигайша

    салеметсиздер ме?курметти ак халатты даригерлер!менин казир аягым ауыр болганына 33апта бугин калалык (орбиту орталыгына )барыпУДЗ ге тускенимде иштеги баланын буйрегине зар жмналган дейди.сонда туылганда баланын омирне кауып келтирмейме?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика