Басты бет / Таңдаулы мақалалар / Баланың солақайлығы

Баланың солақайлығы

«Солақай!» Бұл жақсы ма, жаман ба? Өзгелерден өзгешелеу баланы байқай қалсақ, неге тосырқай қараймыз? Дегенмен, ел аузында солақай балалардан тума таланттар шығады деген сөз бар. Наполеон, Леонардо да Винчи, Чарли Чаплин, Пабло Пикассо, Альберт Эйнштейн, Жанна Д,Арк, Брюс Уиллис, т.б. тізімді ары қарай соза беруге де болады. Жер шарындағы әр он баланың біреуі солақай болып туылды екен. Соған қарағанда солақай жұққан «жаман әдет» емес, туа бітті қасиет болса керек. Мұның мән-жайын №7 балабақшаның психологы Отарбаева Азиза Қуанқызы түсіндіреді.

Солақайлық деген не?

— Энциклопедиялық мәліметтерге көз салсақ, «солақай — қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты» делінеді. Яғни, бала өздігінен солақай болмайды. Ағзаның түрлі себептерінен осы әдетке бейімделеді.

Солақай бала
Солақай бала. Фото: liveinternet.ru

Солақай болуға мәжбүрлейтін не?

— Солақайлықтың екі себебі бар. Біріншісі, жүре пайда болады: оң қолының істемей қалуы, сал ауруына ұшырауы, т.б. мәжбүрлік себептер. Екіншісі: туа пайда болатын солақай. Бұл көбіне көп тұқым қуалайды. Ғалымдар ата-анасының екеуі де солақай болса, балаларының солақай болу мүмкіндігі- 50 пайыз, не әкесі, не шешесі солақай болса, 16,7 пайыз, ал ата-аналарынан ондай ауықтушылық байқалмаған отбасының балаларында солақай болу қаупі 6,3 пайыз екендігін дәлелдеген. Сондықтан, осы тұқым қуалау жайы жиі айталады.

Адамның миы екіге бөлінеді. Оң және сол. Оң бөлігі заттарды иісінен, түсінен, дәмінен сезу қабілетіне жауап берсе, екінші бөлігі, ойлау, оқу, түсіну, пайымдау секілді қызметтерді атқаруға көмектеседі. Осы кезге дейін жеткен бір түсінік бар: мидың оң бөлігі – сол жақтағы аяқ — қолдың қызметіне, ал сол бөлік – оң жақтағы аяқ — қолдың қызметін басқарады. Солақайларды бұл іс-әрекетін осылай түсіндіретін. Бірақ, соңғы он жылдықтарда мидың барлық бөлігі де аталған қызметтерді атқаруға көмектесетіні дәлелденгендіктен алдыңғы айтылған пікір – теріс пікірлердің қатарына қосылып жүр. Бірақ, барлық ғалымдарды бір арнаға тоғыстырар дәлелдер әлі күнге табылған жоқ. Сондықтан, бір байламға келіп, нақты себебін ашып айту ертерек.

Ерте кезде солақайларды шайтанның жіберген күнәһарлары деп қоғамнан аластатып, оларды барынша қатал жазалап отырды деген деректер бар.

Расында да, солақайлық елдің айрықша назарын аударуға тиіс пе?

— Жоқ, олай емес. Өйткені, мұны ауру деп те, әдет деп те қарауға болмайды. Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Кейбірі – бала дамуының ауытқушылығы десе, енді бірі, интеллектуалдық кенжелеу деп санайды. Қазіргі кезде бәріміздің көзіміз ашық. Бала да қасақана солақай болғысы келмейді. Оның ағзасы солақайлықты талап етеді.

Баланың солақай екендігін қалай байқауға болады?

— 4-4,5 жасқа дейін баланың бойында бұл белгілер біліне бермейлі. Ойын ойнаған кезде қуыршақ, ыдыс-аяқ секілді ойыншықтарды екі қолымен де ұстағандықтан, аңғара қою қиын. Тек қолына қалам алып, сурет салатын деңгейге жеткен кезде ақырын-ақырын бойындағы өзгешелігін сездіре бастайды. Ата-аналар бала ойын ойнап жатқан сәтте бақылап отыруына да болады. Екі қолының қай қолымен ойыншықты ұстайды, қай қолы демеуші рөлін атқарады? Оң не сол қолдың жетекші екендігін байқасаңыз, дәл сол қолмен әрекет етуге бейім екендігі байқалады.

Солақайды тәрбиелеуге ұмтылатын ата-аналар да бар. Олардың бұл іс-әрекетін дұрыс деуге бола ма?

— Күні кешеге дейін солақай баланы оңқайлыққа тәрбиелеуге тырысып-бақтық. Өйткені, барлық нәрсе, оңқайларға лайықталып жасалған. Ата-аналар перзентінің «болашақта қиналғанын қаламағандықтан, осылай істеп жатырмыз» деп ақталатын. Дұрыс та шығар. Бірақ, осы әрекетімен туа бітті ағзасы қалыптасқан биологиялық ритмнен ауытқиды. Ол миға, мидың әсері өзге де мүшелерге әсер етеді. Жүйке жүйелері тез шаршап, ұйқысыздық, мазасыздық, тәбеттің төмендеуі секілді өзге де белгілер пайда болады. Одан кейін, ұстаздары мен ата-анасы тарапынан әрдайым қаламды оң қолмен ұстау керектігі туралы ескертпелер жасалына берген соң, қатарларынан өзін төмен санайды. Өзгелер келемеждеп тұрғандай әсер ала бастайды. Құрбылары секілді болмағанына іштей кемсінетін болады. Бала кезінде санасында қалып қойған кемшілік есейе келе де аңғарыла бастайды. Көпшілік ортада өзін сенімді ұстай алмайды, тіл табысуы қиындайды, тез арада шешім қабылдау қабілеті жоғалады.Тұлға ретінде өзін-өзін жоғалтады. Сондықтан, өздеріңіз де пайымдай беріңіздер, солақайды оңқай етемін деу дұрыс па, бұрыс па?

Психолог ретінде айтыңызшы, солақай балалар мен оңқай балалардың арасында айырмашылық бола ма?

— Айырмашылық бар. Жоғарыда айтып өткендей, оң жақтағы ми сол қол мен сол аяқтың іс-әрекетіне жауап береді. Ал, мидың дәл сол бөлігі жақсы дамыған балалар өзгелдерден бірбеткейлігімен дараланады. Мұндай адамдар өте қабілетті суретші, музыкант, бір сөзбен айтқанда, талантты болады. Кішкентай кезінен бейнелеу өнеріне ерекше қабілетінің бар екендігін танытады. Үлкендердің жиі түртпектеуінен кейбірінде кекештік, не тілінің кеш шығуы байқалады. Өте эмоцияналды, тез ашуланғыш, бірақ, сабасына тез түседі. Жазу, оқуға икемі жоқ болғандықтан, әдебиетші, жазушы адамдар сирек кездеседі. Бірақ, шешімді тез арада қабылдай алатын, көрегендік қасиеттері болғандықтан, ешкім шаңына ілесе алмас саясаткерлер шығады. Оған қоса, тым көпшіл, тіл табысқыш келеді. Сенгіш, сондықтан да, айналадағылардың сатқындығын кешіруі қиын. Ата-аналарының айтқан өтіріктерін де қабылдамайды. Ішіне сақтап, өмір бойы кешірмей кетуі мүмкін. Қырсықтығымен күресе алмайсыздар. Жағдайды шиеленістіріп жібересіздер. Абзалы, ойынмен алдаусыратып, назарын өзге жаққа аударған дұрыс.

Солақай балалар қоғамды жиі кездесе бермейтіндіктен, кей ата-аналар не істерін білмей жатады. Оларға не айтасыз?

— Мұндай ата-аналар мынаны есте сақтау қажет:

  • Эмоцианалдығын ескеріп, шыдамдылық таныту, бас салып, ұрсып-ұруға талпынбау;
  • Отбасында мейірім мен шуаққа бөлеу;
  • Қалам мен қасықты сол қолмен ұстаса, оң қолға ұстатуға тырыспау;
  • Әрбір ұсақ іс-әрекеті үшін мадақтау;
  • Музыкалық дарындылығын байқасаңыз, сурет өнеріне бейімдеуге талпынбаңыз;

Әрбір жіберген қателігі үшін нұқып отырсаңыз, қылилық, тұтықпа дертіне ұшырайды.

Балаңыз солақай ма, оңқай ма, бәрібір болу керек. Үлкеніңіз солақай, кішіңіз оңқай болса, екеуін де бірдей жақсы көріңіз.

фото: shutterstock

Қызықты мақалалар

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма? Жүктілік пен босанудың мерзімін соңғы етеккірдің бірінші келген …

6 комментариев

  1. Улмекен

    Сәлеметсіздерме?! Мен осы тақырыпқа байланысты өз білгеніммен бөліскенді жөн көрдім. Солақайлық неден болады? деген сұраққа егерде сәбидің анасы кеш босанса яғни 30 жастан өте босанса, бала солақай болып туылады, сіз егерде балаңыз өсе келе байқасаңыз балаңызға оң қолмен жазуға ыңғай жасаңыз. Білесіздер жүрек адамның сол жақ бөлігінде болған соң жүрекке күш түседі, ал жүрекке ауыртпалық түсу жақсы нәтиже емес. Бұл психологтардың тұжырымы бойынша, мен өзім болашақ психолог ретінде жазып қалдырдым көмегі тиіп қалар ау деген ниеттемін.

  2. Алмасхан

    Көптеген ата-аналар, керек десеңіз оқытушылардың өзі баланың солақайлығын дұрыс емес деп есептейді. Оң қолымен жаздыру керек дейді.Айтсаң -түсінбейді, түсінбейді емес, түсінгісі келмейді. Шамасы «өзің білме, білгеннің тілін алма» қарғысына ұшыраған-ау!?

  3. Алмасхан

    Бала тәрбиесіне пайдалы қомақты ұсыныс-пікірлер жазуда шаршамаңыздар

  4. нуржиян

    Солақайлар жазу оқуға икемі жоқ дегенмен мен келіспеймін себебі менің балам солақай ол сабаққа ынтасы да үлгерімі де өте жақсы

  5. Кайырлы

    сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар. мен өзімнің пікіріммен сіздермен бөліскім келеді. Менің балам солақай. қазір 2 жаста. оның солақайлығын ойыншық ойнағанда, тамақ ішкенде қасықты сол қолға ұстап ішетінінен байқадым. сұраған нәрсесін ұсынған кезде әрқашан сол қолын созып ұстайды. және тағы бір айтатыным солақайлықты оңқайлыққа үйрету керек емес деп ойлаймын. ол баланың туа біткен бітісі. жәнеде оны теріс тәрбиелеудің қажеті жоқ деп ойлаймын.

  6. кызым 4 айлык енді байкап журміз солақай екенін. сол колмен бесіктегі ілулі турган көз моншақты устацды. сол колын аузына апарады.

Добавить комментарий для Алмасхан Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика